Astana Finance Days 2024 аясындағы инновациялар мен инвестициялар

5 қыркүйек 2024

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов а.ж. 5 қыркүйегінде «Astana Finance Days 2024: Инновациялар. Инвестициялар. Әсер ету» халықаралық конференциясына қатысты.

AFD конференциясы қаржылық салалар-дағы өзекті мәселелерді, үрдістерді және мүмкіншіліктерді талқылау және нетворкинг алаңы. Шарада 70 елден 3 000-ға жуық қатысу-шылар жиналды, соның ішінде мемлекеттік органдардың өкілдерін, қаржы мен экономика салаларындағы сарапшыларды, инвесторларды, бизнес иелерін, ірі халықаралық банктердің, ше-телдік қор нарықтарының басшыларын және т.б.

Вице-министр «Қаржы, құқық және даму: аймақтағы инфрақұрылымдық инвестициялардың болашағын қалыптастыру» тақырыбындағы панельдік сессияда сөз сөйледі. Отырыста қатысушылар Қазақстандағы және басқа ТМД елдеріндегі инфрақұрылымдағы кемшіліктерді талқылады. Қаржыландырудың инновациялық шешімдеріне баса назар аударылды.

Қуандық Қажкенов жылу, су құбыры және кәріз желілерінің – 50%, жылу желілерінің – 53%, сумен жабдықтау – 40%, су тарту жүйесінің – 56%-ға тозуы бойынша ағымдағы жағдайға тоқталды. Тозған жабдық бұзылымдарға, қызмет көрсетудің үзілуіне және өмір сүру сапасының төмендеуіне әкеледі.

«Президенттің Жолдауына сәйкес қазіргі уақытта жалпы сомасы шамамен 2,5 трлн теңгеге 10,2 мың шақырым коммуналды желілерді, оның ішінде 1,9 мың шақырым жылу желілерін, 5,3 мың шақырым су құбыры және 3 мың шақырым су тарту желілері құрайтын коммуналды желілерді жөндеуді қарастыратын республикалық жоба әзірленуде», – деді вице-министр.

Қуандық Қажкенов өз сөзінде 830 млрд тг құрайтын КТҚ жобаларын жүзеге асыру қажеттігін атап өтті. Қазақстанда 45 жоба бар, оның 8-і дайындық сатысында, қалған жобалар бойынша қаржыландыру көздерін анықтау жұмыстары жүргізілуде.

Жалпы, алдағы 5 жылда коммуналды желілер мен кәріз-тазарту құрылыстарына жалпы сұраныс шамамен 3,5 трлн теңгені құрайды. 2030 жылға қарай жылу, сумен жабдықтау және су тарту желілерінің тозуын 40 пайызға дейін төмендету жоспарлануда.

Қорытындылай келе, Қуандық Қажкенов Министрлік аталған жобаларды жүзеге асыруда ынтымақтастыққа ашық екенін айтты.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі

 

Инновации и инвестиции под эгидой Astana Finance Days 2024

5 сентября 2024

5 сентября т.г. вице-министр промышленности и строительства РК Куандык Кажкенов принял участие в международной конференции «Astana Finance Days 2024: Инновации. Инвестиции. Влияние».

Конференция AFD является платформой для нетворкинга и обсуждения актуальных вопросов, тенденций и возможностей финансовых отраслей. Мероприятие собирает порядка 3000 участников из 70 стран, среди которых представители государственных органов, эксперты финансовой отрасли и экономики, инвесторы, собственники бизнеса, руководители крупных международных банков, зарубежных фондовых рынков и др.

Вице-министр выступил на панельной сессии на тему «Финансы, право и развитие: формирование будущего инвестиций в инфраструктуру в регионе». На сессии участники обсуждали существующий разрыв в инфраструктуре в Казахстане и других странах СНГ. Акцент был на инновационных решениях в области финансирования.

Куандык Кажкенов рассказал о текущей ситуации по износу сетей тепло-, водоснабжения и канализации – 50%, тепловых сетей – 53%, водоснабжения – 40%, водоотведения – 56%. Износ оборудования приводит к нарушениям, перебоям в подаче и снижению качества жизни.

«Согласно Посланию Главы Государства на текущий момент разрабатывается национальный проект, который предусматривает ремонт 10,2 тыс км коммунальных сетей на общую сумму порядка 2,5 трлн тенге, в том числе 1,9 тыс км тепловых сетей, 5,3 тыс км сетей водоснабжения и 3 тыс км сетей водоотведения», – сказал вице-министр.

Куандык Кажкенов в своем выступлении подчеркнул необходимость реализации проектов КОС на сумму 830 млрд тг. В Казахстане 45 проектов, из них 8 на этапе подготовки, по остальным проектам ведется работа по определению источников финансирования.

В целом, по линии коммунальных сетей и канализационных очистных сооружения общая потребность на ближайшие 5 лет составляет порядка 3,5 трлн тенге. К 2030 году планируется снижение износа сетей тепло-, водоснабжения и водоотведения до 40%.

В заключение Куандык Кажкенов сказал, что Министерство открыто к сотрудничеству в реализации данных проектов.

Пресс-служба Министерства промышленности и строительства РК