Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру тетіктері талқыланды
 
 
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Президенттің экономикалық мәселелер
жөніндегі кеңесшісі, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы реформалар жөніндегі Жоғары кеңес
төрағасының орынбасары Сэр Сума Чакрабартимен кездесті.
 
Кездесу барысында Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру тетіктері талқыланды.
Атап айтқанда, қала құрылысы Кодексін әзірлеу және инфра-құрылымдық даму мәселелері әңгіме арқауына 
айналды.
 
ИИДМ басшысы атап өткендей, Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау шең-берінде Индустрия
және инфрақұрылымдық даму министрлігімен оларды іске асырудың негізгі тетіктері пысықталды.
 
«Ел Президенті Үкіметке қала құрылысы кодексін қабылдауды тапсырды. Осы ретте әрбір қаланың жер телімдері
мен коммуналдық желілердің схемасы көрсетілген функционалды интерактивті картасы жасалатын болады.
Жер кадастрында өнеркәсіптік мақсатқа арналған жер телімдерінің картасын қолданыстағы көлік
және коммуникация инфрақұрылымының схемаларымен толықтырылып отырады», – деді Қ.Өскенбаев.
 
Айта кетерлігі, ҚР ИИДМ-де құқықтық және талдамалық мониторинг жүргізу жөніндегі жұмыс тобы құрылды.
Оның құрамына ғылыми және бизнес қоғамдастықтың өкілдері кірді. Сондай-ақ министрлік аталған тапсырманы
іске асыру бойынша Жол картасын әзірлеп, бекітті.
Кездесуге қатысушылар сондай-ақ автомобиль жолдары құрылысының сапасы, индустриялық сектордың
инвестициялық тартымдылығын арттыру және елдің транзиттік әлеуетін нығайту мәселелерін талқылады.
 
 
 
Обсуждены меры по реализации Послания Главы государства
 
Министр индустрии и инфраструктурного развития Каирбек Ускенбаев встретился с советником Президента
по экономическим вопросам, заместителем председателя Высшего совета при Президенте Республики Казахстан
по реформам Сэром Сумой Чакрабарти.
 
В рамках встречи были обсуждены меры по реализации Послания Главы государства народу Казахстана.
В частности, разработка Градостроительного кодекса и вопросы инфраструктурного развития.
 
Как отметил глава МИИР, в рамках исполнения поручений Главы государства Министерством индустрии
и инфраструктурного развития проработаны основные механизмы по их реализации.
 
«Президент страны поручил Правительству принять Градостроительный кодекс. Так, по каждому городу
будут созданы функциональные интерактивные карты земельных участков и схемы коммунальных сетей.
В этой связи в земельном кадастре карты участков промышленного назначения будут дополнены
актуальными схемами транспортной и коммунальной инфраструктуры», – рассказал К.Ускенбаев.
 
Следует отметить, что в МИИР РК создана рабочая группа по проведению правового и аналитического
мониторинга, в состав которой вошли представители научного и бизнес сообщества. Также Министерством
разработана и утверждена Дорожная карта по реализации данного поручения.
Участники встречи также обсудили вопросы качества строительства автомобильных дорог, повышения
инвестиционной привлекательности индустриального сектора и укрепления транзитного потенциала страны.