Жер қойнауын пайдалану, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы салаларындағы цифрлық трансформация туралы
26 маусым 2025
Бүгін Орталық коммуникациялар қызме-тінде экономиканың басым секторларындағы цифрлық трансформацияның жүзеге асырылу барысына арналған брифинг өтті. Іс-шарада ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Жәннат Дүбірова сөз сөйледі.
Қарқынды технологиялық даму жағдайында цифрландыру – мемлекеттік басқарудың тиімділігін, ашықтығын және орнықтылығын арттыратын басты құралдардың бірі. Осыған орай Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі аталған салаларда жүйелі цифрлық шешімдерді енгізу жұмыстарын кезең-кезеңімен жүргізіп келеді.
Жер қойнауын пайдалану саласындағы цифрландыру
Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасының негізінде геология және жер қойнауын пайдалану саласындағы 22 мемлекеттік қызмет цифрландырылды. Платформа интерактивті картаны, лицензиялар мен келісімшарттарды беру және олардың орындалуын бақылау үдерістерін автоматтандыруға мүмкіндік береді.
Ағымдағы жылдың соңына дейін геологиялық есептерді жасанды интеллект көмегімен өңдеу жобасын іске қосу жоспарланған. Жасанды интеллект жүйесі сканерленген есептерді, кестелер мен карталарды талдап, геологиялық Big Data — деректер базасын қалыптастырады. Қазіргі таңда прототип дайындау және бастапқы базаны құру — жобаның алғашқы кезеңі сәтті аяқталған. Бұл болашақта жер қойнауын кешенді талдау мен перспективалы учаскелерді болжау үдерістерін автоматтандыруға негіз болады.
Сондай-ақ, лицензиялық-келісімшарттық шарттар (ЛКШ) бойынша есепті электронды түрде тапсыру модулі іске асырылды. Биыл жер қойнауын пайдаланушылар алғаш рет есепті цифрлық форматта тапсырды.
Бұдан бөлек, келісімшарттар мен лицензияларды цифрландыру бойынша да ауқымды жұмыс атқарылды. Қазіргі уақытта қатты пайдалы қазбалар бойынша 3 449 келісімшарт пен лицензия цифрландырылды.
Сонымен қатар, жалпыға таралған пайдалы қазбалар (ЖПҚ) бойынша акиматтармен бірлесіп цифрландыру жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде 2 024 келісімшарт пен лицензия цифрланды.
Құрылыс саласындағы цифрландыру
Цифрлық трансформацияның негізгі бағыт-тарының бірі – Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесін (МҚҚК ААЖ) енгізу. Аталған жүйе:
2025 жылдың III тоқсанында жүйені өндірістік пайдалануға енгізу жоспарланып отыр.
Ал IV тоқсаннан бастап келесі мемлекеттік қызметтер толықтай электронды форматта ұсынылады:
Сондай-ақ, жыл соңына дейін Co-Pilot жасанды интеллект жүйесін қолдану бойынша пилоттық жоба іске асырылады. Жоба аясында дрондар арқылы аумақты әуеден шолу жүргізіліп, алынған деректер бекітілген бас жоспарлармен және ЕЖЖ-мен салыстырылады. Егер сәйкессіздіктер анықталса, бұл ақпарат автоматты түрде сәулет-құрылыс бақылау органдарына (СҚБО) жолданады.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы цифрландыру
2025 жылдың IV тоқсанының соңына дейін Бірыңғай төлем құжатын (БТҚ) еліміздегі барлық елді мекенге, соның ішінде ауылдық аймақтарға енгізу жоспарланған. Бұл коммуналдық төлемдер бойынша ақпараттық теңгерімсіздікті жойып, бірыңғай есеп жүргізу стандарттарын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, коммуналдық қызмет көр-сету сапасын арттыру мақсатында үдерістерді қайта инжинирингтеу және автоматтандыру жұмыстары жүргізілуде.
Осы кезеңде іске қосылатын Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының бірыңғай платформасы келесі компоненттерді қамтиды:
Салаларды цифрландыру – бұл мемле-кеттік басқарудың ашық, тиімді әрі орнықты моделін қалыптастыруға, инвестиция тартуға, инновацияны дамытуға және азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған стратегиялық қадам.
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі
О цифровой трансформации в сфере недропользования, строительства и жилищно-коммунального хозяйства
26 июня 2025
Сегодня в Службе центральных коммуникаций состоялся брифинг, посвящённый ходу цифровой трансформации в приоритетных секторах экономики. В качестве спикера выступила вице-министр промышленности и строительства Республики Казахстан Жаннат Дубирова.
В условиях стремительного технологического прогресса цифровизация становится ключевым инструментом повышения эффективности, прозрачности и устойчивости государственного управления.
В этой связи Министерство промышленности и строительства системно реализует цифровые инициативы в таких отраслях, как недропользование, строительство и жилищно-коммунальное хозяйство (ЖКХ).
Цифровизация в сфере недропользования
На базе Единой платформы недропользования оцифровано 22 государственных услуги в области геологии и недропользования. Платформа обеспечивает работу интерактивной карты, а также автоматизирует процессы выдачи лицензий, заключения контрактов и мониторинга исполнения обязательств.
До конца текущего года запланирован запуск проекта по обработке геологических отчётов с применением искусственного интеллекта (ИИ).
ИИ-система обрабатывает сканированные отчёты, таблицы и карты, формируя Big Data — базу геологических данных. Первый этап проекта, включающий разработку прототипа и создание первичной базы, уже успешно завершён. Это создаёт основу для автоматизации анализа и прогнозирования перспективных участков недр.
Также реализован модуль электронной сдачи отчётности по лицензионно-контрактным условиям (ЛКУ). В этом году недропользователи впервые отчитались в цифровом формате.
Кроме того, проведены работы по оцифровке контрактов и лицензий. На сегодняшний день оцифрованы 3449 контрактов и лицензий по объектам твёрдых полезных ископаемых (ТПИ).
Совместно с акиматами ведётся активная работа по оцифровке контрактов и лицензий по объектам общераспространённых полезных ископаемых (ОПИ). Уже оцифрованы 2024 контракта и лицензии по ОПИ.
Цифровизация в строительной отрасли
Ключевым направлением стало внедрение Автоматизированной информационной системы Государственного градостроительного кадастра (АИС ГГК). Она обеспечивает:
В III квартале 2025 года планируется запуск системы в промышленную эксплуатацию.
С IV квартала — перевод в боевой режим оказания следующих государственных услуг:
Дополнительно, до конца года будет реализован пилотный проект применения ИИ-системы Co-Pilot.
Дроны будут выполнять облет территорий, а система искусственного интеллекта будет сравнивать данные с утверждёнными градостроительными планами. При обнаружении расхождений информация будет автоматически передаваться в органы архитектурного контроля (ГАСК).
Цифровизация в сфере ЖКХ
До конца IV квартала 2025 года планируется завершить масштабирование Единого платёжного документа (ЕПД) на все населённые пункты, включая сельские. Это обеспечит единый стандарт учёта и исключит информационную асимметрию по коммунальным платежам.
Параллельно проводится реинжиниринг коммунальных услуг с целью автоматизации процессов и повышения качества обслуживания населения.
Кроме того, в IV квартале будет запущен пилотный проект Единой платформы ЖКХ, в которую войдут:
Цифровизация отраслей — это стратегический вектор, направленный на формирование открытой, эффективной и устойчивой модели государственного управления, создание условий для привлечения инвестиций, развития инноваций и повышения качества жизни граждан.
Пресс-служба Министерства промышленности и строительства РК