Тұрғын үй мәселелерін жедел шешудің нақты тетіктері әзірленді

20 сәуір 2024

Зардап шеккен жұрттың баспана мәселесін шешу үшін су басқан үйлерге жөндеу жұмыстарын жүргізу көзделген. Техникалық байқау қорытындысы негізінде жөндеу жұмыстарына әкімдік мердігерлері тартылады немесе үй иелері өтемақы есебінен өз үйлерін өз бетінше жөндеуге де мүмкіндік алады. Ал, егер үйді қалпына келтіру мүмкін болмаса, мемлекет бұл мәселені шешудің екі жолын ұсынады: жаңа тұрғын үй салу, сондай-ақ жылжымайтын мүлік нарығында дайын тұрғын үйді сатып алу. Сонымен қатар, азаматтардың баспананы өз бетінше таңдауға мүмкіндігі болады, бұл жерде бекітілген стандартты жобадан аспайтын шығындардың лимиті бар. ҚР ӨҚМ ресми өкілі Меруерт Ибраева ОКҚ алаңында мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй берудiң, сондай-ақ өз бетiнше құрылыс пен жөндеу жұмыстарын жүргiзуге арналған төлем тетіктері туралы ақпаратпен бөлісті.

Су тасқыны орын алған аймақтардағы саяжай тұрғындары да, бұл олардың жалғыз үйі болса, назардан тыс қалмайды. Мүлік иелігін растайтын құжаттары сақталмаған жағдайда да мемлекет оларды баспанамен қамтамасыз етеді. Тұрғын үй құрылысы уәкілетті орган мен әкімдіктер бекіткен үлгілік жобаларды пайдалана отырып жүзеге асырылады.

«Тұрғын үй құжаттары болмаған жағдайда меншік құқығын «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы, әлеуметтік қорғау, ішкі істер және денсаулық сақтау органдары растайды. Жаңа тұрғын үй салу үшін ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі үш климаттық шағын аудан бойынша мынадай параметрлермен мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алған типтік жобаларды әзірледі. 1. Ауданы 80 ш. метр бір отбасылық тұрғын үй. Құрылыстың болжамды мерзімі – 1,5 ай. 2. Ауданы 160 ш. метр екі пәтерлі тұрғын үй. Құрылыстың болжамды мерзімі – 2,5 ай», – деді спикер.

Жобалар әкімдіктерге әрі қарай іске асыру үшін жіберіліп, жергілікті жерде қайта пайдалану үшін мемлекеттік сараптама порталында орналастырылды. Жергілікті әкімдіктер жер телімдерін анықтап, дайындық жұмыстарын жүргізуде, яғни типтік жобаларды аумақпен байланыстыру жұмыстарын, сараптама жүргізуді бастайды.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Министрліктің басшылығымен 3 жедел топ құрылды, оның құрамына салалық мемлекеттік органдардың вице-министрлері кірді. Жедел топтар су басқан аймақтарға барып, ол жердегі ахуалмен танысты, жетекшілік ететін салалардағы объектілерді аралап, жан-жақты тексерді, кәсіпкерлермен және құрылыс компанияларының өкілдерімен кездесулер өткізді, жүргізілген жұмыстарды халыққа жеткізуге тырысты, аймақтық жедел штабтармен жұмыс кеңестерін өткізді. Жедел штаб өкілдері Ақтөбе, Қостанай, БҚО, Атырау, Павлодар, Абай, Шығыс және Батыс Қазақстан облыстарына барды.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінң баспасөз қызметі

 

В целях оперативного решения жилищных вопросов выработаны конкретные механизмы

В целях оперативного решения жилищных вопросов Министерством промышленности и строительства выработаны конкретные механизмы. О предусмотренных механизмах предоставления жилья из государственного жилищного фонда и других мерах по восстановлению жилья пострадавших от наводнения граждан рассказала официальный представитель ведомства Меруерт Ибраева на площадке СЦК.

Это проведение ремонтных работ в пострадавших от паводков домах. На основании технического обследования к ремонтным работам будут привлечены подрядные организации акиматов или же собственники смогут самостоятельно отремонтировать свой дом за счет возмещения. Если дом разрушен и не подлежит восстановлению, государство предлагает два пути решения: это строительство нового жилья, а также приобретение готового жилья на рынке недвижимости. При этом у граждан будет возможность выбрать жилье самостоятельно, здесь стоит добавить, что предусмотрено ограничение по стоимости, не превышающей утвержденного типового проекта.

Не останутся без внимания и жители дачных объектов, если это их единственное жилище. Их государство также обеспечит жильем, включая случаи, когда нет правоустанавливающих документов. Строительство жилья будет проводиться с применением утвержденных типовых проектов уполномоченного органа и акиматов.

«В случае отсутствия документов на жилище право собственности будет подтверждено национальной компанией «Қазақстан Ғарыш Сапары», госкорпорацией «Правительство для граждан», органами социальной защиты, внутренних дел и здравоохранения. В целях строительства нового жилья Министерством промышленности и строительства РК разработаны и получены положительные заключения госэкспертизы на типовые проекты по трем климатическим подрайонам со следующими параметрами: одноквартирный жилой дом площадью 80 кв. метров (ориентировочный срок строительства - 1,5 месяца); двухквартирный жилой дом площадью 160 кв. метров (ориентировочный срок строительства - 2,5 месяца)», - сообщила спикер.

Проекты уже направлены в акиматы для дальнейшей реализации и размещены на портал госэкспертизы для повторного применения на местах. Акиматы на местах определяют земельные участки и скоро начнут работы по привязке проектов к местности с прохождением экспертизы.

Согласно поручению Главы государства сформированы 3 оперативные группы под руководством МПС, в состав которой вошли вице-министры отраслевых госорганов (МВРИ, МСХ, МТ, МЭПР, МЧС, МЗ, МНВО). В целом члены оперативных штабов выехали в 7 регионов: Актюбинская, Костанайская, Атырауская, Павлодарская, Восточно-Казахстанская и Западно-Казахстанская области и область Абай.

Пресс-служба Министерства промышленности и строительства РК