2025 жылдан бастап елімізде жол құрылыс жұмыстарын жүргізу оңайырақ болады

Қазақстанда жол құрылысы саласын 1200-ге жуық нормативтік құжат реттейді. Олардың басым көпшілігі қайталанып, бір-біріне қарама-қайшы келіп жатады.

Атап айтқанда, 114 құрылыс нормативі, 303 ұлттық стандарт, 527 мемлекетаралық стандарт, 17 ведомстволық құрылыс нормасы, 200 ведомстволық нормативтік-техникалық құжат және баға белгілеу мен сметалар бойынша 56 жинақ бар.

Өз кезегінде құжаттардың артық көлемі мен олардың реттелмеуі өзара басымдылықты анықтауды қиындатады, ал қарама-қайшылықтар, қайталанулар және ескірген нормативтер жағдайды одан сайын ушықтырып, жолдарды жобалау мен олардың құрылысы барысында көптеген қателіктерге алып келеді.

Осы ретте Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі биыл күзде салалық нормативтік базаны жүйелі реформалауға көшті.

2023 жылы «ҚазжолҒЗИ» АҚ нормативтік-техникалық құжаттардағы сәйкессіздіктерді, қайталануларды анықтау, сондай-ақ талап етіл-меген және өзектілігін жоғалтқан нормативтік құжаттарды жою бағытында жұмыс жүргізетін болады.

Жұмыстың нәтижесі бойынша 100-ден аспайтын нормативтік құжаттан тұратын мүлдем жаңа құрылым жасалуы тиіс. Аталмыш іріктеу салалық ережелермен жұмыс істеу уақытын қысқартады, сондай-ақ жолдарды жобалау мен олардың құрылыс сапасын жақсартады деп күтілуде. Мәселен, Қазақстанда битум тұтқыр затты сынау әдістері бірден 12 стандартпен реттеледі. Оңтайландыру аясында олар тек бір құжатқа енгізілетін болады.

Ендігі кезекте ғылыми-зерттеу институты нормативтік-техникалық құжаттаманы жетілдіру бойынша жұмысқа кірісті. Бүгінде «жобалау», «құрылыс», «пайдалану» және «жол саласының экономикасы» бағыттары бойынша 4 сараптамалық топ құрылды. Аталған топтарда ғалымдар нормативтерді өзектендіру мен қысқартуға баса назар аударатын болады. Әрбір тармақ бойынша мүдделі тараптармен талқылау үшін ұсынымдар жасалады. Тиісті шақырулар барлық жобалық және мердігерлік ұйымға, сондай-ақ «Атамекен» ҰКП мен мемлекеттік органдарға жолданды.

«Шешім жеке-дара қабылданбайды. Бұл мәселені талқылау барысында ешкімнің пікірі назардан тыс қалып қоймауын көздеп отырмыз. Нәтижесінде Қазақстанда бірыңғай нормативтік база пайда болуы тиіс, ол веб-сайттардың құрылымына ұқсас болады. База ақпараттық жүйе ретінде қалыптастырылады. Сұраққа жауап іздеу үшін маманға енді барлық салалық стандартқа жүгінудің қажеті жоқ. Ол үшін базадағы қажетті бөлімді таңдау жеткілікті. Сонымен қатар қағаз нұсқасын жасау да жоспарда бар», – деді «ҚазжолҒЗИ» АҚ вице-президенті Ерік Әмірбаев.

Оның айтуынша, жол саласы дамыған мемлекеттердің, оның ішінде Қытай, Түркия, Германияның тәжірибесі негізге алынады. Айта кетерлігі, бұл елдерде нормативтік құжаттардың негізі болатын нұсқаулықтар қолданылады.

