Сәулет, қала құрылысы және құрылыс каталогы: қосу ережелері және қолдану әдістері
12 ақпан 2025
Бүгінгі таңда Қазақстандағы құрылыс сапасының нормативтік базасы құрылыс нормалары мен ережелері (ҚНжЕ) және ГОСТ болып табылады.
Бұған дейін материалдық ресурстар мен инженерлік жабдықтар бойынша құрылыс жобаларына бағалар, коммерциялық ұсыныстар ішінара қойылды, олардың бағасы әрдайым нарыққа сәйкес келмеді. Бұл бірнеше рет құрылыстың қымбаттауына әкелді.
Осы проблеманы болдырмау, сондай-ақ бюджет қаражатын үнемдеу және мемлекеттік инвестициялар, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен және мемлекеттік-жекешелік әріптестік (концессия) есебінен қаржыландырылатын прайс-парақтарды қолдануды барынша азайту мақсатында көзделетін объектілерді салу үшін жобалық шешімдер қабылдау кезінде (жабдықтардың, бұйымдар мен материалдардың ерекшеліктерін қалыптастыру кезінде) сәулет қала құрылысы және құрылыс каталогына (АГСК-3) сәйкес «Құрылыс конструкцияларының, бұйымдары мен құрылыс материалдарының тізбесі» материалдық ресурстар мен инженерлік жабдықтардың номенклатурасын пайдалану қажет.
Мәселен, 2022 жылғы шілдеде ҚР ҚН 1.02.03-2022 «Құрылысқа арналған жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу, келісу, бекіту тәртібі және құрамы» нормативтік техникалық құжаты күшіне енді, онда прайс-парақтар арқылы құрылыс материалдарының сметалық бағаларын көтеруге жол бермеуді көздейтін ЖСҚ-да прайс-парақтарды қолдануды болдырмау туралы норма көрсетілген.
АГСК-3-те сметалық-нормативтік базада жоқ қажетті материалдық ресурстарды, жабдықты, жиһаз бен мүкәммалды және тиісті баға және техникалық ақпаратты (техникалық сипаттамаларын егжей-тегжейлі сипаттайтын каталогтарды, сәйкестік сертификаттарын, тауардың шығу тегі туралы сертификаттарды (СТ KZ), сынақ хаттамаларын) ұсына отырып, анықтамалықты қосу ұсынылатынын атап өткен жөн.
Ресурстардың сметалық құны сметалық бағалар жинағымен анықталатынын білу маңызды. Егер жинақтарда қажетті атаудың сметалық құны болмаса, онда оның құнын Тапсырыс берушінің бекітілген шешімдеріне сәйкес осындай ресурстардың сметалық бағалары бойынша, яғни жобада қабылданған техникалық параметрлер мен сипаттамаларды ескере отырып, ресурстардың бағалары туралы ақпаратты пайдалана отырып, ең төмен баға бойынша айқындау қажет.
Егер прайс-парақтар немесе коммерциялық ұсыныстар бойынша жекелеген ресурстар мен жабдықтардың бағасы анықтамалыққа қарағанда төмен болған жағдайда, тапсырыс беруші қаржы қаражатын тиімді пайдалану мақсатында ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу процесінде құрылыстың сметалық құнын қайта есептей отырып, анықтамалыққа енгізілген материалдардың бағаларын қайта қарау туралы шешім қабылдауға құқылы. Сметалық құнды қайта есептеу жобаны әзірлеген жобалау ұйымы Тапсырыс берушінің тапсырмасы бойынша жүзеге асырылады.
ҚР ҚН 5.13-тармағының талаптары тек материалдық ресурстар мен инженерлік жабдыққа ғана белгіленген. Бүгінгі таңда прайс-парақтар мен коммерциялық ұсыныстарды қолдану тек технологиялық жабдыққа қолданылады.
Сметалық құжаттаманы әзірлеу кезінде АГСК-3-ті қолдану сметалық құжаттаманы тексерудің автоматтандырылған тәсілін енгізу кезеңдерінің бірі екенін айта кеткен жөн.
Құрылыс саласын цифрландыру шеңберінде барлық жергілікті сметаларды жобаларды сараптау кезінде автоматты тексерумен бір цифрлық сметаға біріктіру бойынша жұмыс жүргізілуде. Бұл бастаманы іске асыру 2025 жылы жоспарланып отыр.
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі
Архитектурный, градостроительный и строительный каталог: правила включения и способы применения
12 февраля 2025
На сегодняшний день нормативной базой качества строительства в Казахстане являются строительные нормы и правила (СНиП) и ГОСТы.
Ранее, в строительные проекты по материальным ресурсам и инженерному оборудованию частично закладывали прайс-листы, коммерческие предложения, цены которых не всегда соответствовали рынку. Это неоднократно приводило к завышению стоимости строительства.
В целях исключения данной проблемы, а также экономии бюджетных средств и минимизации применения прайс-листов для строительства объектов, финансирование которых предусматривается за счет государственных инвестиций, средств субъектов квазигосударственного сектора и по проектам государственно-частного партнерства (концессии), при принятии проектных решений (при формировании спецификаций оборудования, изделий и материалов) следует использовать номенклатуру материальных ресурсов и инженерного оборудования согласно архитектурного, градостроительного и строительного каталога (АГСК-3) «Перечень строительных конструкций, изделий и строительных материалов».
Так, в июле 2022 года вступил в силу нормативный технический документ СН РК 1.02.03-2022 «Порядок разработки, согласования, утверждения и состав проектно-сметной документации на строительство», в котором указана норма об исключении применения прайс-листов в ПСД, предусматривающая недопущение завышения сметных цен на строительные материалы через прайс-листы.
Следует отметить, в АГСК-3 рекомендовано включать необходимые материальные ресурсы, оборудование, мебель и инвентарь, отсутствующие в сметно-нормативной базе и справочник, с предоставлением соответствующей ценовой и технической информации (каталоги с подробным описанием технических характеристик, сертификаты соответствия, сертификаты о происхождении товара (СТ KZ), протоколы испытаний).
Сметная стоимость этих ресурсов определяется по сборникам сметных цен. Если в сборниках отсутствует сметная стоимость нужного наименования, то его стоимость следует определять согласно утвержденным решениям заказчика по сметным ценам таких ресурсов, то есть по наименьшей цене с использование информации о ценах на ресурсы с учетом технических параметров и характеристик, принятых в проекте.
Если цена на отдельные ресурсы и оборудование по прайс-листам или коммерческим предложениям ниже, чем в справочнике, заказчик в процессе проведения комплексной вневедомственной экспертизы в целях эффективного использования финансовых средств вправе принять решение о пересмотре цен на материалы, включенные в Справочник, с пересчетом сметной стоимости строительства. Пересчет сметной стоимости осуществляется по заданию заказчика проектной организацией, разработавшей проект.
Требования пункта 5.13 СН РК установлены только к материальным ресурсам и инженерному оборудованию. На сегодняшний день, применение прайс-листов и коммерческих предложений распространяются только на технологическое оборудование.
Следует отметить, применение АГСК-3 при разработке сметной документации является одним из этапов по внедрению автоматизированной проверки сметной документации.
В рамках цифровизации строительной отрасли, ведется работа по объединению всех локальных смет в одну цифровую смету с автоматической проверкой при экспертизе проектов. Реализация этой инициативы планируется уже в 2025 году.
Пресс-служба Министерства промышленности и строительства РК