ҚР Парламент Сенаты ТКШ мәселелері жөніндегі заңды мақұлдады
23 маусым 2023
Жоғары палатаның отырысында сенаторлар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңды қарап, мақұлдады.
Бұл реформаның негізгі мақсаты еліміздегі тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналды шаруашылық салаларындағы қолданыстағы заңнаманы жетілдіру.
Мәселен, Мәжіліс депутаттары жылу беру маусымына дайындықты үзіліссіз жүргізу үшін, сондай-ақ жылжымайтын мүлікті басқарудың жаңа түрлеріне көшуге байланысты проблемалық мәселелерді ескеріп, пәтер иелерінің кооперативі, қарапайым серіктестік және т.б. басқару формаларының қызметін тоқтату туралы шектеуді алып тастауды ұсынған болатын.
Осы ретте былтыр пәтер иелерінің кооперативтері мен тұтыну кооперативтерінің басқарудың жаңа тетігіне көшу уақыты 2023 жылдың шілде айына дейін ұзартылғанын айта кетейік. Қазір республикадағы тұрғын үйлерді басқарумен айналысатын ұйымдардың 97,3%-ы тың тетікке көшіп үлгерген.
«Заң аясында жүргізілген тәжірибелік мониторинг көрсеткендей, пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың барлық иесі меншігіндегі жылыжымайтын мүлікті басқаруға аса ынтасы жоқ. Бұған қоса осыған байланысты жауапкершілікті де алғысы келмейді», - деді депутаттар.
Өз кезегінде Индустрия және инфра-құрылымдық даму министрлігі аталған бағыттағы жұмысты жалғастыратын болады. Бұл орайда осы жаңашылдық бойынша негізгі қағидаттарды сақтай отырып, кондоминиум нысанын бас-қарудың қазіргі жұмыс істеу тетіктері қайта қаралады. Сондай-ақ көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару бойынша кәсіби нарық субъектілерін тарту тетіктері пысықталмақ.
Халықтың өтінішін ескере отырып, депутаттардың бастамасымен мүлік иелерінің бірлестігімен қатар пәтер иелерінің кооперативтері де өз қызметтерін жалғастыра береді.
ҚР ИИДМ баспасөз қызметі
Сенат Парламента одобрил Закон по вопросам ЖКХ
23 июня 2023
В ходе заседания сенаторы рассмотрели и одобрили Закон «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам жилищно-коммунального хозяйства»
Основной целью Закона является совершенствование действующего законодательства в сферах жилищных отношений и жилищно-коммунального хозяйства.
Так, для исключения сроков срыва по подготовке к отопительному сезону и учитывая проблемные вопросы в реализации реформы по переходу на новые формы управления, депутатами Мажилиса Парламента было предложено снять ограничение срока по прекращению деятельности КСК, ПК и др.
Напомним, что в прошлом году срок действия перехода кооперативов собственников квартир и потребительских кооперативов на новую форму управления был продлен до 1 июля 2023 года. Переход на сегодняшний день обеспечен на 97,3%.
«Как показывает мониторинг правоприменительной практики, не все собственники квартир, нежилых помещений хотят заниматься самостоятельным управлением и брать ответственность за управление своим домом», заявили депутаты.
В свою очередь Министерством индустрии и инфраструктурного развития РК работа по переходу на новые формы управления будет продолжена. При этом, будут переформатированы механизмы работы действующих форм управления объектом кондоминиума с соблюдением основного принципа управления. Также будут проработаны механизмы привлечения профессиональных субъектов рынка по управлению многоквартирными жилыми домами.
К слову, наряду с ОСИ по-прежнему будет функционировать и КСК. Данная норма инициирована депутатами в связи с многочисленными обращениями граждан по сохранению КСК наравне с другими формами управления многоквартирными жилыми домами.
Пресс-служба МИИР РК