Астанада тас өңдеу өнеркәсібі өнімдерінің көрмесі өткізілді

Аталған көрмеге ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Оқу-ағарту министрлігінің, сондай-ақ Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің, Samruk-Kazyna Construction компаниясының, Ұлттық жобалаушылар қауымдастығы мен тас өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының өкілдері қатысып, былтыр атқарылған жұмыс қорытындылары мен алдағы кезеңге арналған жоспарлар талқыланды.

ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитеті Құрылыс индустриясы және ағаш өңдеу өнеркәсібі басқармасының басшысы Мұхамед Андаковтың айтуынша, қазір отандық нарықта тас өнімдерін шығаратын 15-тен астам кәсіпорын жұмыс істеп келеді.

«Тас өнімдерінің өндірушілеріне қолдау көрсету мақсатында былтыр Үкімет «Ұлттық режімнен алып тастауды белгілеу туралы» қаулыны шығарған еді. Осы қаулы тек Қазақстанның аумағында тас өнімдерін шығарумен айналысатын кәсіпорындарға ғана мемлекеттік сатып алу процесіне қатысуға мүмкіндік береді», деді М. Андаков.

Бұл орайда ішкі нарықтағы құрылыс материалдарына деген сұранысты толық қамтып, импорт тәуелділігін төмендету мен бағаның құбылмалығын алдын алу үшін 2026 жылға дейін жалпы құны 1 180 млрд теңгеге 161 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Осы арқылы 15 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтамасыз етуге жол ашылады.

Жоғарыда келтірілген жобаларды табысты іске асыру үшін өңірлік әкімдіктер және даму институттарымен, сондай-ақ Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен мақұлданған 2025 жылға дейінгі құрылыс өнеркәсібіндегі жобаларды іске асыруға арналған Жол картасы әзірленіп, бекітілді.

ҚР ИИДМ баспасөз қызметі

 

В Астане прошла выставка продукции камнеобрабатывающей промышленности

В  работе выставки приняли участие представители МИИР РК, Министерства просвещения, Агентства по защите и развитию конкуренции, АО Samruk-Kazyna Construction, Национальной ассоциации проектировщиков и предприятий камнеообрабатывающей промышленности.

В ходе мероприятия обсуждены итоги развития отрасли за 2022 год и планы на предстоящий период. По словам руководителя управления строительной индустрии и деревообрабатывающей промышленности Комитета индустриального развития МИИР РК Мухамеда Андакова, на отечественном рынке существует более 15 основных предприятий по производству каменной продукции.

«В целях оказания поддержки производителям каменной продукции в прошлом году вышло Постановление Правительства «Об установлении изъятий из национального режима». Данное постановление позволяет при осуществлении государственных закупок участвовать производителям каменной продукции, производимой только на территории Республики Казахстан», - отметил М. Андаков.

В свою очередь для покрытия потребности внутреннего рынка в строительных материалах, снижения импортозависимости и предотвращения колебания цен до 2026 года планируется реализация 161 инвестиционного проекта общей стоимостью 1 180 млрд тенге, в том числе импортозамещающих проектов.

Для успешной реализации данных проектов по согласованию с акиматами регионов, институтами развития и Национальной палатой предпринимателей разработана и утверждена Дорожная карта по детальной реализации проектов строительной индустрии до 2025 года.

Пресс-служба МИИР РК