Елордада лак-бояу өнімдерініңжаңа өндірісі іске қосылды
 
«Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының №1 индустриялық паркі аумағында тоттануға қарсы және оттан қорғау материалдары мен лак-бояу өнімдерін өндіретін жаңа зауыттың салтанатты ашылу рәсімі өтті.
 
Іс-шараға ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Марат Қарабаев, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Бекмурзаев, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» АҚ, жобалау институттары мен ірі құрылыс ұйымдарының өкілдері қатысты.
 
«Қазақстан Республикасында экспортқа бағдарланған әлеуеті бар құрылыс материалдарын өндіру арқылы импортты алмастыруды дамыту мәселесі стратегиялық басымдықтардың бірі. Еліміз халықаралық деңгейдегі сапалы лак-бояу өнімдерін өндіруге мүдделі. Қазақстанның қатысуымен шетелдік инвесторлардың «ВМП Астана зауыты» жобасының сәтті іске асырылуы елімізді құрылыс материалдарының осы сегментінің импортқа тәуелділігін төмендетумен қамтамасыз етеді», – деп атап өтті Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Марат Қарабаев.
 
Есігін айқара ашқан зауыттың негізгі құрылтайшысы – өнеркәсіптік қолдануға арналған заманауи лак-бояу материалдарын ресейлік өндірушілер арасында көшбасшы «ВМП» ғылыми-өндірістік холдингі болып табылады. Зауыт құрылысына Оңтүстік Корея, Италия, Германия өндірген жоғары технологиялық жабдықтар пайдаланылды. Жаңа зауыттың өндірістік қуаты жылына 5 мың тоннадан асады, 40-қа жуық жаңа жұмыс орындары ашылуда.
 
Аталған зауытта металл, бетон және темір-бетон конструкцияларын коррозиядан және оттың әсерінен қорғауға арналған лак-бояу өнімдері шығарылатын болады. Сонымен қатар зауыт өнімдері жол айрықтарын, теміржол, жаяу жүргіншілер және автомобиль көпірлерін салуда қолданылады. Өндіріс технологиясын және зауыттың халықаралық сапа стандартын ескере отырып, өнім өндіруге арналған шикізат тікелей Еуропа мен Оңтүстік Кореядан сатып алынады.
 
«Кәсіпорынның іске қосылуының нәтижесінде Қазақстан халықаралық аналогтардан кем түспейтін сапалы лак-бояу өнімдерін жеткізуші болып отыр. Жалпы, жобаны жүзеге асырудың сала үшін де, ел үшін де экономикалық және ғылыми пайдасы бар», – деді зауыттың бас директоры Михаил Вахрушев.
 
Айта кетерлігі, зауыт зертханасы базасында коррозиядан қорғау саласындағы жаңа әзірлемелерді іс жүзінде енгізу бойынша ғылыми қызмет жүргізілуде.
 
ҚР ИИДМ Баспасөз қызметі
 
 
В столице запущено новое производство лакокрасочной продукции
 
На территории Индустриального парка №1 СЭЗ «Астана – новый город» состоялась торжественная церемония открытия нового завода по производству антикоррозионной, огнезащитной и другой лакокрасочной продукции.
 
В мероприятии приняли участие вице-министр индустрии и инфраструктурного развития РК Марат Карабаев, заместитель акима г. Нур-Султан Ерлан Бекмурзаев, а также представители АО «Самрук-Қазына», проектных институтов и крупных строительных организаций.
 
«Развитие импортозамещения путем производства стройматериалов в Республике Казахстан с потенциалом экспортоориентированности – один из стратегических приоритетов. Наша страна заинтересована в производстве и сбыте качественной лакокрасочной продукции на уровне международного класса с высокой добавленной стоимостью. Успешная реализация проекта «Завод ВМП Астана» иностранными инвесторами с казахстанским участием обеспечивает нашу страну снижением импортозависимости данного сегмента стройматериалов», – отметил в своем выступлении вице-министр индустрии и инфраструктурного развития Марат Карабаев.
 
«Завод ВМП Астана» – российско-израильское совместное предприятие с казахстанским участием, основным учредителем которого является Научно-производственный холдинг «ВМП», лидер среди российских производителей современных лакокрасочных материалов для промышленного применения. При строительстве завода использовано высокотехнологичное оборудование производства Южной Кореи, Италии, Германии. Производственная мощность нового завода составит более 5 тыс. тонн в год. Создаются около 40 рабочих мест.
 
На заводе будут выпускать лакокрасочную продукцию, предназначенную для защиты металлических, бетонных и железобетонных конструкций от коррозии и воздействия огня. Кроме того, продукция завода используется при строительстве транспортных развязок, железнодорожных, пешеходных и автомобильных мостов. Учитывая технологию производства и международный стандарт качества завода, сырье для производства продукции закупается напрямую из Европы и Южной Кореи.
 
«Благодаря запуску предприятия Казахстан становится поставщиком качественной лакокрасочной продукции, не уступающей международным аналогам при конкурентной стоимости. В целом, реализация проекта имеет экономическую и научную пользу, как для отрасли, так и для страны», – поделился Генеральный директор завода Михаил Вахрушев. Следует отметить, что на базе лаборатории завода ведется научная деятельность по практическому внедрению новых разработок в сфере защиты от коррозии.
 
Пресс-служба МИИР РК