Қазақстандағы энергия тиімділігі: 2024 жылға арналған қорытындылар
5 қаңтар 2025
2024 жылы Қазақстанның Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің бағынысты ұйымы "Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты" АҚ ел экономикасының энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды іске асыруда елеулі прогреске қол жеткізді. Энергия тиімділігі картасы аясында бір жылда 31 жоба енгізілді. Инвестициялардың жалпы көлемі 20,6 млрд теңгені, ал күтілетін үнемдеу жылына 0,62 млрд теңгені құрады.
Экономикалық тиімділік салымдардың жоғары рентабельділігімен расталады: 1 теңгеге бюджет қаражатына 54 теңге инвестиция тартылды. Карта шеңберінде жалпы құны 138,23 млрд теңгені құрайтын 275 жоба іске асырылуда, жыл сайынғы үнемдеу 9,7 млрд теңгені құрайды. Оның ішінде 116 жоба энергосервистік келісімшарттар (ЭСКО) және мемлекеттік-жекешелік әріптестік (МЖӘ) тетіктері арқылы жүзеге асырылады. Бұл жобалар бойынша күтілетін үнемдеу-жылына 5,09 млрд теңге.
Энергосервистік компанияларды, жеткізу-шілерді және дистрибьюторларды қамтитын шағын және орта бизнестің жаңа кластерін дамытуға ерекше назар аударылады, бұл энергосервистік нарықты қалыптастыруға ықпал етеді. Осы жобаларды іске асырудың арқасында бюджетке салық түсімдері ҚҚС есебінен 2,5 млрд теңгеге дейін құрады.
Жұмыстың маңызды бағыты отандық өндірушілердің (ОӨ) және энергия үнемдейтін материалдар мен технологияларды жеткізушілердің тізілімін қалыптастыру болып қала береді. 2024 жылы тізілімге жаңа компаниялар кіріп, қатысушылардың жалпы санын 84 өндірушіге дейін арттырды. Бұл ұлттық өнеркәсіптік әлеуетті дамытуды ынталандыра отырып, отандық технологиялар мен материалдарды жобаларға біріктіруге ықпал етеді.
Осылайша, институт қызметі Қазақстан экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ете отырып, энергия тиімділігін арттыруға жүйелі көзқарасты көрсетеді. Жоспарлардың сәтті орындалуы, жеке инвестицияларды тарту және нарықтық кластерлерді дамыту осы саладағы мемлекеттік саясаттың тиімділігін растайды. Болашақта ЭСКО және МЖӘ арқылы іске асырылатын жобалар санын ұлғайтуға, отандық өндірушілердің тізілімін кеңейтуге және энергия үнемдеуге қосымша инвестициялар тарту үшін жағдайлар жасауға ерекше назар аударылатын болады.
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі
Энергоэффективность в Казахстане: итоги 2024 года
5 января 2025
В 2024 году АО «Институт развития электроэнергетики и энергосбережения», подведомственная организация Министерства промышленности и строительства Казахстана, продемонстрировало значительный прогресс в реализации мероприятий по повышению энергоэффективности экономики страны. В рамках Карты энергоэффективности за год было включено 31 проект. Общий объем инвестиций составил 20,6 млрд тенге, а ожидаемая экономия – 0,62 млрд тенге в год.
Экономический эффект подтверждается высокой рентабельностью вложений: на 1 тенге бюджетных средств привлечено 54 тенге инвестиций. Всего в рамках Карты реализуется 275 проектов общей стоимостью 138,23 млрд тенге, ежегодная экономия составляет 9,7 млрд тенге. Из них 116 проектов осуществляются через механизмы энергосервисных контрактов (ЭСКО) и государственно-частного партнёрства (ГЧП). Ожидаемая экономия по этим проектам – 5,09 млрд тенге в год.
Отдельное внимание уделено развитию нового кластера малого и среднего бизнеса, включающего энергосервисные компании, поставщиков и дистрибьюторов, что способствует формированию энергосервисного рынка. Благодаря реализации этих проектов налоговые поступления в бюджет составили до 2,5 млрд тенге за счёт НДС.
Важным направлением работы остаётся формирование Реестра отечественных производителей (РОП) и поставщиков энергосберегающих материалов и технологий. В 2024 году в реестр вошли новые компании, увеличив общее количество участников до 84 производителей. Это способствует интеграции отечественных технологий и материалов в проекты, стимулируя развитие национального промышленного потенциала.
Таким образом, деятельность института демонстрирует системный подход к повышению энергоэффективности, обеспечивая устойчивое развитие экономики Казахстана. Успешное выполнение планов, привлечение частных инвестиций и развитие рыночных кластеров подтверждают эффективность государственной политики в этой сфере. В перспективе особое внимание будет уделено увеличению числа проектов, реализуемых через ЭСКО и ГЧП, расширению Реестра отечественных производителей и созданию условий для привлечения дополнительных инвестиций в энергосбережение.
Пресс-служба Министерства промышленности и строительства РК