2025 жылдың алғашқы 11 айында 16,9 миллион мтұрғын үй пайдалануға берілді

18 желтоқсан 2025 

3n1

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов БАҚ өкілдерімен өткен баспасөз кездесуінде 2025 жылдың алдын ала нәтижелерімен бөлісті. Вице-министр құрылыс саласында осы жылдың қаңтарынан қарашасына дейін оң нәтижелерге қол жеткізілгенін атап өтті.

«2025 жылдың алғашқы 11 айының қорытындысы бойынша 16,9 миллион шаршы метр тұрғын үй немесе 154 300 бірлік пайдалануға берілді», – атап өтті Қуандық Қажкенов.

Президенттің сайлауалды бағдарлама-сының бөлігі ретінде 2029 жылға қарай 111 миллион шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарлануда, бұл 1 миллионнан астам азаматты жеке тұрғын үймен қамтамасыз етеді. Бұл жоспарланған көрсеткіштен 7,3 миллион шаршы метрге артық.

Одан кейін Қуандық Қажкенов әлеуметтік жағынан осал топтарды қолдау бойынша жүзеге асырылып жатқан шаралар туралы айтты. Тұрғын үй секторында халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған жалға берілетін тұрғын үй және кезекте тұрғандарға несиелік тұрғын үй беру түрінде мемлекеттік тұрғын үйді қолдау шаралары жүзеге асырылуда.

«Әлеуметтік жағынан осал топтарға жалға берілетін тұрғын үйлерді беру мақсатында 2025 жылдың алғашқы 11 айының соңына дейін 7,2 мың пәтер сатып алынды», – атап өтті Қуандық Қажкенов.

Сондай-ақ, әкімдіктер 11 айда мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару арқылы 4,4 мың пәтер салып, сатып алды. Сонымен қатар, 2% және 5%-дық мөлшерлемемен 4,9 мың жеңілдікпен ипотекалық несие берілді, жалпы сомасы 63,1 млрд теңге құрайды. Қосымша 11 айда «Наурыз» және «Наурыз Жұмыскер» ипотекалық бағдарламалары бойынша жалпы сомасы 205,7 млрд теңгеге 7,6 мың ипотекалық несие берілді.

Жаңа заңнамалық түзетулер аясында тұрғын үйге мұқтаж адамдарды тіркеу және жалға берілетін тұрғын үйді тарату міндеті әкімдіктерден «Отбасы банкі» АҚ-на берілгенін атап өткен жөн. Қазіргі уақытта 965 мыңнан астам азамат тіркелген, оның ішінде шамамен 600 мыңы әлеуметтік жағынан осал топқа жатады. Биыл азаматтарға шамамен 7,3 мың жалға берілетін пәтер және 10 мыңнан астам субсидияланған ипотекалық несие берілді.

Мемлекеттік қолдаудың қосымша шарасы – тұрғын үй жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялау және тұрғын үй сертификаттарын беру. 2025 жылдың үшінші тоқсанының соңына қарай 11 мыңнан астам азамат осы субсидиялардан пайда көрді, осы мақсаттарға республикалық бюджеттен 7,6 млрд теңге бөлінді. Сондай-ақ, 11 айдың қорытындысы бойынша 1400-ден астам азамат алғашқы жарналарын жабу үшін жалпы сомасы 1,7 млрд теңгеге тұрғын үй сертификаттарын алды.

Мемлекет басшысының биылғы жылдың соңына дейін халықты ауыз сумен 100% қамтамасыз ету туралы тапсырмасы мұқият бақыланып отыр. Вице-министр 90 қаланың 73-і орталықтандырылған сумен жабдықталғанын, ал қалған 17-сі 2025 жылдың соңына дейін қамтамасыз етілетінін атап өтті. 6 148 ауылдың 5 685-і сумен қамтамасыз етілген, қалған 463 ауыл жоспар бойынша қосылады, ал 255 ауылға орталықтандырылған сумен жабдықтау құрылыс жобалары жоспарлануда. Қалалар мен ауылдық жерлердегі сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамыту жобаларына республикалық бюджеттен 241 млрд теңге бөлінді.

