Азаматтардың шағымдарына байланысты ИИДМ мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын күшейтуді жоспарлап отыр – Қайырбек Өскенбаев
 
Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі ҚР Премьер-Мини-стріне тұрғын үй саясатындағы жаңа тәсілдерді іске асыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.
 
Қайырбек Өскенбаев Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ҚР ИИДМ тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша заң жобасын әзірлегенін атап өтті. Негізгі жаңашылдықтардың қатарында — Отбасы банкін Ұлттық даму институтына трансформациялау және аталған институт базасында тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың барлығын орталықтан есепке алуды жүзеге асыра алатын «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығын» құру.
 
Жаңа модель халықты тұрғын үймен қамтамасыз етудің тиімділігін арттыруға және азаматтардың барлық санаттары бойынша тұрғын үйлерді әділ бөлудің бірыңғай тетігін енгізуге мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта заң жобасы Парламент Мәжілісінің қарауында.
 
Бұған дейін ел Президенті ИИДМ-ге қалаларда халықтың өмір сүру жағдайларын жақсарту жөнінде шаралар қабылдауды тапсырған болатын. Нәтижесінде, халықаралық тәжірибені ескере отырып және ғалымдар мен урбанист-сарапшылардың қатысуымен «Қалалардың кешенді құрылысының стандарты» жобасы әзірленіп, бекітілген болатын.
 
«Жоба бекітілді және биыл аталған стандарттарды жайлы қоғамдық кеңістікті қалыптастыру, жаяу жүргіншілер мен велосипед инфрақұрылымын дамытуды ескере отырып, қалалардағы құрылыс жұмыстарын жоспарлау кезінде іс жүзінде қолдануға болады», – деді министр.
 
Қазақстандықтардан келіп түскен шағымдар мен қалаларда орын алған жағдайларға байланысты министрлік елді-мекендердегі құрылыс мәселесінде мемлекеттік бақылауды күшейтуді көздейтін заңнамаға түзетулер әзірледі.
 
«Атап айтқанда, аумақта құрылыс салуды сапасыз жоспарлауды болдырмау мақсатында құрылыстың барлық кезеңдерінде (қазаншұңқыр қазудан бастап абаттандыру жұмыстарына дейін) қала құрылысы сараптамасын және объектілерді жоспарлы бақылауды енгізу, сондай-ақ МСҚБ-ның объектілерді пайдалануға қабылдауға қатысуы және пайдаланылатын материалдар мен орындалған жұмыстардың сапасына зертханалық және техникалық тексеру жүргізу үшін тәуелсіз мемлекеттік зертханалық қызметті құру ұсынылады», – деді Қ.Өскенбаев.
 
Заң жобасы қазіргі уақытта мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен талқылау сатысында.
 
Сондай-ақ, ИИДМ басшысы Әлихан Смайыловты Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша әзірленген жалдамалы тұрғын үйді субсидиялау бағдарламасын іске асыру жөнінде хабардар етті. Бүгінгі таңда бағдарлама әкімшісі – Отбасы банк 25 мыңнан астам өтінім қабылдады. Оның ішінде 6 мыңға жуығы мақұлданды (4986 – көпбалалы отбасылар, 829 – мүгедек балалары бар отбасылар, 523 – І және ІІ топтағы мүмкіндігі шектеулі жандар, 49 – ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар).
 
Сонымен қатар, отырыс барысында Қайырбек Өскенбаев тұрғын үй саясатын жүзеге асырудағы жалпы жағдайды суреттейтін ақпаратпен бөлісті. Оның мәлімдеуінше, 2022 жылы Қазақстанда 15 млн шаршы метрден астам тұрғын үй немесе 138 мың тұрғын үй салу жоспарланған, оның 90 мыңнан астамы – көпқабатты үйлердегі пәтерлер, ал 47 мыңы – жеке тұрғын үйлер. Ағымдағы жылдың 5 айының қорытындысы бойынша тұрғын үйді пайдалануға беру көлемі 103,4%-ға (4,7 млн шаршы метр) орындалды.
 
Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үймен әлеуметтік тұрғыда осал топтардан кезекте тұрған 4 мың адам және жұмыс істейтін жастар арасынан 3 мың адам қамтамасыз етілуі тиіс. Өңірлерде кезекте тұрғандар үшін Отбасы банкі арқылы сатылатын кредиттік тұрғын үйде 10 мыңға жуық пәтер салынуда.
 
