Үкіметте құрылыс саласын демонополизациялауды қарастыратын заңнамалық түзетулер талқыланды
 
Отандық құрылыс саласының тиімділігін арттыру тетіктерін іске асыру бағытында арнайы заңнамалық түзетулер пакеті даярланды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Еркебұлан Дауылбаев баяндады.
 
Е. Дауылбаевтың айтуынша, аталған заңнамалық түзетулер құрылыс көлемін біркелкі бөлуге, орындалатын жұмыстардың сапасы мен ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді.
 
«Бүгінде құрылыс нарығында тәжірибесі мол көптеген компаниялар қаржылық тұрақсыздығынан және төлеген салық мөлшерінің аздығынан конкурста жеңімпаз атана алмайды. Осыған орай, салық көрсеткіші төмен құрылыс компанияларының дамуына мүмкіндік берілуі тиіс деп санаймыз. Сонымен қатар аталған заңнамалық өзгертулерде біліктілігі төмен лицензиаттарды шектеуге байланысты бірқатар ұсыныстар қамтылған», – деп атап өтті вице-министр.
 
Бұдан бөлек, құрылыс жұмыстары мен техникалық қадағалау бойынша келісімшарттар сомасына шартты меже белгілеу жоспарланып отыр. Сондай-ақ құрылыс және жобалау қызметін өзін-өзі реттеу институтын енгізу көзделуде.
 
Аталған шараларды жүзеге асыру шеңберінде FIDIC құжаттамасын қолданбай Жер Кодексіне, «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы», «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» және «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңдарға бірқатар түзетулер даярланды.
 
Жаңа заңнамалық нормаларды енгізу нәтижесінде шағын және орта бизнес субъектілерінің мемлекеттік сатып алуға қатысу мүмкіндіктерін кеңейту, заңсыз және өнімсіз қосалқы мердігерлердің, сондай-ақ біліктілігі жоқ лицензиаттардың қызметін шектеу жоспарланып отыр.
 
Отырысты Премьер-Министр қорытындылап, бірқатар мүдделі мемлекеттік органдарға аталған заңнамалық өзгертулерді жетілдіруге байланысты тапсырма беріп, жан-жақты есеп жасауды қажет ететін тармақтарды қосымша пысықтауды тапсырды. Жалпы алғанда, ұсынылған заңнамалық түзетулер пакетінің басым бөлігі Үкімет басшысы тарапынан қолдау тапты.
 
ҚР ИИДМ баспасөз қызметі
 
 
Пакет законодательных поправок по демонополизации строительной отрасли обсудили в Правительстве
 
По итогам разработки механизмов повышения эффективности строительной отрасли подготовлен пакет законодательных поправок. Об этом вице-министр индустрии и инфраструктурного развития РК Еркебулан Дауылбаев рассказал на совещании под председательством Премьер-Министр РК Алихана Смаилова.
 
По информации Е. Дауылбаева, принятие законодательных поправок позволит более равномерно распределять объемы строительства, повысить качество и прозрачность выполняемых работ.
 
«Сегодня многие компании с большим опытом работы не имеют шанса выиграть конкурс из-за низкого показателя финансовой устойчивости и уплаченных налогов. Считаем необходимым предоставить компаниям с низкими налоговыми показателями возможность развиваться. Также выработаны предложения направленные на исключение неквалифицированных лицензиатов», — отметил вице-министр.
 
К слову, планируется установить условный лимит на суммы договоров по строительным работам и техническому надзору, а также ведется работа по внедрению института саморегулирования в строительной и проектной деятельности.
 
В рамках реализации вышеуказанных мер, за исключением FIDIC, подготовлены поправки в Земельный Кодекс, Законы «О долевом участии в жилищном строительстве», «Об архитектурной, градостроительной и строительной деятельности в Республике Казахстан» и «О разрешениях и уведомлениях».
 
В результате внедрения новых норм планируется расширить возможности малого и среднего бизнеса по участию в государственных закупках, а также ограничить деятельность незаконных и непродуктивных субподрядчиков и неквалифицированных лицензиатов.
 
Резюмируя встречу, Премьер-Министр поручил заинтересованным госорганам дополнительно проработать те пункты, внедрение которых требует более детальных расчетов. В целом основная часть представленных нововведений была поддержана главой Правительства.
 
Пресс-служба МИИР РК