2022 жылдың қорытындысы бойынша ҚР ИИДМ құзырындағы экономиканың негізгі салаларында жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізілді

Бұл туралы ҚР Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев айтып берді.

Алдымен ведомство басшысы Премьер-министр Әлихан Смайыловке министрліктің 2022 жылда атқарған жұмыстары жөнінде жеткізіп, негізгі салалар бойынша оң динамика сақталып отырғанын хабардар етті.

Мәселен, өңдеуші өнеркәсіптің барлық секторында жағымды үрдіс байқалып, жиынтық көрсеткіш 103,4%-ға жетті.

Машина жасау саласында автокөлік құралдарын, трейлерлер мен жартылай тіркемелерді (+19,1%), электр жабдықтарды (+22,2%), машиналар мен өзге де жабдықтарды (+22,6%) шығарумен, сондай-ақ осы сегментттегі басқа да салалар есебінен тұрақты өсім 9,4% деңгейінде сақталып отыр.

Түсті металлургияда өндірістік көрсеткіш – 105,5%-ға жетті. Бұл өсім тазартылған мыс, құйма алтын, түйіршіктелген және тазартылған күміс, катодты мыс пен тазартылған алтынды өндіру есебінен тіркелді.

Химия өнеркәсібінде өндіріс көлемі – 10,2% деңгейінде байқалды. Айталық, көміртегі диоксидінің, хлор мен тұз қышқылының, сондай-ақ күкірт қышқылы мен сұйық аммиактың өндірісі артқан.

Жеңіл өнеркәсіпте өндіріс көлемі тоқыма бұйымдары, киім және былғары өнімдер өндірісінің есебінен 6%-ға өсіп отыр. Құрылыс материалдарының өндірісі гипс, құрылыс ерітіндісі және кірпіш өнімдерін шығарудың нәтижесінде 1,3%-ға ұлғайды.

«2022 жылдың қорытындысы бойынша жалпы сомасы 2 трлн теңгеге 160-қа жуық инвестициялық жоба іске асырылып, олар экспорттық әлеуетті нығайтып, өндеуші өнеркәсіп салаларындағы өндіріс көлемін одан әрі арттыруға жол ашады», деді Марат Қарабаев.

Министрдің айтуынша, былтыр көлік және құрылыс саласында да жақсы көрсеткіштер тіркелді. Бұл бағытта өндірістік динамика 103,9%-ға және 109,4%-ға жеткен. Мысалы, 2022 жылдың қорытындысы бойынша 15,4 млн шаршы метр (негізгі жоспарлы көрсеткіш 15,1 млн шаршы метр болатын) тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл жоспарлы көрсеткіштен 0,3 млн шаршы метрге көп. Қазір елімізде пайдалануға берілген баспананың көлемі – 130 686 (оның ішінде – 38 247 жеке үй).

Бұдан басқа транзиттік контейнерлік тасымалдар 6%-ға ұлғайтылып, жиырма фунттық мөлшерде оның көлемі 1 млн 129 мың контейнерге жетіп отыр. Тұтастай алғанда, Қазақстан аумағы арқылы тасымалданатын транзиттік жүктердің өсу қарқыны 26,8 млн тоннаға немесе 12,6%-ға артқан.

Жолаушылар тасымалында да оң динамика байқалуда. Өсім қарқыны 2,3%-ды көрсетіп отыр.

«Былтыр қарашада отандық теміржол саласындағы ірі жобалардың бірі – «Достық-Мойынты» теміржол учаскесінің екінші торабының құрылысы қолға алынғаны мәлім. Осы жобаны іске асыру аталған теміржол учаскесі арқылы пойыздардың өтуін 5 есеге, яғни жылжымалы құрамда 12-ден 60-қа дейін арттыруға септігін тигізеді. Биыл Алматы стансасында айналма теміржол желілерінің құрылысы басталады жоспарланып деп отыр», деді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі.

ҚР ИИДМ баспасөз қызметі

 

По итогам 2022 года курируемые МИИР ведущие отрасли экономики достигли плановых показателей

Об этом на заседании Правительства РК сообщил министр индустрии и инфраструктурного развития Марат Карабаев.

Глава ведомства проинформировал Премьер-министра Алихана Смаилова о результатах деятельности министерства и курируемых им отраслей экономики за прошедший год.

М. Карабаев отметил, что по итогам 2022 года во всех секторах обрабатывающей промышленности сохраняется положительная динамика. Совокупный показатель за год – 103,4%.

Машиностроительная отрасль показывает стабильный рост на уровне 9,4% за счет выпуска автомобилей, трейлеров и полуприцепов (+19,1%), электрооборудования (+22,2%), машин и оборудования (+22,6%). В цветной металлургии индекс физического объема составил 105,5%. Рост связан с увеличением объемов выпуска рафинированной и катодной меди (+22,4% и 13%), золота в слитках (+40%), аффинированного золота (+9%).

В химпроме объем производства вырос на 10,2%. Выросло производство диоксида углерода (+49,1%), хлора (+16%), соляной кислоты (+6,7%), серной кислоты (+3,2). В легкой промышленности объем производства увеличился на 6% за счет роста производства текстильных изделий (+5,3%), производства одежды (+7,8%) и кожаной продукции (+3,7%). Производство строиматериалов выросло на 1,3% за счет гипса (+11,4%), строительных растворов (+7,1%) и кирпичей (+26,4%).

«В течение 2022 года введены в эксплуатацию порядка 160 инвестпроектов на общую сумму 2 трлн тенге, которые позволят в дальнейшем повышать объемы производства отраслей обрабатывающей промышленности с увеличением экспортного потенциала», сказал руководитель МИИР.

Также министр рассказал о развитии транспортной и строительной отраслей. В них также отмечается положительная динамика. Индекс физического объема составил 103,9% и 109,4%, соответственно.

В частности, за прошедший год в Казахстане введено в эксплуатацию 15,4 млн кв. метров жилья. Это на 0,3 млн больше, чем планировалось. В данный момент по всей республике сдано 130,6 тыс. домов, в т.ч. 38,2 тыс. индивидуальных.

Объем транзитных грузов через территорию Казахстана вырос на 12,6% (до 26,8 млн тонн), при этом объем транзитных контейнерных перевозок увеличился на 6% (1,1 млн контейнеров в двадцатифутовом эквиваленте). В секторе пассажирских перевозок рост составил 2,3% (7,7 млрд человек).

«В ноябре 2022 года начато строительство одного их крупных проектов в сфере ж/д транспорта – вторых путей железнодорожного участка «Достык-Мойынты». Реализация проекта позволит увеличить пропускную способность участка в 5 раз – с 12 до 60 пар поездов. В текущем году планируем начать строительство обводной ж/д линии ст.Алматы», дополнительно сообщил М. Карабаев.

Пресс-служба МИИР РК