Бюджеттік жоспарлаудың жаңа оңайлатылған моделі бойынша әлеуметтік маңызы бар объектілер салынатын болады
«Ашық сағат алаңы» жобасы аясында ҚР ИИДМ Құрылыс істері және ТКШ комитетінде бизнес қауымдастық, қоғамдастық, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің қатысуымен онлайн форматта кездесу өтті.
Кездесу барысында қатысушылар Солтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында, сондай-ақ Астана қаласында әлеуметтік нысандар құрылысының пилоттық жобаларын іске асыру мәселелерін талқылады.
Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бас сарапшысы Серік Нәбиев атап өткендей, Мемлекет басшысы жүктеген негізгі тапсырмалардың бірі бюджеттік жоспарлаудың жаңа оңайлатылған моделі бойынша 3 өңірде 7 әлеуметтік маңызы бар нысан салу болып табылады. Атап айтқанда, объектілерді қаржыландыру мен жобалауға байланысты көрсеткіштер қысқарады.
«Құрылыстың пилоттық жобаларын іске асыру мақсатында жаңа нормативтік құқықтық акті қабылданып, бірқатарына өзгерістер енгізілді. Қабылданған инновациялар рәсімдердің мерзімі мен санын 60%-ға дейін, ал құрылыс құнын 10%-ға дейін қысқартуға (авторлық қадағалауға жұмсалатын шығындар алынып тасталды) әрі мердігерлік жауапкершілікті арттыруға мүмкіндік берді», - деп атап өтті С.Нәбиев.
Бұдан басқа, жаңа тетік сараптамалық сүйемелдеу режимінде құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге, сондай-ақ баламалы жобалық шешімдер енгізуге мүмкіндік береді.
Бүгінгі таңда Астана қаласының, Солтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарының әкімдіктері пилоттық жобаларды іске асыруды бастады. Аталған өңірлерде конкурстық рәсімдер аяқталды, мердігерлер анықталып, жобалау басталды.
ҚР ИИДМ баспасөз қызметі
Социально-значимые объекты будут построены по новой упрощенной модели бюджетного планирования
В рамках проекта «Ашық сағат алаңы» в Комитете по делам строительства и ЖКХ МИИР РК состоялась встреча в онлайн формате. Во встрече приняли участие представители бизнес-сообщества, общественности, а также местных исполнительных органов.
Участники обсудили вопросы реализации пилотных проектов строительства социальных объектов в Северо-Казахстанской и Жамбылской областях, а также в г.Астана.
Как отметил главный эксперт управления государственного архитектурно-строительного контроля Серик Набиев, одним из ключевых поручений Главы государства является строительство 7 социально-значимых объектов в 3 регионах по новой упрощенной модели бюджетного планирования. Таким образом, сокращаются издержки, связанные с финансированием и проектированием объектов.
«В целях реализации пилотных проектов строительства приняты и внесены изменения в соответствующие нормативные правовые акты. Принятые нововведения позволили сократить сроки и количество процедур до 60 %, сократить стоимость строительства до 10 % (исключены затраты на авторский надзор), а также повысить ответственность подрядчика», - отметил Серик Набиев
Кроме того, новый механизм позволяет осуществлять строительно-монтажные работы в режиме экспертного сопровождения, а также внедрять альтернативные проектные решения.
На сегодняшний день акиматами города Астаны, Северо-Казахстанской и Жамбылской областей начата реализация пилотных проектов. В указанных регионах завершены конкурсные процедуры, определены подрядчики, начато проектирование.
Пресс-служба МИИР РК