Өткен жылы Президенттің жолдауы аясында Энергетика және коммуналдық шаруашылық салаларын жаңғыртудың ұлттық жобасы мақұлданды. Ұлттық жобаның негізгі мақсаттарының бірі – шамамен 13 триллион теңге инвестиция тарту арқылы ел бойынша желінің тозуын 40%-ға төмендету. «Министрлік жалпы құны 1 триллион теңге болатын шамамен 8 мың км сумен жабдықтау және кәріз желілерін жаңғыртуды және жалпы құны шамамен 0,8 триллион теңге болатын 45 кәріз-тазарту құрылысы жобасын жүзеге асыруды жоспарлап отыр», – деді Қуандық Қажкенов.

Қазіргі уақытта Атырау, Ақтау, Қарқаралы, Ленгер, Қаражал және Қызылорда қалаларында кәріз-тазарту құрылысы жобаларын қайта құру және салу жұмыстары жүргізілуде. Ақтау мен Ленгердегі кәріз-тазарту құрылысы жобалары осы жылдың соңына дейін аяқталуы жоспарлануда, ал Атырау, Қызылорда және Шымкент қалаларында кәріз-тазарту құрылыстарын 2026 жылы пайдалануға беру күтілуде.

Сондай-ақ, вице-министр Мемлекет бас-шысының Құрылыс процестеріне арналған бірыңғай ақпараттық жүйені әзірлеу туралы тапсырмасын орындау бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтты.

«2026 жылдың қаңтарынан бастап біз құрылыс жобасының өмірлік циклінің негізгі кезеңдерін қамтитын қызметтері бар порталды іске қосуды жоспарлап отырмыз», – атап өтті Қуандық Қажкенов.

Портал қолданыстағы салалық жүйелердің, мысалы, Қала құрылысы кадастры ААЖ, Сараптама порталы және E-Құрылыс қызметтерін, сондай-ақ құрылысқа қатысты ақпараттық ресурстар мен қызметтерді біріктіреді. Мысалы:

- республиканың 89 қаласы үшін бастапқы құрылыс рұқсаттарының пакетін беру бойынша мемлекеттік қызметтер: сәулеттік жоспарлау тапсырмалары, электр желісіне қосылу үшін техникалық сипаттамалар және алдын ала жобаларды бекіту;

- құрылыс жобасын әзірлеу процесін цифрландыру;

- нысанды пайдалануға беру туралы актіні дайындау және қол қою (Астанадағы пилоттық жоба) және т.б.

Қуандық Қажкеновтің айтуынша, «бір терезе» қағидаты пайдаланушыларға бірнеше рет кірудің қажеті жоқ жүйелер арасында кедергісіз және қажетті қызметті алу үшін тікелей бетке өтуге мүмкіндік беретін бірыңғай egov.kz логині енгізілуімен қамтамасыз етіледі.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі

 

16,9 млн м2 жилья введено в эксплуатацию за 11 месяцев 2025 года

18 декабря 2025

3n2

Вице-министр промышленности и строительства РК Куандык Кажкенов на пресс-встрече с представителями СМИ поделился предварительными результатами работы за прошедший год. Вице-министр отметил, что за период с января по ноябрь текущего года в сфере строительства были достигнуты положительные результаты.

«По итогам 11 месяцев 2025 года введено в эксплуатацию 16,9 млн. кв. метров жилья или 154,3 тыс. жилищ», – подчеркнул Куандык Кажкенов.

В рамках предвыборной программы Главы Государства до 2029 года планируется ввести в эксплуатацию 111 млн.кв.м и обеспечить более 1 млн. граждан собственным жильем. Опережение планового показателя составляет 7,3 млн. кв. метров.

Далее Куандык Кажкенов рассказал о применяемых мерах поддержки социально уязвимых слоев населения. В жилищном секторе применяются меры поддержки государственного жилья в качестве арендного для социально уязвимых слоев населения и кредитного жилья для очередников.

