Қазақстанда алғаш рет жол құрылысы саласында PhD докторлар дайындалады

27 тамыз 2024

«Көлік құрылысы» бағыты бойынша PhD дәрежесін алу үшін мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындауға арналған конкурстың қорытындылары жарияланды.

Жол саласының болашақ ғалымдары алғаш рет мемлекеттік білім беру гранттары есебінен дайындалады. Байқау қорытындысы бойынша 10 адам осы бағыт бойынша докторантураға түсті.

Естеріңізге сала кетейік, бұрын жүргізілген талдауға сәйкес, қазіргі уақытта Қазақстанның жол саласына 1,5 мыңға жуық диплом алған маман жетіспейді. 2023 жылы Көлік құрылысында алғашқы екі PhD пайда болды.

Көлік министрлігі мен Ғылым және жоғары білім министрлігінің және «ҚазжолҒЗИ» АҚ бірлескен жұмысының нәтижесінде автожол саласындағы кадр тапшылығының жүйелі мәселелерінің бірін шешу үшін биыл «Көлік құрылысы» бағыты бойынша болашақ PhD докторларын оқытуға 10 грант бөлінді.

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің баспасөз қызметі

 

В Казахстане впервые будут готовить PhD докторов в области дорожного строительства

27 августа 2024

Объявлены итоги конкурса на присуждение государственных образовательных грантов для получения степени PhD по направлению «Транспортное строительство».

Впервые будущих ученых дорожной отрасли будут готовить за счет государственных образовательных грантов. По итогам конкурса 10 человек поступили в докторантуру по данному направлению.

Напомним, что, согласно ранее проведенному анализу, в настоящее время дорожной отрасли Казахстана не хватает около 1,5 тысячи дипломированных специалистов. В 2023 году появились первые два PhD в транспортном строительстве.

В результате совместной работы Министерства транспорта, Министерства науки и высшего образования и АО «КаздорНИИ» для решения одной из системных проблем кадрового дефицита в автодорожной отрасли в этом году было выделено 10 грантов на обучение будущих PhD докторов по направлению «Транспортное строительство».

Пресс-служба Министерства транспорта Республики Казахстан