Қазіргі уақытта жұмыс топтары бірінші кезекте талдауға және қайта өңдеуге қажет басым құжаттардың тізбесін бекіткен, олардың саны 10-ға жуық. Бұл құжаттар жолдардың құрылысы мен оларды күтіп-ұстау жұмыстарына, қаржыландыру нормативтеріне қатысты. Сонымен бірге барлық нормативтік базадан «ұсыныс» терминін алып тастау жоспарланып отыр. «Жол саласында оны қолданбаған дұрыс. Жолшылардың жұмыс сапасын жақсарту және жеңілдету үшін ұсыныстардың орнына нақты нұсқаулықтар болуы керек», деп санайды институт мамандары.

ҚР ИИДМ баспасөз қызметі

 

С 2025 года строить дороги в Казахстане станет проще

Отрасль дорожного строительства в республике регулируют порядка 1200 нормативных документов, многие из которых дублируют, противоречат и даже исключают друг друга.

В их числе 114 строительных нормативов, 303 национальных стандарта, 527 межгосударственных стандартов, 17 ведомственных строительных норм, 200 ведомственных нормативно-технических документов и 56 сборников по ценообразованию и сметам.

Избыточность и неупорядоченность документов затрудняют определение их приоритетности, а частые разночтения, противоречия, дублирования и устаревшие нормативы усугубляют ситуацию и приводят к ошибкам проектирования и строительства дорог. Поэтому Министерство индустрии и инфраструктурного развития РК, в соответствии с требованиями Главы государства, осенью текущего года инициировало системное реформирование отраслевой нормативной базы.

В 2023 году АО «КаздорНИИ» будет проводить работу по актуализации и оптимизации нормативно-технических документов на предмет выявления разночтений, дублирования и несоответствия, а также отмене невостребованных и утерявших актуальность нормативных документов.

Итогом работ должно быть создание совершенно новой структуры, состоящей не более, чем из 100 нормативных документов. Ожидается, что ревизия упростит и сократит время работы с отраслевыми правилами, а также улучшит качество проектирования и строительства дорог. К примеру, методы испытания битумного вяжущего в Казахстане регулируются сразу 12 стандартами. В рамках оптимизации они будут включены всего лишь в один документ.

Научно-исследовательский институт уже приступил к работе по совершенствованию нормативно-технической документации. Сформированы 4 экспертные группы по направлениям «проектирование», «строительство», «эксплуатация» и «экономика дорожной отрасли», которые приступили к анализу всей нормативно-технической документации. Акцент ставится на актуализацию и сокращение нормативов. По каждому пункту будут составлены рекомендации для обсуждения с заинтересованными сторонами. Соответствующие приглашения уже направлены во все проектные и подрядные организации, а также НПП «Атамекен» и госорганы.

«Решение не будет приниматься единолично, мы хотим, чтобы никто не остался в стороне. В результате в Казахстане должна появиться единая нормативная база, архитектура которой будет похожа на структуру веб-сайтов, с похожим деревом. База будет формироваться как информационная система. Для поиска ответа на вопрос специалисту больше не нужно будет сверяться со всеми отраслевыми нормативами. Ему будет достаточно кликнуть на нужный раздел. Вместе с тем, бумажная версия тоже планируется, она будет действовать одновременно», – сообщил вице-президент АО «КаздорНИИ» Ерик Амирбаев.

По его словам, за основу будет принят опыт государств с развитой дорожной отраслью, в т.ч. Китая, Турции, Германии. В этих странах действуют руководства, из которых исходят нормативные документы.

В данный момент рабочими группами согласован перечень приоритетных документов, которые необходимо проанализировать и переработать в первую очередь, их около 10. Они касаются строительства и содержания дорог, а также нормативов финансирования, к которым у Счетного комитета по контролю за исполнением республиканского бюджета было много вопросов. Также планируется удалить из всей нормативной базы термин «рекомендация». «В дорожной отрасли его лучше не применять, а вместо рекомендаций в целях упрощения и улучшения качества работы дорожников должны быть четкие инструкции», считают в институте.

Пресс-служба МИИР РК