Орталық Азиядағы ең ірі инфрақұрылымдық автожол жобасының құрылысы аяқталуда – ҮАААЖ
Жобаны іске асыру мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде 2018 жылы басталған болатын. Үлкен Алматы айналма автомобиль жолының құрылысы Екі жылдан соң басталды. Концессия шартына сәйкес құрылыс мерзімі бастапқыда 50 айға жоспарланған еді. Алайда, қарқынды жұмыстардың толық ауқымда жүргізілуіне байланысты концессионер жобаны ертерек жүзеге асыра алды.
«Автожол құрылысы бойынша барлық негізгі деген жұмыстар аяқталды. Қазіргі уақытта абаттандыру және жол ақысын алу жүйесі орнатылып жатыр. Концессия туралы заңға сәйкес жобалар инвесторларға мемлекет балансына қабылданғаннан кейін ғана беріледі. Осыған байланысты пайдалануға беру 2023 жылдың екінші жартысына жоспарланып отыр», - деп хабарлады ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Төлеген Абдуллин.
Айта кетейік, ҮАААЖ-ын іске асыруды түрік-корей консорциумы жүзеге асырады. Жүрдек жол негізінен алты жолақты, ал кейбір жерлерде төрт жолақты болмақ. Сондықтан рұқсат етілген максималды жылдамдықта, яғни сағатына 110-140 шақырым жүрген жағдайда, 66 шақырым қашықтықты небәрі жарты сағатта еңсеруге әбден болады.
«Бұл мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясындағы Орталық Азиядағы жол құрылысының ең ірі инфрақұрылымдық жобасы болып табылады. Аталған жобаны іске асыру жолдың транзиттік әлеуетін жоғарылатып, транзиттік маршруттардың бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Сондай-ақ, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, мегаполис көшелеріндегі кептелісті азайтады және экологиялық жағдайды жақсартады», - деп атап өтті ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Төлеген Абдуллин.
Айта кету керек, ҮАААЖ Қаскелең маңындағы Қырғауылды ауылынан басталып, Талғар жанындағы Қызылқайрат ауылында аяқталады. Аталған тас жол Алматы облысының Қарасай, Іле және Талғар аудандарындағы 14 елдімекен арқылы өтетін болады. Бұл автожол Батыс Қытай - Батыс Еуропа транзиттік дәлізінің негізгі буыны болуы керек.
ҚР ИИДМ баспасөз қызметі
Завершается строительство крупнейшего в Центральной Азии инфраструктурного дорожного проекта – БАКАД
Реализация проекта в рамках государственно-частного партнерства началась в 2018 году. Строительство же Большой Алматинской кольцевой автомобильной дороги началось спустя два года. Согласно Договору концессии срок строительства был запланирован на 50 месяцев. Однако, ввиду проведения полномасштабных и интенсивных работ, Концессионеру удалось осуществить реализацию проекта с опережением.
«В настоящее время все основные работы по строительству автодороги завершены. Ведется благоустройство и установка системы взимания платы за проезд. Согласно закону о концессиях проекты передаются инвесторам только после принятия государством на баланс. В этой связи ввод в эксплуатацию планируется во второй половине 2023 года», - сказал председатель Комитета автомобильных дорог МИИР РК Толеген Абдуллин.
Напомним, реализацию БАКАД осуществляет турецко-корейский консорциум. Скоростная трасса в основном будет шестиполосной, а местами – четырехполосной. Поэтому расстояние в 66 километров при разрешенной максимальной скорости 110-140 километров в час можно будет преодолеть всего за полчаса.
«Это крупнейший в Центральной Азии инфраструктурный проект дорожного строительства в рамках государственного-частного партнерства. Его реализация повысит транзитный потенциал и конкурентоспособность транзитных маршрутов, качество транспортного обслуживания, обеспечит безопасность дорожного движения, разгрузит улицы мегаполиса и улучшит экологическую обстановку», - отметил председатель Комитета автомобильных дорог МИИР РК Толеген Абдуллин.
Напомним, БАКАД начинается от поселка Кыргауылды недалеко от Каскелена и заканчивается в поселке Кызылкайрат около Талгара. Трасса будет пролегать через 14 населенных пунктов в Карасайском, Илийском и Талгарском районах Алматинской области. Автодорога должна стать ключевым звеном в транзитном коридоре Западный Китай - Западная Европа.
Пресс-служба МИИР РК