Алматыда жаңа Құрылыс ережелері, Қала құрылысы регламенті және Құрылыс объектілерін тексеру тәртібі бекітілді
25 желтоқсан 2024
Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс XXVI сессиясында қаланың құрылыс саласын реттеуге бағытталған маңызды құжаттар — Құрылыс ережелері мен Қала құрылысы регламенті қабылданды. Бұл шаралар қауіпсіз, тұрақты және қолайлы қалалық орта құруға, нүктелік құрылысқа тосқауыл қоюға және құрылыс сапасын бақылауға бағытталған.
Құрылыс ережелері жаңа нысандарды жобалаумен салу, сондай-ақ бар нысандарды қайта жаңғырту үшін нақты параметрлерді белгілейді. Абай даңғылы мен әл-Фараби даңғылы арасындағы құрылыс үшін биіктік шектеулері енгізілді: барлық типтегі ғимараттардың биіктігі 9 қабаттан және 35 метрден аспауы тиіс. Бірегей нысандар үшін бұл ереже қолданылмайды. Құрылыс барысында тарихи архитектуралық мұраны сақтау және таулы аймақтарда экологиялық талаптарды сақтау ерекше назарға алынған.
Қала құрылысы регламенті Алматының 2040 жылға дейінгі Бас жоспарымен жүзеге асыруға негіз болмақ. Құжатта аумақты зоналау, инфрақұрылым объектілерін орналастыруға қойылатын талаптар және қалалық орта тұрақтылығының параметрлері қарастырылған. Регламент экологиялық жағдайды жақсартуға және қала тұрғындарының өмір сапасын арттыруға, сондай-ақ инвесторлар үшін процедураларды жеңілдетуге бағытталған. Әкімшілік тосқауылдарды және тәуекелдерді азайту Алматыны бизнес үшін тартымды етіп, құрылыс саласының дамуын ынталандырады. Жаңа нормалардың енгізілуі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге және қала құрылысы процестерінің ашықтығын арттыруға көмектеседі.
Сессия барысында депутаттар сондай-ақ Құрылыс-монтаждау жұмыстарының ғи-мараттар мен құрылыс жайлардың тіреу және (немесе) қоршау конструкцияларын тұрғызуға және реконструкциялауға қойылатын талаптарға сәйкестігін инспекциялау үшін құрылыс объектілеріне бару тәртібін бекітті, оған сәйкес рұқсат беру құжаттамасынсыз, бекітілген жобалау-сметалық құжаттамадан ауытқусыз құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу фактілері инспекциялауды жүргізу үшін негіз бола алады. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуді бастау туралы хабарламалар. Осылайша, тәртіп оның бастапқы кезеңінде заңсыз құрылыстың жолын кесуге мүмкіндік береді. Бұл ретте объектіде тиісті түрде хабарланған мүдделі тұлғаның болмауы жоспардан тыс тексеру жүргізу нормаларынан айырмашылығы инспекциялау жүргізуге кедергі болып табылмайды. Сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдары Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жоспардан тыс тексерулер жүргізуді жалғастырады. Алайда, келесі кезеңде инспекциялау шеңберінде бұзушылықтар анықталған кезде жаңашылдық аудан әкімдігінің хаты негізінде шаралар қабылдау үшін жедел тексеру жүргізуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, мәслихат Алматыдағы кондоминиумдарды басқару және жалпы мүлікті күтіп ұстау үшін 2025 жылға арналған 1 м² үшін 40 теңге мөлшерінде ең төменгі шығын мөлшерін бекітті. 2010 жылы белгіленген бұрынғы тариф 1 м² үшін 25 теңге болды. Алайда соңғы 14 жылда құрылыс материалдары бағасының өсуі, жұмысшылардың жалақысының артуы және тұрғын үй қызметтерінің сапасына қойылатын талаптардың жақсаруы сияқты экономикалық жағдайлар ескерілді. Жаңа минималды тарифті есептеу үшін бекітілген әдістеме қолданылды, ол инфляцияны ескере отырып, жыл сайын түзетуді қарастырады. Депутаттар жаңартылған минималды тариф тұрғын үй объектілерін тиісті күтіп ұстауды қамтамасыз етуге, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға және мегаполис тұрғындары үшін қолайлы жағдайлар жасауға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Сондай-ақ, Алматыда тұрғындарға қажетті дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыс жалғасуда, бұл стационарлық және амбулаторлық жағдайларда жүзеге асырылуда. Алайда, республикалық бюджеттен алты түрдегі онкологиялық және орфандық ауруларды емдеуге қаржыландыру механизмі жоқ, науқастар санының өсуі және жаңа аурулардың пайда болуы қосымша дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету қажеттілігін туындатты. Бұл, бұрын науқастар өз қаражатына сатып алуға мәжбүр болған 5 түрдегі препараттарға қатысты. Осыған орай, сессия барысында депутаттар мәслихат шешіміне өзгерістер енгізіп, Алматыда тіркелген белгілі бір азаматтық топтардың тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілу көлемін кеңейтті.
