Инженерлік инфрақұрылымды толыққанды цифрландыру жүргізілуде
 
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі әкімдіктермен бірлесіп өңірлердің инженерлік инфрақұрылымы туралы деректерді цифрландыру және толтыру бойынша жұмыс жүргізуде. Бұл іс-шара «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» Ұлттық жобасы шеңберінде іске асырылуда.
 
 
Атап айтқанда, 2024 жылға дейін еліміздегі ірі елдімекендердің инженерлік инфрақұрылымын толыққанды цифрландыру жоспарланып отыр. Биыл Ақтөбе, Қарағанды, Өскемен, Лисаков (Қостанай облысы) және Арыс (Түркістан облысы) қалаларындағы құрылыс жүргізілген 9,3 мың га аумаққа инженерлік нысандарды түгендеу жұмыстары жүргізілуде. 2022 жылдың алғашқы жартыжылдығының қорытындысы бойынша аталған өңірлердегі 3,8 мың га аумақтағы инженерлік коммуникациялар түгенделген.
 
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен елдімекендердің 10,7 мың га аумағында жерасты және жерүсті коммуникацияларын түгендеу жүргізілуде. Оның ішінде Павлодар облысының (Павлодар қ. – 1092,36 га, Ақсу қ. – 524,49 га, Екібастұз қ. – 2724,17 га, Шарбақты а. – 178,12 га, Көктөбе а. – 120,0 га, Железин а. – 89,2 га), Ақмола облысының (Атбасар қ. – 400,28 га, Щучинск қ. – 1137 га), Түркістан облысының (Леңгір қ. – 473,25 га, Мырзакент а. – 24,9 га, Шәуілдір а. – 222,65 га, Жетісай қ. – 57,37 га), Батыс Қазақстан облысының (Орал қ. – 124,68 га, Ақсай қ. – 400,79 га, Жәнібек а. – 4,45 га, Қазталов а. – 63,31 га, Каменка а. – 84,6 га, Қаратөбе а. – 60,0 га, Чапаев а. – 140,2 га) және Солтүстік Қазақстан облысының (Бескөл а. – 443,10 га) елдімекендері бар.
 
Өз кезегінде инженерлік коммуникациялардың цифрлық деректері қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне енгізіледі. Бұл республиканың бүкіл аумағында қажетті ақпаратты жинауды, өңдеуді, сақтауды және ұсынуды бірыңғай есепке алуды қамтамасыз етеді.
 
Бүгінде қала құрылысы кадастрының деректер қоры инженерлік коммуникациялар деректерінің 63,7 пайызын (328 мың га) қамтиды. Инфрақұрылымдық деректермен жұмыс істеу үшін жергілікті атқарушы органдар мен табиғи монополиялар субъектілеріне Бірыңғай инфрақұрылымдық деректер геопорталына қолжетімділік қамтамасыз етіледі.
 
ҚР ИИДМ баспасөз қызметі
 
 
Полная оцифровка планируется в части инженерной инфраструктуры
 
Министерством индустрии и инфраструктурного развития РК совместно с акиматами проводится работа по оцифровке и наполнению данных об инженерной инфраструктуре регионов. Данная мера предусмотрена в рамках Национального проекта «Технологический рывок за счет цифровизации, науки и инноваций».
 
Так, до 2024 года планируется полная оцифровка крупных населенных пунктов в части инженерной инфраструктуры. В текущем году проводится инвентаризация 9,3 тыс. га застроенной территории городов Актобе, Караганда, Усть-Каменогорск, Лисаковск (Костанайская область) и Арысь (Туркестанская область). По итогам первого полугодия текущего года инвентаризировано 3,8 тыс. га территории.
 
За счет местного бюджета проводится инвентаризация подземных и наземных коммуникаций 10,7 тыс. га населенных пунктов, в числе которых Павлодарская (Павлодар – 1092,36 га, Аксу – 524,49 га, Экибастуз – 2724,17 га, с. Шарбакты – 178,12 га, с. Коктобе – 120,0 га, с. Железинка – 89,2 га), Акмолинская (Атбасар – 400,28 га, Щучинск – 1137 га), Туркестанская (Ленгер – 473,25 га, с. Мырзакент – 24,9 га, с. Шаульдер – 222,65 га, Жетысай – 57,37 га), Западно-Казахстанская (Уральск – 124,68 га, Аксай – 400,79 га, с.Жанибек – 4,45 га, Казталовка – 63,31 га, Каменка – 84,6 га, Каратобе – 60,0 га, Чапаев – 140,2 га), Северо-Казахстанская (с. Бесколь – 443,10 га) области.
 
Таким образом, цифровые данные инженерных коммуникаций вносятся в автоматизированную информационную систему градкадастра, тем самым обеспечивая единый учет сбор, обработку, хранение и представление информации на всей территории республики.
 
На сегодня база данных градкадастра содержит 63,7% (328 тыс.га) сведений об инженерных коммуникациях. Для работы с инфраструктурными данными местным исполнительным органам и субъектам естественных монополий будет обеспечен доступ к Единому геопорталу.
 
Пресс-служба МИИР РК