«В целях обеспечения арендным жильем социально уязвимые слои населения приобретено 7,2 тыс. квартир по итогам 11 месяцев 2025 года», – подчеркнул Куандык Кажкенов.

Также, за счет выпуска государственных ценных бумаг акиматами по итогам 11 месяцев построено и приобретено 4,4 тыс. квартир. Кроме того, выдано 4,9 тыс. льготных ипотечных займов под 2% и 5% на общую сумму 63,1 млрд тенге. Дополнительно, по итогам 11 месяцев, в рамках ипотечных программ «Наурыз» и «Наурыз Жұмыскер» выдано 7,6 тыс. ипотечных займов на сумму 205,7 млрд тенге.

Необходимо отметить, что в рамках новых законодательных поправок функция по учету нуждающихся в жилище и распределения арендного жилья была передана из акиматов в АО «Отбасы банк». На сегодняшний день на учете состоят более 965 тыс. граждан, из них порядка 600 тыс. относятся к категории социально-уязвимых слоев населения. В течении текущего года гражданам предоставлено порядка 7,3 тыс. арендного жилья и более 10 тыс. льготных ипотечных займов.

Дополнительной мерой государственной поддержки является субсидирование части арендной платы за жилье и предоставление жилищных сертификатов. По итогам 3 квартала 2025 года, более 11 тыс. граждан уже приватизировали коммунальное жилье. Также, по итогам 11 месяцев более 1 400 граждан получили жилищные сертификаты на покрытие первоначального взноса на общую сумму 1,7 млрд тенге.

Поручение Главы государства по 100% обеспечению население питьевой водой до конца текущего года находится на особом контроле. Вице-министр подчеркнул, что в целях обеспечения населения качественными коммунальными услугами проводится работа по снижению износа сетей тепло -, водоснабжения и водоотведения. По итогам 2025 года планируется снижение уровня сетей тепло-, водоснабжения и водоотведения на 47%.

Необходимо отметить, что в прошлом году в рамках послания Главы государства был утвержден Национальный проект по «Модернизации энергетического и коммунального секторов». Одной из главных целей Нацпроекта является снижение износа сетей по стране до 40% посредством привлечения инвестиций на сумму порядка 13 трлн тенге. «По линии Министерства предусматривается модернизация порядка 8 тыс. км сетей водоснабжения и канализации на общую предварительную сумму 1,0 трлн тенге и реализация 45 проектов КОС на общую сумму порядка 0,8 трлн тенге», – сказал Куандык Кажкенов.

На сегодняшний день в городах Атырау, Актау, Каркаралинск, Ленгер, Каражал и Кызылорда ведется реконструкция и строительство КОС. До конца текущего года планируется завершение проектов КОС в городах Актау и Ленгер, а в 2026 году – ввод в эксплуатацию КОС в Атырау, Кызылорде и Шымкенте.

Также вице-министр рассказал о применяемых мерах по исполнению поручения Главы Государства по разработке Единой информационной системы процессов строительства.

«С января 2026 года планируется запустить Портал с услугами, охватывающими ключевые стадии жизненного цикла строительного объекта», – отметил Куандык Кажкенов.

Портал объединит в себе сервисы действующих отраслевых систем в строительстве как АИС ГГК, Портал экспертизы, Е-Курылыс, а также информационные ресурсы и услуги, связанные со строительством. К примеру:

- государственные услуги по выдаче пакета исходно-разрешительных документов на строительство по 89 городам республики: архитектурно-планировочное задание, технические условия на подключение к сетям, согласование эскизного проекта;

- перевод в цифровой формат процесса организации разработки проектов строительства;

- формирование и подписание акта ввода объекта в эксплуатацию (пилотный проект в г.Астана) и др.

По словам Куандыка Кажкенова, принцип «одного окна» будет обеспечен за счёт введения единой авторизации egov.kz и, что обеспечит возможность бесшовного перехода пользователей между системами без необходимости повторной авторизации и непосредственно на страницу получения необходимой услуги.

Пресс-служба Министерства промышленности и строительства РК