Алматы қаласының әкімдігінің баспасөз қызметі
В Алматы утверждены новые Правила застройки, Градрегламент и Порядок инспектирования строительных объектов
25 декабря 2024
На внеочередной XXVI сессии маслихата города Алматы приняты ключевые документы, направленные на регулирование строительной деятельности в городе — Правила застройки территорий города и Градостроительный регламент. Эти меры направлены на создание безопасной, устойчивой и комфортной городской среды, предотвращение точечной застройки и обеспечение контроля за качеством строительства.
Так, Правила застройки устанавливают четкие параметры проектирования и строительства новых объектов, а также реконструкции существующих. Закреплено ограничение по этажности для строительства между проспектами Абая и аль-Фараби: здания всех типов не должны превышать 9 этажей и 35 метров. Исключением являются уникальные объекты. Особый акцент сделан на сохранении исторического архитектурного наследия и соблюдении экологических требований при строительстве в горных районах.
Градостроительный регламент станет основой для реализации Генерального плана Алматы до 2040 года. Документ включает меры по зонированию территорий, требования к размещению объектов инфраструктуры и параметры устойчивого развития городской среды. Регламент направлен на улучшение экологической ситуации и повышение качества жизни горожан, а также упрощение и оптимизацию процедур для инвесторов. Снижение административных барьеров и рисков делает Алматы более привлекательным для бизнеса и стимулирует развитие строительной отрасли. Так, введение новых норм призвано уменьшить коррупционные риски и повысить прозрачность процессов градостроительства.
В ходе сессии депутаты также утвердили Порядок посещения строительных объектов для инспектирования строительно-монтажных работ на соответствие требованиям, предъявляемым к возведению и реконструкции несущих и (или) ограждающих конструкций, согласно которому основанием для проведения инспектирования могут служить факты проведения строительно-монтажных работ без разрешительной документации, отклонений от утвержденной проектно-сметной документации и отсутствии уведомления о начале производства строительно-монтажных работ. Таким образом Порядок позволит пресекать незаконное строительство на начальной его стадии. При этом отсутствие надлежаще извещенного заинтересованного лица на объекте не является препятствием для проведения инспектирования в отличие от норм проведения внеплановой проверки. Органы архитектурно-строительного контроля и надзора продолжат проводить внеплановые проверки в соответствии с Предпринимательским кодексом Республики Казахстан. Однако нововведение при выявлении нарушений в рамках инспектирования на следующем этапе позволит оперативно провести проверку для принятия мер на основании письма от районного акимата.
Кроме того, маслихатом утвержден минимальный размер расходов в размере 40 тенге за 1 м² на управление объектами кондоминиума и содержание общего имущества на 2025 год. Ранее действующий тариф, установленный в 2010 году, составлял 25 тенге за 1 м². Однако за прошедшие 14 лет значительно изменились экономические условия, включая рост цен на строительные материалы, повышение заработных плат работников и улучшение требований к качеству обслуживания жилья. Для расчета нового минимального тарифа использована утвержденная Методика, которая предусматривает ежегодную корректировку с учетом инфляции. Депутаты подчеркнули, что обновленный минимальный тариф позволит обеспечить надлежащее содержание жилых объектов, повысить качество предоставляемых услуг и создать комфортные условия для жителей мегаполиса.
Вместе с тем, в Алматы продолжается систематическая работа по обеспечению населения необходимыми лекарственными средствами и медицинскими изделиями как в стационарных, так и в амбулаторных условиях. Однако из-за отсутствия механизма финансирования из республиканского бюджета для лечения шести видов онкологических и орфанных заболеваний, роста числа пациентов, а также выявления новых случаев болезней, возникла необходимость в дополнительном обеспечении лекарственными средствами за счет местного бюджета. Это касается 5 видов препаратов, которые ранее пациенты были вынуждены приобретать за свой счет. С учетом этого, на сессии депутаты внесли изменения в решение маслихата, расширив перечень гарантированного объема бесплатной медицинской помощи. Теперь отдельные категории граждан, зарегистрированные в Алматы, получат доступ к бесплатному лекарственному обеспечению.
Пресс-служба Акимата города Алматы