Су тасқынынан зардап шеккендерге арналған тұрғын үй объектілерінің 96%-ы тексерілді: құрылыс, жөндеу және сатып алу деректері

11 маусым 2024 

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев а.ж. 11 маусымында ҚР Үкіметінің отырысы барысында су тасқынының зардаптарын жою нәтижелері туралы мәліметтермен бөлісті.

«Су тасқыны салдарынан 18 005 тұрғын үйнысандары зардап шекті. Зерттеу нәтижелері 17 295 нысан бойынша қолжетімді, бұл 96%-ды құрайды. Зерттелетін нысандар бойынша 2 245 тұрғын үй нысанын салу, жылжымайтын мүлік нарығында 5 235 тұрғын үй нысанын сатып алу және 9 819 нысанды жөндеу жоспарланған», – деді Қанат Шарлапаев.

Бүгінгі таңда 1 828 үйдің құрылысы басталып, 81 пайызды құрап отыр. Жылжымайтын мүлік нарығында 1943 тұрғын үй сатып алынды, бұл 37%- құрайды. Төлемді 1 772 үй иелері алды, бұл 18 %-ды құрайды. 3 882 тұрғын үйде жөндеу жұмыстарына қатысты бұл жұмыстар аяқталу мерзіміне қатысты алаңдаушылық тудырмайды.

Ахуалдық орталық пен Адам ресурстарын дамыту орталығы азаматтардан eGov және «Әлеуметтік көмек» ААЖ арқылы өтініштерді қабылдау және өңдеу үдерісін барлық кезеңде бақылайды. Цифрландыруға байланысты іске асыру кезеңдері аясында әр нысанға мониторинг жүргізіледі.

Мониторинг нәтижесі бойынша 2 209 үй дайындық кезеңінен өтті. Зардап шеккен азаматтар өздеріне 5 176 тұрғын үй сатып алуға келісімдерге қол қойды, 410 үйге сатып алу-сату шарты жасалды, 252 тұрғын үй мемлекеттік тұрғын үй қорына берілді, азаматтарға – 227, жекешелендірілген – 224. Жөндеу жұмыстарына сметалық есептер шығарылды. 13 99 үйге 487 үйге жұмыс аяқталды, 238 үй бойыншааяқталған жұмыстардың түбіртектері алынды.

Әр облыста 24 сағат бойы онлайн режимінде жұмыс істейтін 52 камера жаппай құрылыснысандарында орналасқанын айта кеткен жөн.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі

 

96% объектов жилья для пострадавших от паводков обследованы: данные о строительстве, ремонте и покупке

11 июня 2024

Министр промышленности и строительства РК Канат Шарлапаев 11 июя т.г. в ходе заседания Правительства РК поделился данными по результатам ликвидации последствий паводков.

​«Вследствие паводков пострадали 18 005 объектов жилья. Результаты обследования имеются по 17 295 объектам, это – 96%. По обследованным объектам запланировано строительство 2 245 объектов жилья, приобретение 5 235 жилых объектов на рынке недвижимости и ремонт 9 819 объектов», – сказал Канат Шарлапаев.

​На сегодняшний день начато строительство 1 828 домов, что составляет 81%. На рынке недвижимости приобретено 1 943 объекта жилья, это – 37%. Выплаты получили собственники 1 772 домов, что составляет 18%. Касательно ремонта в 3 882 домах, эти работы не вызывают опасений по срокам выполнения.

Ситуационный центр и Центр развития трудовых ресурсов на всех этапах проводитмониторинг процесса приема и обработки заявлений от граждан через eGov и АИС «Социальная помощь». За счет цифровизацииобеспечен пообъектный мониторинг в разрезе стадий реализации.

Согласно результатам мониторинга этапы подготовки прошли 2 209 домов. Пострадавшие граждане подписали согласия на приобретение для них 5 176 жилищ, подписаны договора купли-продажи по 410 жилищам, переданы в госжилфонд 252 жилища, предоставлены гражданам – 227, приватизированы – 224. По ремонтным работам: рассчитаны сметы по 1 399 домам, выполнены работы по 487 домам, получены расписки о выполненных работах по 238 домам.

Стоит отметить, что в каждом регионе на площадках массового строительства размещены 52 камеры с круглосуточным онлайн доступом.

Пресс-служба Министерства промышленности и строительства РК