2026 жылға қарай еліміздегі тозған инженерлік жүйелерді 45 пайызға дейін азайту жоспарланып отыр
 
ҚР Парламент Сенатының «Өңір» депутаттық тобының отырысында еліміздегі инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның қазіргі жай-күйі талқыланды.
 
Басқосуға орталық атқарушы орган өкілдері, «Qazaq Gaz» АҚ, «KazTransOil» АҚ және «KEGOC» АҚ өкілдері қатысты. ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Тимур Қарағойшиннің айтуынша, бүгінде министрлік еліміздің сумен жабдықтау, су бұру және жылумен жабдықтау жүйелерін дамытудың үш негізгі бағыты бойынша жұмыс жүргізуде. Бұл орайдағы жұмыстар Мемлекет басшысының желілер мен қуаттардың тозуын қысқарту, сондай-ақ инновацияларды енгізу үшін пәрменді ынталандыруды әзірлеу туралы тапсырмасы шеңберінде жүзеге асырылуда.
 
Сонымен қатар спикер Ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп жаңа тарифтік саясат шеңберінде желілердің тозу көрсеткішін 15 пайызға дейін төмендету бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті. Бұл тараптағы жұмыстар Мемлекет басшысының Жолдауындағы тапсырмаларды іске асыру тұрғысында қолға алынуда.
 
Жергілікті атқарушы органдардың деректеріне сүйенер болсақ, сумен жабдықтау және су бұру желілерінің жалпы ұзындығы шамамен 118,6 мың шақырымды құрайды. Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасы шең-берінде 2026 жылға қарай желілердің тозуын 45 пайызға дейін төмендету жоспарлануда. Бұл межеге қол жеткізу үшін министрлік республикалық бюджеттен қаражат бөлудің екі тетігін іске асыруда.
 
Бірінші тетік несие алушы үшін қолайлы шарттармен бюджеттік кредиттеуді қарастырады (жылдық сыйақы мөлшерлемесі – 0,01%; несиелеу мерзімі – 20 жылға дейін; негізгі борышты төлеу бойынша жеңілдікті кезең – 6 жыл; бюджеттік кредитті игеру кезеңі – 2 жыл).
 
Екінші тетік – жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды субсидиялау. Субсидия инвестициялық жобаларды қаржы институттарының (Еуропалық Қайта Құру және даму банкі, Азия Даму Банкі және т. б.) қоса қаржыландыру шарттарына сәйкес беріледі.
 
Айта кетерлігі, аталған екі механизм арқылы 79 табиғи монополия субъектісі қаржыландырылмақ.
 
 
 
К 2026 году планируется снижение износа сетей до 45%
 
В рамках заседания депутатской группы «Өңір» Сената Парламента РК было обсуждено текущее состояние инженерно-коммуникационной инфраструктуры.
 
В рабочей встрече приняли участие представители центральных исполнительных органов, АО «Qazaq Gaz», АО «KazTransOil» и АО «KEGOC». По словам председателя Комитета по делам строительства и ЖКХ МИИР РК Тимура Карагойшина, на сегодняшний день МИИР РК ведется работа по 3 основным направлениям развития систем водоснабжения, водоотведения и теплоснабжения страны. Работа в данном направлении проводится в рамках поручения Главы Государства о сокращении износа сетей и мощностей, а также разработке действенных стимулов для внедрения инноваций.
 
Также спикер отметил, что в настоящее время в рамках реализации поручений Главы государства, озвученных в Послании народу Казахстана совместно с Министерством национальной экономики проводится работа по снижению показателя износа сетей на 15% в рамках новой тарифной политики.
 
Согласно данным местных исполнительных органов, общая протяженность сетей тепло-, водоснабжения и водоотведения составляет порядка 118,6 тыс. км. В рамках концепции развития жилищно-коммунальной инфраструктуры к 2026 году планируется снижение износа сетей до 45%. Для достижения указанного показателя министерством реализуются два механизма выделения средств из республиканского бюджета.
 
Первый механизм включает в себя бюджетное кредитование c комфортными условиями для получателя (ставка вознаграждения 0,01% годовых; срок кредитования – до 20 лет; льготный период по выплате основного долга – 6 лет; период освоения бюджетного кредита – 2 года).
 
Второй механизм – субсидирование строительства, реконструкции и модернизации систем тепло-, водоснабжения и водоотведения. Субсидия предоставляется на условиях софинансирования инвестиционных проектов финансовыми институтами (Европейский банк реконструкции и развития, Азиатский банк развития и др.)
 
Следует отметить, что с помощью вышеперечисленных механизмов финансируется 79 субъектов естественных монополий.