ҚР ИИДМ Құрылыс істері және ТКШ комитеті құрылыс саласында кадрлар даярлау мәселелері бойынша талдау жүргізді
 
«Ашық сағат алаңы» жобасы шеңберінде ҚР ИИДМ Құрылыс істері және ТКШ комитетінде бизнес-қоғамдастық, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің қатысуымен онлайн форматта кездесу өтті.
 
Дөңгелек үстел барысында қатысушылар құрылыс саласының еңбек ресурстарын қамтамасыз ету мәселелерін талқылады. ҚР ИИДМ Құрылыс және ТКШ істері комитеті төрағасының орынбасары Бақытжан Жүнісбековтің айтуынша, бизнес-қоғамдастық өткен жылдан бері кадр тапшылығы мәселесін бірнеше рет көтеріп келеді.
 
«Кадр тапшылығы бойынша проблемалық мәселелерді шешу және пысықтау мақсатында Комитет құрылыс саласында кадрлар даярлау мәселелері бойынша талдау жүргізді. Бүгінгі таңда еліміздің барлық өңірінде құрылыс саласы үшін кадрлар даярлауды жүзеге асыратын колледждер бар. Білім беру саласындағы уәкілетті органдардан алынған ақпаратқа сүйенсек, еліміз бойынша техникалық және кәсіптік білім беретін 770 ұйым бар. Оның ішінде, 202 колледж құрылыс саласы үшін кадрлар даярлайды. Онда 21 мыңнан астам студент білім алады», – деп атап өтті Б. Жүнісбеков.
 
Айта кетерлігі, комитет Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Ғылым және жоғары білім министрлігі, Оқу-ағарту министрлігінің деректері бойынша кадр тапшылығы бойынша талдау жүргізген. Оған сәйкес мемлекеттік гранттардың бөлінетін жыл сайынғы көлемі сәулетші, барлық бағыттағы инженер-құрылысшы, сондай-ақ орта буын және жұмысшы кәсіптер сияқты мамандықтар бойынша кадрларға деген қажеттілікті толық көлемде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
 
Сондай-ақ Құрылыс салушылар қауымдастығы мен Қазақстан құрылысшылар одағының оқыту бағдарламасын қайта қарау жөніндегі ұсыныстары сәтті іске асырылуда. Атап айтқанда, аталған шаралар оқу аяқталғаннан кейін жұмыспен қамту, сондай-ақ мектеп түлектері мен жұмыссыз жастар арасында тиісті кәсіптік бағдарлау шараларын қамтиды.
 
Бүгінгі таңда қазақстандық колледждерге академиялық дербестік берілген. Осылайша, 400-ге жуық білім беру бағдарламасы қайта қаралып, жұмыс берушілерді білім беру процесіне тарту үшін дуалды оқыту форматы сәтті жүзеге асырылуда. Бұл ретте дуалды оқыту барысында студенттің тәжірибеден өту мерзімі еңбек өтіліне қоса есептеледі. Сондай-ақ кәсіпорындарды ынталандыру үшін өндірістегі тәлімгерлерге еңбекақы төленетінін атап өткен жөн. Бүгінде аталған оқыту форматы 109 отандық колледжде енгізілген. Жалпы құрылыс мамандықтары бойынша дуалды оқытумен 6 мыңға жуық студент қамтылған.
 
ҚР ИИДМ баспасөз қызметі
 
 
Комитетом по делам строительства и ЖКХ МИИР РК проведен анализ по вопросам подготовки кадров в строительной отрасли
 
В рамках проекта «Ашық сағат алаңы» в Комитете по делам строительства и ЖКХ МИИР РК состоялась встреча в онлайн формате с участием представителей бизнес-сообществ, общественности, а также местных исполнительных органов.
 
В ходе круглого стола участники обсудили вопросы обеспечения трудовых ресурсов строительной отрасли. По словам заместителя председателя Комитета по делам строительства и ЖКХ МИИР РК Бакытжана Жунисбекова, бизнес-сообществом с прошлого года неоднократно поднимается вопрос дефицита кадров.
 
«В целях качественной проработки и решения проблемных вопросов по дефициту кадров комитетом был проведен анализ по вопросам подготовки кадров в строительной отрасли. На сегодняшний день во всех регионах страны есть колледжи, которые осуществляют подготовку кадров для строительной отрасли. По информации, полученной от уполномоченных органов в области образования, функционируют 770 организаций технического и профессионального образования. В том числе, подготовка кадров для строительной отрасли ведется в 202 колледжах, где обучаются более 21 тыс. человек», – отметил Б.Жунисбеков.
 
К слову, комитетом проведен анализ потребности в кадрах по данным МТСЗН, МНВО и Министерства просвещения, согласно которому ежегодное количество государственных грантов позволяет в полном объеме обеспечивать потребность в кадрах по таким специальностям, как архитектор, инженер-строитель всех направлений, а также среднего звена и рабочих профессий.
 
Также реализуются предложения Ассоциации застройщиков и Союза строителей Казахстана по пересмотру программы обучения, которая включает в себя создание учебных мест с завершенным циклом с последующим трудоустройством, а также с соответствующими мерами профориентации среди выпускников школ и безработной молодежи.
 
Следует отметить, что казахстанским колледжам предоставлена академическая самостоятельность. Таким образом, пересмотрено порядка 400 образовательных программ. Для привлечения работодателей к процессу образования успешно реализуется формат дуального обучения и шефствование над колледжами. При этом срок прохождения практики в ходе дуального обучения засчитывается в трудовой стаж. Также для стимулирования предприятий производится оплата труда наставникам с производства. Данный формат обучения внедрено в 109-ти отечественных колледжах. В целом дуальным обучением по строительным специальностям охвачено порядка 6 тыс. студентов.
 
Пресс-служба МИИР РК