Құрылыс жобаларын сараптау саласындағы өзін-өзі реттеу тетіктері қаралды
 
 
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінде құрылыс жобаларын сараптау саласында өзін-өзі реттеу тетігінің тәжірибесі мәселелері бойынша «Құрылыс саласындағы сараптама ұйымдарының ұлттық қауымдастығы» өкілдерінің қатысуымен жиын өтті.
 
Кеңеске ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Е. Абақанов, С. Ертаев, Е. Өмірғали, «Сараптамалық ұйымдар палатасы» Басқарма төрағасы Б. Ережепов, елордалық және өңірлік сараптамалық ұйымдардың өкілдері қатысты.
 
Мәскеу делегациясының сапары шеңберінде қатысушылар сараптама рәсімін бәсекелі ортаға беру, мемлекеттік емес сараптама саласында өзін-өзі реттеу институтын енгізу, мамандарды сараптамалық қорытындылар дайындау құқығына аттестаттау, жобалық құжаттама мен инженерлік сараптамалардың нәтижелері үшін заңды және жеке тұлғалардың жауапкершілігін арттыру мәселелерін талқылады.
 
«Сараптамалық ұйымдар палатасы» Басқарма төрағасы Бірлік Ережепов атап өткендей, бүгінгі таңда Палата құрамында 223 сараптамалық ұйым бар. Министрлікпен және «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу саласындағы міндетті мүшелікке негізделген өзін-өзі реттеуді енгізу жөніндегі бірлескен егжей-тегжейлі жоспар бекітілді.
Жобалар сараптамасын бәсекеге қабілетті ортаға беру жөніндегі «Ұлт жоспарының» 47-қадамын іске асыру шеңберінде ҚР ИИДМ «Атамекен» ҚР ҰКП-мен бірлесіп құрылыс жобаларын сараптау саласында өзін-өзі реттеуді енгізу бойынша заңнамаға түзетулер әзірленді.
 
 
Рассмотрены механизмы саморегулирования в сфере экспертизы проектов строительства
 
В Комитете по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства МИИР РК состоялось совещание по вопросам практики механизма саморегулирования в сфере экспертизы проектов строительства с участием представителей Ассоциации «Национальное объединение организаций экспертизы в строительстве».
 
В совещании приняли участие депутаты Мажилиса Парламента РК Е.Абаканов, С.Ертаев, Е.Омиргали, председатель Правления «Палата экспертных организаций» Б.Ережепов, а также представители столичных и региональных экспертных организаций.
В рамках визита Московской делегации участники обсудили вопросы передачи процедуры экспертизы в конкурентную среду, введения института саморегулирования в сфере негосударственной экспертизы, аттестации специалистов на право подготовки экспертных заключений, повышения ответственности юридических и физических лиц за результаты проводимой экспертизы проектной документации.
 
Как отметил председатель Правления «Палата экспертных организаций» Б.Ережепов, на сегодняшний день в состав Палаты входит 223 экспертных организаций. Совместно с Министерством и НПП РК «Атамекен» был утвержден Совместный детальный план по введению саморегулирования, основанного на обязательном членстве в сфере проведения комплексной вневедомственной экспертизы проектов строительства.
В рамках реализации 47 шага «Плана Нации» по передаче экспертизы проектов в конкурентную среду, МИИР РК совместно с НПП РК «Атамекен» разработаны поправки в законодательство по введению саморегулирования в сфере экспертизы проектов строительства.