FIDIC келісімшарттарының талаптарын көктемнен бастап барлық жол жобасына енгізу жоспарланып отыр

«Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» АҚ оқу орталығы Астанада қазақстандық жол-құрылыс, жобалау және мердігерлік 35 ұйымның мамандары үшін «FIDIC келісімшарттарымен танысу» тақырыбында семинар өткізді.

Іс-шара барысында институт консультанттары Халықаралық инженер-консультанттар федерациясының стандарттары мен келісімшарттарының ерекшеліктері туралы жан-жақты түсінік беретін ақпаратпен бөлісті.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Жамбыл Бақтияр семинарда 2023 жылдың көктемінен бастап қаржыландыру нысанына қарамастан FIDIC келісімшарттарының талаптарын барлық жол жобасына енгізу жоспарланып отырғанын айтты. Тиісті заң жобасы қазір Үкіметте қаралып жатыр.

«Қазіргі уақытта олар халықаралық қаржы институттары — Еуропа қайта құру және даму банкі, Азия даму банкі және Дүниежүзілік банктің қатысуымен жүзеге асырылатын жобаларда ғана қолданылып келеді», деп атап өтті спикер.

Халықаралық инженер-консультанттар Федерациясының келісімшарт ережелері 1 ғасырдың көлемінде әзірленіп, жетілдірілген. Сәйкесінше, күллі әлемге танымал. Құрылыстың барлық қатысушысының іс-әрекеттері мен жауапкершілігін белгілейтін нақты механизм ақшаның тиімді жұмсалуына және са-паның сақталуына кепілдік береді. FIDIC стан-дарттарының элементтері инженер орын-даған жұмыстардың сапасы мен көлемі үшін жауапкершілікті, негізгі құрылыс материалдары мен жабдықтары бағасының нарықтық ауытқуларына сәйкес жедел әрекет етуді, сонымен бірге құрылыс мерзімдерін бұзғаны үшін айыппұл санкцияларын және басқа да шараларды қарастырады.

ҚР ИИДМ өкілдері FIDIC стандарттарын белсенді пайдалану Қазақстанның жол саласының күрделі мәселелерін шешуге мүмкіндік беріп, оны тәжірибелі шетелдік компаниялардың алдында тартымды етеді деп санайды.

«Біз басым проблемалардың шешімін табуға септігін тигізетін негізгі элементтерді енгізуді жоспарлап отырмыз. Мәселен, соңғы екі жылда жобалардың қымбаттауы және құрылыс құнын түзету мәселесі өзекті болды. Бүгінгі таңда бұл – жұмысты тоқтата тұруды талап ететін күрделі және ұзақ процедура. Нәтижесінде мемлекеттік органдарға тұрғындардан ескертулер түсіп жатады. FIDIC стандарттарының элементтерін қосу құрылыс-монтаж жұмыстарын тоқтатпай-ақ түзету процестерін автоматтандыруға және оларды жылдам жүзеге асыруға мүмкіндік береді», деді Жамбыл Бақтияр.

FIDIC келісімшарттарының талаптарын енгізу жоспарлары келесі жаңашылдықтарды да көздейді. Атап айтқанда, жолдарды пайдалануға қабылдауды жүзеге асыру, соңғы төлемді кепілдік мерзімі аяқталғаннан кейін ғана жүргізу және банк кепілдігін қайтару, мердігерлердің қаражатынан барлық ықтимал шығынды және жұмысшылар мен техниканы міндетті сақтандыру.

Өз кезегінде «ҚазжолҒЗИ» мамандары тыңдаушыларға инновациялар туралы толығырақ айтып берді. Аталған ғылыми институт инженерлер мен консультанттар ретінде шамамен 8 жыл бойы халықаралық жобаларға қатысып келе жатқанын атап өткен жөн.

«Мемлекет басшысы FIDIC стандарттарының элементтерін енгізуді тапсырды. Мердігерлер мен жобалық ұйымдар үшін бұл мәселеде көптеген түсініксіз жағдайлар болуы мүмкін. Сондықтан біздің институт FIDIC келісімшарттарын қолдану үрдісін жүзеге асыруға және жол саласына кадрлар даярлау ісіне өз үлесін қосады. Семинарлар барлық мүдделі тарап үшін жүйелі негізде өткізілетін болады», деді «ҚазжолҒЗИ» АҚ президенті Арман Әлібаева.

ҚР ИИДМ баспасөз қызметі

 

Условия контрактов FIDIC планируется внедрять с весны на всех дорожных проектах в Казахстане

Учебный центр АО «Казахстанский дорожный научно-исследовательский институт» провел в Астане семинар «Ознакомление с контрактами FIDIC» для специалистов 35 казахстанских дорожно-строительных, проектных и подрядных организаций.

В ходе мероприятия консультанты института поделились информацией, дающей комплексное представление о стандартах и особенностях контрактов Международной федерации инженеров-консультантов.

Заместитель председателя Комитета автомобильных дорог Министерства индустрии и инфраструктурного развития РК Жамбыл Бактияр на семинаре сообщил, что с весны 2023 года условия контрактов FIDIC планируется внедрять на всех дорожных проектах, независимо от формы финансирования. Соответствующий законопроект сейчас находится на рассмотрении в Правительстве.

«На данный момент они применяются лишь на проектах с участием международных финансовых институтов - Европейского банка реконструкции и развития, Азиатского банка развития и Всемирного банка», пояснил спикер.

Правила составления контрактов Международной федерации инженеров-консультантов разрабатывались и оттачивались в течение 100 лет, поэтому они известны во всем мире. Четкий пошаговый механизм, устанавливающий действия и ответственность всех участников строительства, дает гарантию, что деньги пойдут на дело, а качество будут соблюдено. Элементы стандартов FIDIC предусматривают высокую ответственность инженера за качество и объем выполненных работ, оперативное реагирование в соответствии с рыночными колебаниями цен на основные строительные материалы и оборудование, штрафные санкции за срыв сроков строительства и т.д.

В МИИР считают, что активное использование стандартов FIDIC позволит решить сложные проблемы дорожной отрасли Казахстана и сделает ее более привлекательной для опытных зарубежных компаний.

«Мы планируем внедрить основные элементы там, где испытываем проблемы. К примеру, в последние два года стала актуальной проблема удорожания проектов и корректировки стоимости строительства. Сейчас это сложная и долгая процедура, которая требует приостановки работ. В результате госорганы получают замечания от населения. Включение элементов стандартов FIDIC позволит автоматизировать корректирующие процессы, сделать их быстрыми и не требующими остановки строительно-монтажных работ», рассказал Жамбыл Бактияр.

Планы по внедрению условий контрактов FIDIC также предусматривают следующие новшества: осуществление приемки дороги в эксплуатацию, проведение финальной оплаты и возврат банковской гарантии только после истечения гарантийного периода, возмещение всех возможных убытков из средств подрядчиков, а также обязательное страхование работников и техники.

Подробнее о нововведениях слушателям рассказали специалисты «КаздорНИИ», которые уже около 8 лет участвуют в международных проектах в качестве инженеров и консультантов.

«Глава государства поручил внедрить элементы стандартов FIDIC. Для подрядных и проектных организаций в этом вопросе может быть много непонятного. Поэтому наш институт решил внести свой вклад в реализацию применения контрактов FIDIC и подготовку кадров для дорожной отрасли. Семинары будут проводиться на систематической основе для всех заинтересованных сторон», сказала президент АО «КаздорНИИ» Арман Алибаева.

Пресс-служба МИИР РК