Жол саласындағы отандық ғалымдардың әзірлемелері коммерцияландырылады
6 қыркүйек 2024
Зерттеулердің басым бағыттарын және жол саласындағы негізгі сын-қатерлерді айқындау, сондай-ақ отандық ғалымдардың жаңашылдық әзірлемелерін көрсету және коммерцияландыру үшін платформа құру мақсатында Алматыда «Жол құрылысы: ғылым және бизнес (Ғылымнан өндіріске)» атты форум өтті.
Форум аясында отандық ғалымдар өздерінің коммерцияландыруға дайын технологиялары мен материалдарын әлеуетті инвесторлар мен салалық органдарға ұсыну, сондай-ақ әзірлемелерін одан әрі коммерцияландыру үшін байланыс орнату және инвестицияларды тарту мүмкіндігіне ие болды.
Форумды «Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» АҚ «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» КЕАҚ қолдауымен ұйымдастырды. Форум «Мұхаметжан Тынышбаев атындағы ALT университеті» АҚ базасында өтті.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ғылым жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында отандық ғалымдардың ғылыми әзірлемелерін коммерцияландыруға ерекше назар аударған болатын. Бұл үшін ғылыми қоғамдастық пен бизнестің өзара іс-қимылының тиімді механизмін құру қажеттігін атап өтті. Біз форум осы механизмді іске асыру және құру үшін жақсы алаң болады деп үміттенеміз» - ҚР Көлік вице-министрі Аблалиев Сатжан.
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің баспасөз қызметі
Разработки отечественных дорожных ученых коммерциализируют
6 сентября 2024
С целью определения приоритетных направлений исследований и ключевых вызовов в дорожной отрасли, а также создания платформы для демонстрации и коммерциализации новаторских разработок отечественных ученых в Алматы прошел форум: «Дорожное строительство: наука и бизнес (От науки к производству)».
В рамках форума отечественные ученые получили возможность представить свои технологии и материалы, готовые к коммерциализации, перед потенциальными инвесторами и отраслевыми органами, а также наладить контакты и привлечь инвестиции для дальнейшей коммерциализации своих разработок.
Организаторами форума выступили Казахстанский дорожный научно-исследовательский институт (КаздорНИИ) при поддержке Национальной академии наук при Президенте РК. Сам форум прошел на базе ALT Университет имени Мухамеджана Тынышпаева.
«Ранее глава государства Касым-Жомарт Токаев на заседании Национального совета по науке уделил особое внимание коммерциализации научных разработок отечественных ученых. И отметил, что для этого необходимо выстроить эффективные механизмы взаимодействия научного сообщества и бизнеса. Мы надеемся, что данный форум станет хорошей площадкой для реализации и выстраивания данного механизма» - отметил вице-министр транспорта РК Сатжан Аблалиев.
Пресс-служба Министерства транспорта Республики Казахстан