Ерсайын Нағаспаев «Мемсараптама» РМК-мен құрылыс саласын цифрландыру мәселелері бойынша кеңес өткізді
23 тамыз 2025
Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев «Мемсараптама» РМК-да құрылыс секторын цифрлық трансформациялау мәселелері бойынша жұмыс кеңесін өткізді.
Министрліктің ведомстволық бағынышты ұйымдары – «Мемсараптама» РМК, «Мемқалакадастр» РМК және «ҚазҚСҒЗИ» АҚ есеп берді. Жұмыстың негізгі нәтижелері, ағымдағы цифрлық қызметтер және оларды одан әрі дамыту жоспарлары таныстырылды.
Отырыста құрылыстың толық циклін цифрландыруды қамтамасыз ететін салалық ақпараттық жүйелер қарастырылды: қала құрылысы кадастры ГГК ААЖ, ГБИМ жобалау-сараптамалық порталы (ақпараттық үлгілердің мемлекеттік банкі), сондай-ақ «Е-Құрылыс» мониторинг және бақылау жүйесі. Саладағы барлық цифрлық шешімдердің интеграциясы мен үздіксіз әрекеттесуін қамтамасыз ететін Бірыңғай құрылыс порталының тұжырымдамасы бөлек ұсынылды.
Министрге бастапқы рұқсат беру құжаттарын беру, жасанды интеллект арқылы құрылысты бақылау, сараптамадан өту, атқарушылық құжаттаманы дайындау және сметалық есептерді автоматтандырылған тексеру қызметтері көрсетілді.
Ерсайын Нағаспаев цифрландыру құры-лыс саласының тиімділігі мен ашықтығын, әсіресе құрылыс көлемін ұлғайту және сапаға қойылатын талаптарды арттыру жағдайында басты құрал екенін баса айтты.
Отырыс қорытындысы бойынша Қазақстанның құрылыс саласында, оның ішінде жасанды интеллекті пайдалана отырып, озық технологияларды енгізу және цифрлық қызметтерді дамыту бойынша жұмысты жалғастыру тапсырылды.
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі
Ерсайын Нагаспаев провёл совещание с РГП «Госэкспертиза» по вопросам цифровизации строительной отрасли
23 августа 2025
Министр промышленности и строительства Ерсайын Нагаспаев провёл рабочее совещание на площадке РГП «Госэкспертиза», по вопросам цифровой трансформации строительного сектора.
Свои доклады представили подведомственные организации министерства — РГП «Госэкспертиза», РГП «Госградкадастр» и АО «КазНИИСА». Были представлены ключевые результаты работы, действующие цифровые сервисы и планы их дальнейшего развития.
В рамках встречи рассмотрены отраслевые информационные системы, обеспечивающие цифровизацию полного жизненного цикла строительства: градостроительный кадастр АИС ГГК, портал проектирования и экспертизы ГБИМ (государственный банк информационных моделей), а также система мониторинга и контроля Е-Курылыс. Отдельно презентована концепция Единого строительного портала, предусматривающего интеграцию и бесшовное взаимодействие всех цифровых решений отрасли.
Министру продемонстрировали сервисы по выдаче исходно-разрешительной документации, контролю застройки с использованием искусственного интеллекта, прохождению экспертизы, оформлению исполнительной документации и автоматизированной проверке сметных расчётов.
Ерсайын Нагаспаев подчеркнул, что цифровизация является ключевым инструментом повышения эффективности и прозрачности строительной отрасли, особенно в условиях роста объёмов строительства и усиления требований к качеству.
По итогам совещания поручено продолжить работу по внедрению передовых технологий и развитию цифровых сервисов в строительной сфере Казахстана, в том числе с использованием искусственого интеллекта.
Пресс-служба Министерства промышленности и строительства РК