Әрбір ірі қала бойынша жер учаскелерінің функционалдық интерактивті карталарын және коммуналдық желілердің схемаларын жасау туралы

26 наурыз 2024

Соңғы кездері қала құрылысы қызметінде тұрғын үйлер мен объектілерді ретсіз заңсыз салу, сондай-ақ еліміздің ірі елді мекендеріндегі инженерлік желілерге ойластырылмай жүктеме түсіру мәселесі актуалды. Бұл қала құрылысы регламенттерінің сақталмауына және жер учаскелерін беру жүйесінің ашық болмауына байланысты болып тұр. Аумаққа құрылыс салуды сауатты басқару халықтың өмір сүру сапасын арттырады және құрылыс секторын жаңғыртады.

Осыған байланысты ел Президенті әрбір ірі қала бойынша жер учаскелерінің функционалдық интерактивті карталарын және коммуналдық желілердің схемаларын жасауды тапсырды (Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты жыл сайынғы жолдауында айтылған).

Ағымдағы жылғы 9 қазаннан бастап барлық нормативтік регламенттер күшіне енгеннен кейін жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры (ЖМБМК) іске қосылып, жер учаскелерінің функционалдық интерактивті карталары енгізіліп жатыр.

Коммуналдық желілер схемаларының функционалдық интерактивті карталары мемлекеттік қала құрылысы кадастрының ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – МҚҚК ААЖ) арқылы қалыптастырылған. Бас жоспарлар мен егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары (ЕТЖЖ), аэрофототүсірілімдер, орталық және жергілікті атқарушы органдардың инженерлік желілерінің деректері жиналып, МҚҚК ААЖ-ға енгізілді.

Сондай-ақ, Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде (Үкіметтің 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 736 қаулысы) еліміздің ірі қалаларында (Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе және Қарағанды) инженерлік желілердің деректері дәлдікпен нақтыланады және цифрланады, олардың деңгейі орта есеппен 90%-ды құрайды.

Деректерді одан әрі автоматты түрде жаңарту табиғи монополиялар субъектілерінің инженерлік желілердің техникалық сипаттамалары мен бос қуаттылықтарының цифрлық деректерін беруі, барлық деңгейдегі қала құрылысы жобаларына бірыңғай қала құрылысы сараптамасын енгізу, сондай-ақ МҚҚК ААЖ-ға бастапқы деректерді енгізу және атқарушылық түсіріліммен қоса объектілерді пайдалануға қабылдау актілерін есепке алу есебінен жүзеге асырылады.

Осылайша, бұл тапсырманы іске асырудың арқасында жер учаскелерінің қалыптастырылған интерактивті карталары жер учаскелерін табуға, олардың функционалдық мақсатын, инфрақұрылымдық қамтылуын үйден шықпай-ақ тануға мүмкіндік беретін жаңа ыңғайлы құрал болады. Сондай-ақ инженерлік коммуникациялармен қамтамасыз етілуін ескере отырып және қала құрылысы регламенттеріне қатаң сәйкестікте ірі елді мекендердің аумағына құрылыс салуды неғұрлым ұтымды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі

 

О создании функциональных интерактивных карт земельных участков и схем коммунальных сетей по каждому крупному городу

26 марта 2024

В последнее время в градостроительной деятельности актуальна тема распространения хаотичной незаконной застройки жилых домов и объектов, а также непродуманной нагрузки на инженерные сети в крупных населенных пунктах страны. Это связано с несоблюдением градостроительных регламентов и непрозрачной системой предоставления земельных участков. Грамотное управление застройкой территории повысит качество проживания населения и модернизирует строительный сектор.

Вследствие этого Президент страны поручил создать функциональные интерактивные карты земельных участков и схем коммунальных сетей по каждому крупному городу (озвучено в ежегодном послании Главы государства от 1 сентября 2022 года «Справедливое государство. Единая нация. Благополучное общество»).

C 9 октября т.г. после вступления в силу всех нормативных регламентов был запущен Единый государственный кадастр недвижимости (ЕГКН), также внедряются функциональные интерактивные карты земельных участков.

Функциональные интерактивные карты схем коммунальных сетей сформированы через информационную систему государственного градостроительного кадастра (далее – АИС ГГК). Генеральные планы и проекты детальной планировки (ПДП), аэрофотосъемки, данные инженерных сетей центральных и местных исполнительных органов были собраны и внесены в АИС ГГК.

Также, в рамках Концепции развития жилищно-коммунальной инфраструктуры на 2023 – 2029 годы (Постановление Правительства от 23 сентября 2022 года № 736) детализируются и оцифровываются данные инженерных сетей с большей точностью в крупных городах страны (Астана, Алматы, Шымкент, Актобе и Караганды) и их уровень составляет в среднем 90%.

Далее автоматическое обновление данных будет осуществляться за счет цифровых данных технических характеристик и свободных мощностей инженерных сетей со стороны субъектов естественных монополий. А также внедрения единой градостроительной экспертизы градостроительных проектов всех уровней и внесение исходных данных, и учета актов приемки объектов в эксплуатацию с исполнительной съемкой в АИС ГГК.

Таким образом, благодаря реализации данного поручения сформированные интерактивные карты земельных участков будут новым удобным инструментом, позволяющим находить земельные участки, узнавать их функциональное назначение и инфраструктурный охват, не выходя из дома, а также позволят более рационально осуществлять застройку территории крупных населенных пунктов с учетом обеспеченности инженерными коммуникациями и в строгом соответствии с градостроительными регламентами.

Пресс-служба Министерства промышленности и строительства РК