Су секторын цифрландыру және жаңа су кодексін әзірлеу: Су ресурстары және ирригация Министрі бұұ даму бағдарламасының қазақстандағы өкілдерімен кездесті

16 қазан 2023

ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы өкілдерімен кездесті. Тараптар су секторын цифрландыру және автоматтандыру мәселелері бойынша ынтымақтастықты және басқа да маңызды мәселелерді талқылады.

БҰҰДБ-ның еліміздегі тұрақты өкілі Катаржина Вавьерниа ұйым Қазақстанның су саласын жаңғырту және су ресурстарын басқару жөніндегі бастамаларын стратегиялық деңгейде қолдауға дайын екенін атап өтті. Атап айтқанда, елімізде су секторы үшін флагмандық IT-өнім жасауға және оны ілгерілетуге көмектесуге ниетті.

Сонымен қатар, БҰҰ Даму бағдарламасы отандық әзірлеушілер мен инженерлерге кеңес беру үшін Түркиядағы аймақтық кеңседен техникалық мамандарды тартуға дайын.

Нұржан Нұржігітов өз кезегінде БҰҰДБ өкілдеріне жаңа Су кодексін әзірлеуге, сондай-ақ Қазақстан мен көрші мемлекеттер арасында су ресурстары бойынша ақпарат алмасуды қамтамасыз ету жөніндегі жобаны іске асыруға қатысуды ұсынды.

Сондай-ақ, министр жоғарыда аталған барлық мәселелер егжей-тегжейлі талқыланатын және пысықталатын іс-шаралар жоспарын жасау жөнінде бастама көтерді.

«Бұл кездесу біздің тығыз және белсенді қарым-қатынасымызға серпін береді деп үміттенемін. Бұл ынтымақтастық су секторындағы проблемаларды шешуге көмектеседі деп сенемін. Қазақстан, атап айтқанда біздің министрлік БҰҰ Даму бағдарламасымен және басқа да халықаралық ұйымдармен бірлесіп жұмыс істеуге әрқашан ашық», – деді ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

ҚР Су ресурстары және ирригация Министрлігінің баспасөз қызметі

 

Цифровизация водного сектора и разработка нового водного кодекса: Министр водных ресурсов и ирригации встретился с представителями программы развития ООН в Казахстане

16 октября 2023

Министр водных ресурсов и ирригации РК Нуржан Нуржигитов встретился с представителями Программы развития ООН в Казахстане. Стороны обсудили сотрудничество в вопросах цифровизации и автоматизации водного сектора и другие важные вопросы.

Постоянный представитель ПРООН в РК Катаржина Вавьерниа отметила, что организация готова на стратегическом уровне поддерживать инициативы Казахстана по модернизации водной отрасли и управлению водными ресурсами. В частности, помочь с созданием и продвижением флагманского IT-продукта для водного сектора страны.

Кроме того, Программа развития ООН готова привлечь технических специалистов из регионального офиса в Турции для консультации отечественных разработчиков и инженеров.

Нуржан Нуржигитов, в свою очередь, предложил представителям ПРООН поучаствовать в разработке нового Водного кодекса, а также в реализации проекта по обеспечению обмена информацией по водным ресурсам между Казахстаном и соседними государствами.

Также министр предложил составить план мероприятий, на которых будут более детально обсуждаться и прорабатываться все вышеназванные вопросы.

«Надеюсь, эта встреча послужит толчком к нашему тесному и активному взаимодействию. Уверен, это сотрудничество поможет в решении имеющихся в водном секторе проблем. Казахстан и, в частности, наше министерство всегда открыты к совместной работе с Программой развития ООН и другими международными организациями.», – заключил министр водных ресурсов и ирригации РК Нуржан Нуржигитов.

Пресс-служба Министерства водных ресурсов и ирригации РК