Қала құрылысы кадастры – аумақтардағы құрылысты басқарудың тың тетігі

Елімізде аумақтардағы құрылыс нысандарына мемлекеттік басқаруды іске асыру халықтың өмір сүру сапасы мен тұрмысын жақсартуға бағытталған маңызды элементтердің бірі саналады.

Бұл ретте Қазақстандағы құрылыс кешені көп салалы екенін айта кетейік. Оның тиімді қызметі құрылыс субъектілерінің мәліметтерді дұрыс пайдалануына байланысты. Озық технологиялардың даму қарқыны республикадағы аумақтарды жоспарлау жөніндегі деректерді цифрлы басқаруға мүмкіндік беріп отыр.

Айталық, мемлекеттік қала құрылысы кадастрының аумақтардағы құрылысты бас-қару бойынша цифрлы тиімділігі көп. Бұл автоматтандырылған жүйеде инженерлік инфра-құрылым нысандары жөнінде, қала құрылысы жобалары, жоспарланған және жұмыс істеп тұрған құрылыс нысандары мен басқа да мәліметтер қамтылған.

Аталған жүйе қолданыстағы, сондай-ақ жоспарланған және жобаланған құрылыс нысандары туралы кеңістіктегі ақпаратты көруге мүмкіндігі қарастырылған геоақпараттық мәліметтер базасын тұрады. Осындай деректердің негізінде жергілікті атқарушы органдарға және әлеуетті инвесторларға қалыптасқан жағдайға сәйкес өз қызметтерін жоспарлап, құрылысқа қажетті мөлшердегі қаражатты жұмсауға жол ашылады.

Осы орайда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры аясында мемлекеттік қызметтерді цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы шеңберінде мемлекеттік қала құрылысы кадастрын толықтыру процестерін цифрландыру жөніндегі нормаларды регламенттеу бөлігінде түзетулер пысықталып жатқанын айта кету керек.

Қала құрылысы кадастрын аталған саладағы қажетті шешімдерді оңтайлы қабылдаудың цифрлы құралы ретінде ескерсек, сәулет және қала құрылысы органдарына, сонымен бірге бизнес пен халыққа ашық әрі шынайы ақпаратқа қол жеткізу жолдары қарастырылмақ. Бұған қоса сәулет және қала құрылысы саласында да қызмет көрсетудің ашықтығы қамтамасыз етіледі.

ҚР ИИДМ баспасөз қызметі

 

Градостроительный кадастр – инструмент управления застройкой территории

Государственное управление застройкой территории является важным элементом градостроительной деятельности в стране.

Строительный комплекс страны является многоотраслевой системой, эффективность функционирования которой во многом определяется достоверностью сведений, используемых субъектами строительства. В свою очередь, стремительный темп развития технологий в Казахстане позволяет внедрять цифровое управление данными планирования территории.

Так, в качестве цифрового инструмента управления застройкой территории выступает государственный градостроительный кадастр. Данная автоматизированная система содержит в себе информацию по объектам инженерной инфраструктуры, градостроительным проектам, запланированным и функционирующим объектам строительства и др.

Система включает в себя геоинформационную базу данных с возможностью визуализации пространственной информации о существующих, планируемых и проектируемых объектах строительства. Располагая такими сведениями, местные исполнительные органы и потенциальные инвесторы могут планировать свою деятельность и вкладывать средства с учетом сложившейся и ожидаемой градостроительной ситуации.

Следует отметить, что в рамках проекта Закона «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам цифровизации государственных услуг в рамках единого государственного кадастра недвижимости» прорабатываются поправки в части регламентирования норм по цифровизации процессов наполнения государственного градостроительного кадастра.

С учетом формирования градостроительного кадастра как цифрового инструмента оптимального принятия управленческих решений органам архитектуры и градостроительства, бизнесу и населению будет возможен доступ к открытой и достоверной информации, а также будет обеспечена прозрачность оказания услуг в сфере архитектуры и градостроительства.

Пресс-служба МИИР РК