Астанада XIX халықаралық Kaztraffic-2023 көрмесі басталды

15 қараша 2023

Дәстүрлі іс-шара Қазақстан Республикасы Кө-лік министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Көрмеде Қазақстан, Ресей Федерациясы, Германия, Түркия, АҚШ және Қытайды қоса алғанда, әр түрлі елдерден 100-ден астам қатысушы жол құрылысы, сонымен қатар қауіпсіздік және автомобиль жолдарын цифрландыру саласындағы заманауи ғылыми және техникалық әзірлемелерін көпшілік назарына ұсынады.

Іс-шараның ашылу салтанатында Көлік вице-министрі Сәтжан Аблалиев сөз сөйлеп, аталған көрмені ұйымдастырудың негізгі мақсаттарына тоқталып өтті.

«Автожол желісін дамыту және одан әрі жетілдіру күн тәртібіндегі басым міндет болып табылады. Бүгінгі таңда еліміздің жол шаруашылығы алдында негізгі міндеттер айқындалды. Атап айтқанда, автожолдардың пайдалану жай-күйін қамтамасыз ету және олардың сапасын арттыру, заманауи жол инфрақұрылымын құру, жолдардағы қауіпсіздікті және автомобиль қозғалысын тиімді әрі пәрменді басқару, сондай-ақ оларды жазғы және қысқы күтіп-ұстаудың талап етілетін деңгейін қамтамасыз ету. Бұл міндеттерді шешу үздік әлемдік тәжірибені, ұйымдастырушылық, басқарушылық және техникалық шешімдерді тартуды талап етеді», - деді Көлік министрінің орынбасары.

Ресми бөлімнен кейін ҚР Көлік министрлігі мен PIARC Дүниежүзілік жол қауымдастығы басшылығы экспозицияны аралайды.

Көрме барысында Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институтының ұйымдастыруымен «Инновациялар мен инфрақұрылымның қиылысы: жол саласын дамыту формуласы» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.

Конференцияда автомобиль жолдарының инновациялары, сапасы, қауіпсіздігі және дамуына қатысты өзекті мәселелер қаралатын болады. Конференция жұмысына ҚР ІІМ, PIARC Дүниежүзілік жол қауымдастығы, оқу орындары, Қазақстан, ҚХР, Моңғолия және Беларусь, АҚШ, РФ және басқа да елдердің ғылыми-зерттеу және жол ұйымдарының өкілдері қатысады.

Айта кетерлігі, ҚазжолҒЗИ Көпірлер мен жол инфрақұрылымын басқарудың цифрлық жүйелері, жол материалдарының сапасын бақылау жүйелері сияқты IT-инновацияларды әзірлеуге және енгізуге белсенді қатысып келеді. Сонымен қатар институтқа автожол саласының нормативтік-құқықтық актілерінің «Infozhol» электрондық базасын өзектендіру бойынша жауапкершілік жүктеліп отыр. Базада 1,2 мыңнан астам құжат бар.

Сондай-ақ көрмеге автожолдардың сапасын жақсарту үшін цифрлық технологияларды енгізумен айналысып жатқан Көлік министрлігіне қарасты Жол активтері сапасының ұлттық орталығы және жолдарды салу, реконструкциялау, жөндеу, сонымен бірге жол бойындағы сервис объектілерін дамытуға жауапты «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы қатысып жатыр.

Көрме аясында Жолшылардың Үкіметаралық кеңесі ТМД елдерінің көлік саласындағы интеграциясы тақырыбында 47-ші отырысты өткізеді.

ҚР КМ баспасөз қызметі

 

В Астане открылась XIX Международная выставка «Kaztraffic-2023»

15 ноября 2023

Ежегодное событие организовано при поддержке Министерства транспорта Республики Казахстан.

Более 100 участников из разных стран, включая Казахстан, РФ, Германию, Турцию, США и Китай, продемонстрируют на выставке самые современные научные и технические разработки в области дорожного строительства, обслуживания, безопасности и цифровизации автомобильных дорог.

На официальном открытии мероприятия выступил вице-министр транспорта Казахстана Сатжан Аблалиев. В своем приветственном слове спикер рассказал о целях организации специализированной выставки.

«Развитие и совершенствование автодорожной сети является приоритетной задачей Республики Казахстан Сегодня перед дорожным хозяйством страны определены основные задачи: обеспечение эксплуатационного состояния автодорог и повышение их качества, создание современной дорожной инфраструктуры, обеспечение безопасности на дорогах и эффективного и действенного управления и контроля автомобильным движением, а также требуемого уровня их летнего и зимнего содержания. Решение этих задач требует отдельного рассмотрения, привлечения лучшего мирового опыта, организационных, управленческих и технических решений», сказал замминистра транспорта.

Сразу же после официальной части состоится осмотр экспозиции с участием руководства Министерства транспорта РК и Всемирной дорожной ассоциации PIARC.

Выставка также включает Международную научно-практическую конференцию «Перекрёсток инноваций и инфраструктуры: формула развития дорожной отрасли», организатором которой является АО «КаздорНИИ» - ведущий государственный институт по цифровизации автодорожной отрасли.

На конференции будет рассмотрен широкий спектр вопросов, касающихся инноваций, качества, безопасности и развития автомобильных дорог. В работе конференции примут участие представители МВД РК, Всемирной дорожной Ассоциации PIARC, учебных заведений, научно-исследовательских и дорожных организаций Казахстана, КНР, Монголии и Беларуси, США, РФ и других стран.

КаздорНИИ принимает активное участие в разработке и внедрении таких IT-инноваций, как цифровые системы управления мостами и дорожной инфраструктурой, системы контроля качества дорожных материалов. Кроме того, институту поручена ответственная миссия по актуализации электронной базы нормативно-правовых актов автодорожной отрасли «Infozhol», которая содержит более 1,2 тысячи документов.

Также на выставке будут представлены РГП на ПХВ «Национальный центр качества дорожных активов» МТ РК, который внедряет цифровые технологии для улучшения качества автодорог, и национальный оператор АО «НК «ҚазАвтоЖол», ответственный за строительство, реконструкцию, ремонт и обслуживание дорог международного и республиканского значения, развитие объектов придорожного сервиса и организацию платного движения.

В рамках выставки Межправительственный Совет дорожников проведет 47-е заседание, главной темой которого является интеграция в транспортной сфере СНГ.

Пресс-служба МТ РК