Қазақстанда жол саласы мамандарының цифрлы банкі құрылады
Бүгінгі таңда кадр тапшылығы мәселесі автожолшыларды салалық еңбек биржасын әзірлеуге мәжбүр етеді.
Еліміздегі жол саласы көптеген жылдар бойы білікті мамандардың тапшылығы қалыптасқан салалардың бірі. Нәтижесінде, жүзеге асырылып жатқан жол құрылысы жұмыстарымен көбінесе бейінді білімі немесе жоғары білімі туралы дипломы жоқ адамдар айналысып жатады.
Мамандардың айтуынша, аталған мәселенің туындауына негізгі бес себеп бар. Атап айтқанда, жол саласындағы ғылымды қаржыландырудың жетіспеушілігі, жоғары оқу орындарының түлектерін жеткіліксіз көлемде даярлау, жұмыс істеп жүрген мамандардың өз біліктілігін арттыруға қызығушылық танытпауы, қолданыстағы кәсіпқойлар пулының саны мен сапасы туралы нақты түсініктің болмауы, сондай-ақ қажет қызметкерлерді табу барысында туындайтын басқа да қиындықтар.
Осы мәселелерді шешу үшін кезінде «Сәулет және құрылыс» бағытына енгізілген «Автожолдар мен әуеайлақтар құрылысы» мамандығы бойынша студенттерді даярлаудың жекелеген бағытын қайта ашу ұсынылып отыр. Сонымен қатар жобалардың ғылыми сараптамасын жүзеге асыру мен жол саласы ғылымын дамытуға жол салу құнының 0,5 пайызын бөлу туралы ережені заңнамалық тұрғыдан бекіту де ұсынылған.
Мәселенің балама шешімі ретінде Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты жол саласы қызметкерлерін даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттырумен айналысатын оқу орталығының жұмысын жандандырды. Онда тек студенттер ғана емес, сонымен қатар тәжірибелі мамандар да білім алады. Сондай-ақ еліміздің жоғары оқу орындарымен бірқатар меморандумға қол қойылды. Осылайша, жақын арада қазақстандық студенттер нақты зертханаларда және жолдардың тәжірибелік учаскелерінде тәжірибеден өте алады. Бүгінгі таңда жол ғылыми-зерттеу институты заң жобасын әзірлеу бойынша жұмыс істеп жатыр, оған сәйкес автожол мамандары өз біліктіліктерін арттыруға міндетті болады.
Биыл ҚазжолҒЗИ жол саласы мамандарының бірыңғай біліктілік базасын, атап айтқанда салалық еңбек биржасының бір түрін әзірлеумен айналысты. Ақпараттық жүйеге кәсіби жолшыларды даярлаумен айналысатын жоғары оқу орындарының студенттері мен түлектері, сондай-ақ бүгінде жұмыс істеп жүрген инженерлер, шеберлер, жобалаушылар және жол құрылысының басқа да мамандары енгізілетін болады.
Бұл шешім өз кезегінде салалық еңбек нарығын талдауға және болжауға мүмкіндік береді. Ал мердігер ұйымдар онлайн режимде жолдарды жобалау, олардың құрылысы және қайта құру үшін дипломы бар әрі білікті мамандарды таба алады.
Мұндай цифрлы анықтамалықты жасау жолшылар үшін өздерінің кәсіби дағдыларын жұмысты қатар алып жүріп дамытуға көмектеседі.
«Базада мамандардың еңбек өтілі мен санаты туралы мәліметтер жинақталған. Олардың біліктіліктері туралы ақпарат да қолжетімді болады. Бұл өз кезегінде кадр тапшылығы мәселесін шешуге жәрдемдесіп, сәйкесінше жол құрылысының сапасына оң әсер етеді», дейді «ҚазжолҒЗИ» АҚ Оқу орталығының директоры Гүлжамал Омарова.
Қазіргі уақытта институт аталған жүйенің жобасын жасап, өзінің авторлық құқығын алды. Цифрлы база 2023 жылдан бастап толықтырыла бастайды деп жоспарланып отыр.
ҚР ИИДМ баспасөз қызмет
В Казахстане создадут цифровой банк профессионалов дорожной отрасли
Кадровый голод вынуждает автодорожников заняться разработкой отраслевой биржи труда.
Дорожная отрасль Казахстана – одна из сфер деятельности, где за долгие годы сформировался острый дефицит квалифицированных специалистов. В результате дорожным строительством в стране занимаются люди нередко без профильного образования или совсем не имеющие диплома о высшем образовании.
Специалисты отмечают пять основных источников проблемы: нехватка финансирования науки в дорожной отрасли, недостаточная подготовка выпускников вузов, незаинтересованность имеющихся специалистов в повышении собственной квалификации, отсутствие четкого понимания о количестве и качестве действующего пула профессионалов, а также трудности в поиске нужных сотрудников, с которыми сталкиваются подрядчики.
Для решения этих вопросов предлагается вновь открыть отдельное направление подготовки студентов по специальности «Строительство автодорог и аэродромов», которая на определенном этапе была включена в направление «Архитектура и строительство», а также законодательно закрепить положение о выделении 0,5% от стоимости строительства дорог на осуществление научной экспертизы проектов и развитие науки дорожной отрасли.
В качестве альтернативного решения проблемы Казахстанский дорожный научно-исследовательский институт активизирует работу учебного центра по подготовке, переподготовке и повышению квалификации работников дорожной отрасли. В нем дополнительно обучают не только студентов, но и опытных специалистов. Уже подписан ряд меморандумов с вузами страны, вскоре казахстанские студенты смогут практиковаться в реальных лабораториях и на опытных участках дорог. Также институт работает над законопроектом, согласно которому автодорожные специалисты будут обязаны повышать свою квалификацию.
Кроме того, КаздорНИИ в текущем году занялся разработкой Единой квалификационной базы специалистов дорожной отрасли – своего рода отраслевой биржи труда. В информационную систему будут внесены студенты и выпускники вузов, занимающихся подготовкой профессиональных дорожников, а также действующие инженеры, мастера, проектировщики и другие специалисты дорожного строительства.
Это позволит анализировать и прогнозировать отраслевой рынок труда, а подрядные организации смогут в режиме онлайн найти подходящих дипломированных и сертифицированных специалистов для проектирования, строительства и реконструкции дорог.
Создание такого цифрового справочника поможет автодорожникам всегда оставаться при работе, а также развивать свои профессиональные навыки, чтобы оставаться востребованным в глазах нанимателей.
«В базе будет отражены сведения о категории и стаже этих специалистов. Будут учтены их навыки, сертификаты. Это решит проблему нехватки кадров, и, соответственно, положительно повлияет на качество дорожного строительства», отмечает директор Учебного центра АО «КаздорНИИ» Гулжамал Умарова.
На данный момент институтом уже разработан прототип системы, получено авторское право. Заполнение базы планируется начать в 2023 году.
Пресс-служба МИИР РК