Еліміздің көптеген өңірінде құрылыс жұмыстарының қарқыны арта түскені байқалады.
Үкіметте құрылыс саласын және қала құрылысы кадастрын цифрландыру шаралары қаралды
29 сәуір 2025
Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бек-тенов құрылыс саласының ел экономикасындағы жетекші рө-лін атап өтті. Олжас Бектенов биылғы бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша құры-лыс жұмыс-тарының көлемі 1 трлн теңгеден асқанын, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңі-мен салыстырғанда 17%-ға жоғары екенін жеткізді. Сондай-ақ 3,7 млн м2 тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл былтырғы көрсеткіштен 7,5%-ға артық.
«Еліміздің көптеген өңірінде құрылыс жұмыстарының қарқыны арта түскені байқалады. Бұдан саланың орнықты дамуын көруге болады. Жалпы құрылыс секторы елдің инфрақұрылымдық негізін қалыптастырады. Көптеген жұмыс орындарын құрып, бизнестің дамуына және азаматтардың тұрмыс сапасына тікелей әсер етеді», – деп атап өтті Премьер-министр.
Олжас Бектенов: құрылыста цифрлық шешімдерді енгізу құрылыс жобаларын іске асыру мерзімдерін едәуір қысқартуға, шығындарды және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтуға мүмкіндік береді.
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында құрылыс саласын цифрландыру және қала құрылысы кадастры мәселесі қаралды.
«Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, осы салада цифрлық шешімдерді енгізу құрылыс жобаларын іске асыру мерзімдерін едәуір қысқартуға, шығындарды және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтуға мүмкіндік береді. Нысандарды үш өлшемді модельдеу, цифрлық қала құрылысы кадастрлары, жобаларды келісудің электрондық платформалары сияқты технологиялар және картография жүйелерімен интеграциялау құрылыс саласындағы қалыпты нормаға айналып келеді», – деп атап өтті Олжас Бектенов.
Премьер-министр цифрлық құралдарды қазақстандық тәжірибеде қолдануға баса назар аударды.
«Мемлекеттік қала құрылысы кадастрын, eQurylys порталын және Ақпараттық модельдер банкін енгізе отырып, біз қағаз жүзіндегі құжат айналымынан түпкілікті цифрлық үдерістерге көшеміз. Бүгінде инженерлік инфрақұрылымның 90%-дан астамы цифрландырылды. Рұқсат құжаттамасын беру және жобаларды келісу бойынша мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру іске қосылды. EGov порталы арқылы қол жеткізуге болатын үлестік құрылыстың бірыңғай тізілімі құрылды», – деп атап өтті Премьер-министр.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылыс саласында Бірыңғай ақпараттық жүйе іске қосылады. Олжас Бектенов 1-ші қазанға дейін инженерлік желілер схемалары мен қала құрылысы құжаттарын цифрландыруды аяқтауды тапсырды
Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов құрылыс саласының барлық қолданыстағы платформаларын бір жүйеге біріктірудің маңыздылығын атап өтті.
«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша осы жылдың соңына дейін Бірыңғай ақпараттық жүйе іске қосылады. Ол құрылыс саласының қолданыстағы барлық порталдарын бірыңғай платформада интеграциялайтын болады. Жүйеде «бірыңғай терезе» қағидаты бойынша қала құрылысын жоспарлаудан бастап нысандарды пайдалануға беруге дейінгі өзекті ақпараттардың барлығы жинақталады», – деп атап өтті Премьер-министр.
Премьер-министр жүйені іске қосу үшін барлық өңір әкімдіктеріне осы жылғы 1-ші қазанға дейін инженерлік желілер схемалары мен қала құрылысы құжаттарын қоса алғанда, барлық деректерді цифрландыруды аяқтауды, сондай-ақ құрылыс блогын цифрландыру жұмысын ерекше әрі тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.
Дереккөз: Primeminister.kz
Рост строительной активности наблюдается в большинстве регионов страны.
В Правительстве рассмотрены меры цифровизации строительной отрасли и градостроительного кадастра
29 апреля 2025
На заседании Правительства Премьер-министр Олжас Бектенов подчеркнул ведущую роль строительной отрасли в экономике Казахстана. Олжас Бектенов отметил, что по итогам первого квартала текущего года объем строительных работ превысил 1 трлн тенге, что на 17% выше показателя аналогичного периода прошлого года. Также введено в эксплуатацию 3,7 млн м2 жилья, что почти на 7,5% больше по сравнению с прошлым годом.
«Рост строительной активности наблюдается в большинстве регионов страны, что свидетельствует о стабильном развитии отрасли. В целом строительный сектор формирует инфраструктурный каркас страны, создает большое количество рабочих мест, обеспечивает развитие бизнеса и напрямую влияет на качество жизни граждан», - отметил Руководитель Правительства.
Олжас Бектенов: Внедрение цифровых решений в строительстве позволяет значительно сократить сроки реализации проектов, существенно снизить расходы и свести к минимуму коррупционные риски.
На заседании Правительства под председательством Премьер-министра Олжаса Бектенова рассмотрен вопрос цифровизации строительной отрасли и градостроительного кадастра.
«Мировой опыт показывает, что внедрение цифровых решений в строительстве позволяет значительно сократить сроки реализации проектов, существенно снизить расходы и свести к минимуму коррупционные риски. Такие технологии, как трехмерное моделирование объектов, цифровые градостроительные кадастры, электронные платформы согласования проектов и интеграция с системами картографии становятся нормой в строительной сфере», – подчеркнул Олжас Бектенов.
Руководитель Правительства акцентировал внимание на применении цифровых инструментов в казахстанской практике.
«С внедрением Государственного градостроительного кадастра, портала eQurylys и Банка информационных моделей мы переходим от бумажного документооборота к сквозным цифровым процессам. На сегодня оцифровано более 90% инженерной инфраструктуры. Запущена автоматизация госуслуг выдачи разрешительной документации и согласования проектов. Создан единый реестр долевого строительства, доступный через портал eGov», – отметил Премьер-министр.
По поручению Президента будет создана Единая информационная система в сфере строительства. Олжас Бектенов поручил до 1 октября завершить оцифровку схем инженерных сетей и градостроительные документы.
На заседании Правительства Премьер-министр Олжас Бектенов отметил важность объединения всех действующих платформ строительной отрасли в одну систему.
«По поручению Президента страны до конца этого года будет создана Единая информационная система, которая интегрирует в себя все действующие порталы строительной отрасли на единой платформе. Она по принципу «единого окна» аккумулирует всю актуальную информацию от градостроительного планирования до сдачи объектов в эксплуатацию», – подчеркнул Премьер-министр.
Руководитель Правительства поручил для обеспечения запуска системы акиматам всех регионов до 1 октября т.г. завершить оцифровку всех данных, включая схемы инженерных сетей и градостроительные документы. Также поручено держать работу по цифровизации строительного блока на особом и постоянном контроле.
Источник: Primeminister.kz