Бастапқы рұқсат беру құжаттамасын және техникалық шарттарды беру жөніндегі мемлекеттік қызмет автоматтандырылды

23 қазан 2024

31 қазанда еліміздің 88 қаласында бастапқы рұқсат беру құжаттамасын және техникалық шарттарды беру жөніндегі мемлекеттік қызметті автоматтандыру жобасы пилоттық режимде іске қосылады. Аталмыш құрал осы реттелетін қызметті көрсетудің ашықтығын арттырады.

Пайдаланушыларға бас жоспарлар мен егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын (ЕТЖЖ) көрсететін цифрлық карта қолжетімді болады, бұл аумақтың инфрақұрылымдық мүмкіндіктерін ескере отырып және қала құрылысы регламенттерінің бұзылуын болдырмай, құрылысты жоспарлауға мүмкіндік береді.

Осылайша, 2024 жылғы 17 қазанда ҚР Өнеркәсіп және құрылыс, Цифрлық даму, Ұлттық экономика министрліктерінің «Құрылыс және реконструкциялау (қайта жоспарлау және қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну», «Эскизді (эскиздік жобаны) келісу» және мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (МҚҚК ААЖ) арқылы инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосылуға техникалық шарттар беру мемлекеттік қызметтер көрсетудің пилоттық жобасын іске асыру туралы бірлескен бұйрығына қол қойылды.

Пилоттық жоба осы жылдың 31 қазанында еліміздің 88 қаласында gov.ggk.kz цифрлық платформасында іске қосылады.

Өтініш берушіден тек қажетті қызметті таңдау, бас жоспарлар мен ЕТЖЖ деректерін қосу және өтініштің тиісті нысанын толтыру талап етіледі. Жер учаскесі болған кезде және кадастрлық нөмір жүргізілген кезде құқық иеленушіні тексеру және оны картада көрсету жүргізіледі.

Техникалық шарттарды алған кезде пайдаланушыларға инженерлік желілер мен бос қуаттардың көрсетілуі де қолжетімді болады. Жер учаскесінің меншік иесі негізсіз бас тартудан қорықпай инженерлік желілерге қосылуға өтінім бере алады. Осылайша мемлекеттік қызметтің ашықтығы арттырытатын болады.

Цифрлық платформаны пайдалану егжей-тегжейлі нұсқаулықтары gov.ggk.kz геопорталында орналастырылған.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі

 

Автоматизирована госуслуга по выдаче исходно-разрешительной документации и технических условий

23 октября 2024

31 октября в 88 городах страны в пилотном режиме запустится проект по автоматизации услуг выдачи исходно-разрешительной документации и технических условий. Инструмент повысит прозрачность оказания данной регулируемой услуги.

Пользователям будет доступна цифровая карта отображения генеральных планов и проектов детальных планировок (ПДП), что позволит планировать строительство с учетом инфраструктурных возможностей территории и исключения нарушения градостроительных регламентов.

Так, 17 октября 2024 года подписан Совместный приказ министерств промышленности и строительства, цифрового развития, национальной экономики, о реализации пилотного проекта оказания государственных услуг «Предоставление исходных материалов при разработке проектов строительства и реконструкции (перепланировки и переоборудования)», «Согласование эскиза (эскизного проекта)» и выдача технических условий на подключение к источникам инженерного и коммунального обеспечения посредством автоматизированной информационной системы государственного градостроительного кадастра (АИС ГГК).

Пилот будет запущен 31 октября т.г. на цифровой платформе gov.ggk.kz.

Заявителю требуется только выбрать необходимую услугу, подключить данные генпланов и ПДП и заполнить соответствующую форму заявления. При наличии земельного участка и ведении кадастрового номера производится проверка правообладателя и его отображение на карте.

При получении технических условий для пользователей также доступно отображение инженерных сетей и свободных мощностей. Собственник земельного участка сможет подать заявку на подключение к инженерным сетям, не опасаясь необоснованных отказов, что значительно повысит прозрачность оказания данной услуги.

Инструкции использования цифровой платформы размещены на геопортале gov.ggk.kz.

Пресс-служба Министерства промышленности и строительства РК