ҚР Құрылыс кодексінің жобасы Парламент Мәжілісінде екінші оқылымда мақұлданды

26 қараша 2025

2025 жылғы 26 қарашада ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында екінші оқылымда ҚР Құрылыс кодексінің жобасы және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сәулет, қала құрылысы және құрылыс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚРЗ жобасы мақұлданды.

Бұл заң жобаларын ҚР Үкіметі Мемлекет басшысының сәулет және құрылыс саласындағы қатынастарды реттеуді жетілдіру, сондай-ақ саланың жүйелі мәселелерін шешу жөніндегі тапсырмаларын орындау мақсатында әзірледі.

Жобалар шеңберінде құрылыс нарығы субъектілерінің рөлін саралау және нақтылау, отандық ғылымды қолдау, құрылыс туралы шешімдер қабылдау кезінде жұртшылықтың қатысуы көзделген, сондай-ақ мемлекеттік бақылау жөніндегі шаралар күшейтілді, бұл сапалы қала құрылысын жоспарлау мен құрылысты қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ сейсмикалық аймақтарда жобалау және құрылыс ерекшеліктері, құрылыс саласының инженерлерін сертификаттауды енгізу, «жедел бақылау шарасы» және «жоспарлы инспекциялау» жаңа тетіктерін енгізу, объектілерді пайдалануға қабылдау кезінде инновациялар сияқты реттеудің жаңа нысандары көзделген.

Процестерді автоматтандыру және цифрландыру мақсатында Кодекс шеңберінде құрылыс саласының бірыңғай цифрлық экожүйесін енгізу, АММБ жаңа жүйесін тапсырыс берушінің бірыңғай терезесі ретінде пайдалану көзделеді, бұл құрылыстың барлық қатысушыларының жұмысын бір бастапқы интерфейс арқылы қамтамасыз етеді.

Аталған нормалар құрылыс нарығын монополиясыздандыруға, аумақтардың тұрақты дамуын қамтамасыз ету және халықтың өмір сүру сапасын арттыру үшін жобалау мен құрылыс сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Бұл заң жобалары бойынша одан арғы жұмыс регламентке сәйкес ҚР Парламенті Сенатында жалғасады.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі

 

Проект Строительного кодекса РК принят во втором чтении в Мажилисе Парламента

26 ноября 2025

26 ноября 2025 года на Пленарном заседании Мажилиса Парламента РК во втором чтении поддержаны проект Строительного кодекса РК и проект ЗРК «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам архитектуры, градостроительства и строительства».

Данные законопроекты разработаны Правительством РК по исполнению поручений Главы государства по улучшению регулирования отношений в сфере архитектуры и строительства, а также решения системных проблем отрасли.

В рамках проектов предусмотрены разграничения и детализация роли субъектов строительного рынка, поддержка отечественной науки, участие общественности при принятии решений о застройке, а также усилены этапы строительства и ужесточена ответственность, что обеспечит качественное градостроительное планирование и строительство.

Также предусмотрены новые формы регулирования, как особенности проектирования и строительства в сейсмических зонах, внедрение сертификации инженеров строительной отрасли, внедрение новых механизмов «мера оперативного контроля» и «планового инспектирования», нововведения при приемке объектов в эксплуатацию.

В целях автоматизация и цифровизации процессов в рамках Кодекса предусматривается внедрение единой цифровой экосистемы строительной отрасли, использование новой системы ГБИМ в качестве единого окна заказчика, что обеспечит работу всех участников строительства через один начальный интерфейс.

Указанные нормы позволят демонополизировать строительный рынок, повысить качество проектирования и строительства для обеспечения устойчивого развития территорий и повышения качества жизни населения.

Дальнейшая работа по данным законопроектам продолжится в стенах Сената Парламента РК согласно регламента.

Пресс-служба Министерства промышленности и строительства РК