ҚР ИИДМ құрылыс саласындағы рұқсат беру жүйесінің жаңа тәсілін ұсынады
 
«Ашық сағат алаңы» жобасы аясында ҚР ИИДМ Құрылыс істері және ТКШ комитетінде бизнес қауымдастық және жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің қатысуымен онлайн форматта кездесу өтті.
 
Қатысушылар білікті мердігерлік ұйымдардың тізілімін енгізу мәселелерін талқылады.
Лицензиялау және аттестаттау мониторингі және бақылау басқармасының бас сарапшысы Мұрат Нұрманов атап өткендей, құрылыс нарығындағы қазіргі жағдайдан лицензиялау жүйесі құрылыс ұйымдарының біліктілік дәрежесін жеткілікті дәрежеде көрсетпейтінін байқауға болады. Жалпы еліміз бойынша тиісті лицензиялары бар 90 мыңнан астам құрылыс және жобалау компаниялары жұмыс істейді.
 
«Берілген лицензиялардың қолданыстағы тізілімі құрылыс ұйымының білікті персоналмен, материалдық-техникалық базамен және қаржы ресурстарымен қамтылуы мен жұмыс тәжірибесі бойынша мәліметтерді көрсетпейді. Осыған байланысты біз «білікті мердігерлік ұйымдардың тізілімі» ұғымын енгізу арқылы құрылыс саласындағы рұқсат беру жүйесінің жаңа тәсілін ұсынамыз», – деп атап өтті басқарманың бас сарапшысы Мұрат Нұрманов.
 
Бұл тізілімді Е-Құрылыс ақпараттық жүйесі базасында автоматты режимде енгізу жоспарлануда. Бұл өз кезегінде мемлекеттік органдардың интеграцияланған ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтерді көрсетеді және мердігер ұйым туралы техникалық мәліметтердің толық пакетін қамтиды.
 
Ұсынылып отырған бастама құрылыс қызметтері нарығын білікті емес мердігер ұйымдардан босатып, мердігер құрылыс компанияларына белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда тізілімнен шығаруды автоматтандыруға, сол арқылы құрылыс процесінде сапа мәселесіне баса назар аударуға мүмкіндік бермек.
 
ҚР ИИДМ баспасөз қызметі
 
 
МИИР РК предлагает новый подход к разрешительной системе в сфере строительства
 
В рамках проекта «Ашық сағат алаңы» в Комитете по делам строительства и ЖКХ МИИР РК состоялась встреча в онлайн формате с участием представителей бизнес-сообществ, общественности, а также местных исполнительных органов.
 
Участники обсудили вопросы внедрения реестра квалифицированных подрядных организаций.
 
Как отметил главный эксперт управления мониторинга и контроля за лицензированием и аттестацией Мурат Нурманов, текущая ситуация на строительном рынке показала, что система лицензирования недостаточно эффективно отражает степень квалификации строительных организаций, где заказчик или инвестор сталкивается с проблемой выбора потенциального подрядчика. К слову, в стране насчитывается свыше 90 тысяч строительных и проектных компаний, которые имеют соответствующие лицензии.
 
«Действующий реестр выданных лицензий не отражает и не содержит сведения по укомплектованности строительной организации квалифицированным персоналом, материально-технической базой, по опыту работы и о финансовых ресурсах. В этой связи мы предлагаем новый подход к разрешительной системе в сфере строительства путем внедрения понятия «реестр квалифицированных подрядных организаций», – поделился главный эксперт управления Мурат Нурманов
 
Внедрение данного реестра планируется на базе информационной системы Е-Курылыс в автоматическом режиме, который в свою очередь будет отображать сведения из интегрированных информационных систем государственных органов и содержать полный пакет технических сведений о подрядной организации.
 
Предлагаемая инициатива позволит исключить из рынка строительных услуг неквалифицированные подрядные организации, автоматизировать исключение из реестра при несоответствии подрядчика установленным требованиям за строительными компаниями, тем самым повысить контроль качества за строительным процессом.
 
Пресс-служба МИИР РК