ҚР ӨҚМ құрылыс саласындағы бірінші жартыжылдықты қорытындылады: 7,4 млн шаршы метр баспана пайдалануға берілді

18 шілде 2024

2024 жылдың 6 айындағы статистикалық мәліметтер бойынша 7,4 млн шаршы метр баспана пайдалануға берілді. Бұл республиканың құрылыс саласындағы елеулі жетістік. Осы жылдағы негізгі мақсат – өткен жылғы 15,5 млн шаршы метр тұрғын үйді, 18 млн шаршы метрге ұлғайтты.

2024 жылы қаржыландырудың барлық көздерінен тұрғын үйді пайдалануға беру жоспары 15,5 миллион шаршы метр тұрғын үй немесе 145 мың отбасы деңгейінде белгіленді. Статистикаға сәйкес, 2024 жылдың қаңтар-маусым айларының деректері бойынша 7 440,5 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2023 жылдың кезеңімен салыстырғанда 101% құрайды. Оның 6 887,1 мың шаршы метрі жеке меншік пен халық есебінен енгізілген.

Республика бойынша барлығы 67 498 тұрғын үй пайдалануға берілді, оның 16 101-і жеке тұрғын үйлер.

Мемлекеттің бірінші кезектегі міндеттерінің бірі – халықтың ең мұқтаж, әлеуметтік осал топтарын және су тасқынынан зардап шеккендерді баспанамен қамтамасыз ету. Қазіргі уақытта әкімдіктерде тұрғын үй кезегінде 651 677 адам тұр, оның 256 572-сі халықтың әлеуметтік осал топтары.

Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2029 жылға дейінгі қабылданған тұжырымдамасы шеңберінде аса мұқтаж жандардың тұрғын үй мәселелерін шешу үшін мынадай шаралар қарастырылған:

- Астана, Алматы және Шымкент қалаларын-да халықтың әлеуметтік осал топтары, көп балалы отбасылар және жұмыс істейтін жастар үшін сатып алу құқығынсыз 32 350 жалдамалы пәтер сатып алу.

- 2024 жылы халықтың әлеуметтік осал топтары үшін сатып алу құқығы бар және құқығы жоқ 22 202 жалдамалы пәтер сатып алу жоспарлануда.

- Жеңілдікті ипотекалық бағдарламалар (2-10-20, 5-10-20). Соңғы 5 жылда «Отбасы банкі» арқылы 5 пайыздық мөлшерлемемен 53 088-ден астам несие берілді.

Сонымен қатар, су тасқынынан зардап шеккен 19 342 үйді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде, оның ішінде жалғыз тұрғын үй деп танылған 7 386 саяжай. Тұрғын үй комиссиясының техникалық тексеру қорытындысы бойынша келесідей қолдау көрсету туралы шешім қабылданды:

- 2578 тұрғын үй нысанының құрылысы.

- Жылжымайтын мүлік нарығында 6000 тұрғын үйді сатып алу.

- 9243 нысанның жөндеу жұмыстары.

Бүгінгі күні 2578 үйдің құрылысы басталып, 205 үйдің құрылысы аяқталды (Солтүстік Қазақстан облысы - 200 үй, Павлодар облысы - 5 үй), зардап шеккен азаматтар қоныстандырылды, 3919 үй сатып алынды және 6236 үй жөндеуден өтті.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 12 сәуірдегі қаулысымен Қостанай облысы Арқалық қаласында зардап шеккен 31 отбасына үй сатып алуға Үкіметтің төтенше резервінен 405 миллион теңге бөлінді.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі

 

МПС РК подводит итоги полугодия в сфере строительства: введено 7,4 млн кв. метров жилья

18 июля 2024

Согласно статистическим данным за 6 месяцев 2024 года, в эксплуатацию введено 7,4 млн кв. метров жилья. Это значительное достижение в строительной отрасли республики. Цель по итогам года - достичь показателя в 18 млн. кв. метров, увеличив прошлогодние 15.5 млн кв.м жилья.

В 2024 году плановый показатель по вводу жилья за счет всех источников финансирования был определен на уровне 15,5 млн кв. метров жилья или 145 тыс. семей. Согласно статистическим данным за январь-июнь 2024 года введено в эксплуатацию 7 440,5 тыс. кв. метров жилья, что составляет 101% к аналогичному периоду 2023 года. Из них за счет частной собственности и населением введено 6 887,1 тыс. кв. метров общей площади жилых домов.

Всего по республике сдано в эксплуатацию 67 498 жилищ, из них – 16 101 индивидуальных жилых дома.

Одной из первоочередных задач государства является обеспечение жильем наиболее нуждающихся, социально уязвимых слоев населения и пострадавших от наводнений. В настоящее время в очереди на получение жилья в акиматах состоят 651 677 человек, из них 256 572 — социально уязвимые слои населения.

Для решения жилищных вопросов наиболее нуждающихся очередников в рамках принятой Концепции развития жилищно-коммунальной инфраструктуры до 2029 года предусмотрены следующие меры:

- Приобретение 32 350 арендных квартир без права выкупа для социально уязвимых слоев населения, многодетных семей и работающей молодежи в Астане, Алматы и Шымкенте.

- В 2024 году запланировано приобрести 22 202 арендных квартир для социально уязвимых слоев населения с правом и без права выкупа.

- Льготные ипотечные программы (2-10-20, 5-10-20). За последние 5 лет по ставке 5% выдано более 53 088 займов через «Отбасы банк».

Кроме того, ведутся работы по восстановлению 19 342 домов, пострадавших от наводнений, включая 7 386 дач, признанных единственным жильем. По результатам технического осмотра комиссии по жилищному обеспечению принято решение оказать следующую поддержку:

- Строительство 2 578 жилых объектов.

- Приобретение 6 000 жилых объектов на рынке недвижимости.

- Ремонтные работы 9 243 объектов.

На сегодняшний день начато строительство 2 578 домов, завершено строительство 205 домов (СКО — 200 домов, Павлодарская область — 5 домов), заселены пострадавшие граждане, куплено 3 919 домов и отремонтировано 6 236 домов.

Постановлением Правительства РК от 12 апреля 2024 года из Чрезвычайного резерва Правительства выделено 405 млн тенге на приобретение домов для 31 пострадавшей семьи в городе Аркалык Костанайской области.

Пресс-служба Министерства промышленности и строительства РК