1 қаңтардан бастап жобалар сараптамасы жаңа цифрлық порталға өтеді

4 желтоқсан 2025 

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жобалар-ды әзірлеу және сараптамадан өткізу үдерісін «бір терезе» қағидасы бойынша ұйымдастыруға арналған жаңа Порталы іске қосылып, қолданыстағы epsd.kz порталының орнына енгізіледі.

Жаңа Портал құрылыс саласындағы бар-лық қатысушыларды – тапсырыс берушілерді, салалық реттеушілерді, жобалау және сараптама ұйымдарын бірыңғай цифрлық ортада біріктіруге бағытталған.

Платформа жобалау кезеңінен бастап қатысушылардың бірлескен жұмысын қамтамасыз етіп, құрылыс нысанының толық цифрлық өмірлік циклын қалыптастырады.

2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін сараптамаға ұсынылған жобалар бойынша барлық рәсімдер қолданыстағы epsd.kz порталында аяқталады.

Келесі жылдан бастап кешенді қала құ-рылысы сараптамасы мен кешенді ведомстводан тыс сараптама, сондай-ақ Құрылыс жо-баларының мемлекеттік банкінің өтінімдері тек жаңа Портал арқылы қабылданатын болады.

«Мемсараптама» РМК жаңа цифрлық платформаға кезең-кезеңімен көшу мақсатында, пайдаланушыларды оқытуға және нарық қатысушыларын жаңа Порталдың құралдарына бейімдеуге бағытталған оқыту іс-шараларын жоспарлауда.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі

 

С 1 января экспертиза проектов переходит на новый цифровой портал

4 декабря 2025

С 1 января 2026 года запускается новый Портал для организации разработки и прохождения экспертизы проектов по принципу «одного окна», который вводится взамен действующего портала epsd.kz.

Новый Портал предназначен для объединения в единой цифровой среде данных всех участников строительного процесса — заказчиков, отраслевых регуляторов, проектных и экспертных организаций.

Платформа обеспечивает совместную работу участников с ранних этапов проектирования и способствует формированию полноценного цифрового жизненного цикла объекта строительства.

По проектам, поданным на экспертизу до 31 декабря 2025 года включительно, все процедуры будут выполнены на действующем портале epsd.kz.

Со следующего года проекты на комплексную градостроительную экспертизу и комплексную вневедомственную экспертизу, а также заявки Государственного банка проектов строительства будут приниматься исключительно посредством нового Портала.

Для перехода на новую цифровую платформу РГП «Госэкспертиза» планирует проведение обучающих мероприятий, направленных на подготовку пользователей и адаптацию участников рынка к инструментам нового Портала.

Пресс-служба Министерства промышленности и строительства РК