«Бұдан басқа, «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша жеңілдетілген қарыздар түріндегі мемлекеттік қолдау шараларымен 5 мыңнан астам кезекте тұрғандар азаматтарды және жеке тұрғын үй қорынан үй-жайды жалға алғаны үшін тұрғын үй төлемдерімен 70 мыңға жуық кезекте тұрғандарды қамтуды жоспарлап отырмыз», – деп қорытындылады министр.
 
ҚР ИИДМ баспасөз қызметі
 
 
Из-за жалоб граждан МИИР планирует усилить государственный архитектурно-строительный контроль – Каирбек Ускенбаев
 
На заседании Правительства министр индустрии и инфраструктурного развития доложил Премьер-министру РК о проводимой работе по реализации новых подходов в жилищной политике.
 
Каирбек Ускенбаев отметил, что в соответствии с поручением Главы государства МИИР РК разработан законопроект по вопросам реформирования жилищной политики. В числе основных новшеств – трансформация Отбасы банка в национальный институт развития и создание на его базе «Центра обеспечения жильем», который мог бы централизованно осуществлять ведение, постановку и учет всех нуждающихся в жилье.
 
Новая модель позволят повысить эффективность обеспечения населения жильем и внедрить единый механизм справедливого распределения жилищ среди всех категорий граждан. В данный момент проект закона находится на рассмотрении в Мажилисе Парламента.
Кроме того, ранее Президент поручал МИИР принять меры по улучшению комфортных условий проживания населения в городах. В результате, с учетом международного опыта и с участием ученых и экспертов-урбанистов, разработан и согласован проект «Стандарта комплексной застройки городов».
 
«Проект утвержден и уже в этом году возможно его практическое применение при планировании застройки городов с учетом формирования привлекательных и комфортных общественных пространств, развития пешеходной и велосипедной инфраструктуры», – сообщил министр.
 
В связи с многочисленными жалобами казахстанцев и нездоровой ситуацией в городах министерством также разработаны поправки в законодательство, предусматривающие усиление государственного контроля в вопросе застройки населенных пунктов.
 
«В частности, в целях исключения некачественного планирования застройки территории предлагается внедрение градостроительной экспертизы и планового контроля объектов на всех этапах строительства (начиная с рытья котлована до благоустроительных работ), а также участие ГАСК в приемке объектов в эксплуатацию и создание независимой государственной лабораторной службы для проведения лабораторного и технического обследования используемых материалов и качества выполненных работ», – рассказал К.Ускенбаев.
 
Ожидаемый обществом законопроект в данный момент находится на стадии обсуждения с заинтересованными госорганами и организациями.
Также, говоря о новых подходах в жилищной политике, глава МИИР проинформировал Алихана Смаилова по реализации программы субсидирования арендного жилья, разработанной по поручению Касым-Жомарта Токаева.
 
Адресная помощь, основанная на солидарной ответственности граждан и государства, оказывается с начала мая т.г. На сегодняшний день администратор программы – Отбасы банк – принял свыше 25 тыс. заявок, из которых одобрил порядка 6 тысяч (4986 – многодетные семьи, 829 - семьи, имеющие детей с инвалидностью, 523 – лица с инвалидностью 1 и 2 группы, 49 - дети-сироты).
 
Кроме того, в ходе заседания Каирбек Ускенбаев озвучил цифры, иллюстрирующие общую ситуацию в реализации жилищной политики. По его информации, в текущем году в Казахстане планируется построить более 15 млн кв. м жилья или 138 тыс. жилищ, из них свыше 90 тыс. – квартиры в многоэтажных домах, а 47 тыс. - жилье индивидуальной постройки. По итогам 5 месяцев т.г. объем ввода жилья в эксплуатацию исполнен на 103,4% (4,7 млн кв.м).
 
Арендным жильем без права выкупа должны обеспечить 4 тыс. очередников из социально-уязвимых категорий и 3 тыс. человек из числа работающей молодежи. Наряду с этим, в регионах для очередников строится почти 10 тыс. квартир кредитного жилья, реализуемого через Отбасы банк.
 
«Кроме этого, планируем охватить мерами государственной поддержки в виде льготных займов по программе «Бақытты отбасы» свыше 5 тыс. очередников и жилищными выплатами за аренду жилья в частном жилищном фонде порядка 70 тыс. очередников», – добавил министр.
 
Пресс-служба МИИР РК