Алматыда FIDIC құрылыс келісімшартының түрлерін қолдану жолдары талқыланды

Алматыда Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институтының бастамасымен дөңгелек үстел ұйымдастырылып, онда еліміздегі құрылыс саласында халықаралық стандарттарды, оның ішінде FIDIC құрылыс келісімшартының стандартты түрлерін қолдану мәселесі қаралды.

Аталған іс-шараға отандық бизнес пен мемлекеттік органдардың өкілдері қатысқанын атап өткен жөн.

FIDIC проформалары – халықаралық инвестициялық құрылыс саласында нарық қатысушыларының байланысын реттеп, барлығының мүддесін тең жағдайда сақтау үшін Халықаралық инженер-консультанттар қауымдастығы әзірлеген бірегей құрылыс келісімшарттары саналады.

 «ҚазҚСҒЗИ» АҚ-ның бас директоры Бегман Құлбаевтың айтуынша, елімізде осы саладағы өзекті мәселелерді, айталық авторлық және техникалық қадағалауды, сондай-ақ жекелеген инженерлік қызметкерлердің мәртебесін нақтылап, барлық тараптың мүддесін тең жағдайда сақтау үшін қазір жаңа Қала құрылысы кодексі әзірленіп жатыр. Бұл егемен еліміздің тарихында құрылыс саласындағы тұңғыш кешенді заңнамалық акт.

Осы орайда BI Construction & Engineering компаниясының операциялық мәселелер жөніндегі басқарушы директоры Дархан Рахимов жаңа заң мердігер ұйымдардың да мүддесін қорғайды деген сенімде.

Құрылыстағы инженер-кеңесшілер ұлттық қауымдастығының (ҚИКҰҚ) бас директоры Ольга Кубанская айтқандай, FIDIC келісімшарттарын орынды қолдану үшін сондай үлгідегі келісімшарттармен жұмыс істейтін мамандар қолданыстағы заң мен әдеттегі нормалардың арасындағы айырмашылықты ажырата білуі тиіс. «FIDIC келісімшарттарына сәйкес жүзеге асырылатын жобалар басқарудың тың тәсілін қажет етеді», деді О.Кубанская.

Бұл ретте сарапшылар ТМД елдерінде аталған келісімшарттардың қолдану тәжірибесін одан әрі дамыту үшін шетелден FIDIC бойынша сертификатталған мамандарды тартудан бөлек, сондай-ақ жергілікті инженерлер мен жобалау менеджерлерін дайындауға көбірек көңіл бөлу керек деп санайды. Оның ішінде университеттер мен кәсіптік білім беру орындарында мамандарды сапалы даярлауға басымдық беру қажет деген ортақ пікірге келді қатысушылар.

Айта кетейік, елімізде FIDIC стандарттары бойынша қажетті кеңесті «Қазақстандық ұлттық кәсіби инженерлер мен кеңесшілер қауымдастығы» ЗТБ (КИКҚҰҚ ЗТБ) беріп келеді.

ҚР ИИДМ баспасөз қызметі

 

Вопросы применения форм строительных контрактов FIDIC обсудили в Алматы

В Алматы состоялся круглый стол по вопросам применения в Казахстане международных стандартов, в том числе стандартных форм строительных контактов FIDIC. В мероприятии участвовали представители бизнес сообщества и государственных органов.

Проформы FIDIC – это унифицированные строительные контракты, разработанные Международной ассоциацией инженеров-консультантов с целью регулирования отношений участников международной инвестиционно-строительной деятельности и соблюдения баланса интересов всех участников строительного процесса.

По словам генерального директора АО «КазНИИСА» Бегмана Кульбаева, для решения существующих в Казахстане проблем, в том числе в области авторского и технического надзора, для уточнения статуса отдельных инженерных работников и соблюдения баланса интересов всех сторон сейчас проводится работа по разработке нового Градостроительного кодекса, который станет первым в истории независимого Казахстана всеобъемлющим законодательным актом для строительной отрасли.

Управляющий директор по операционным вопросам BI Construction & Engineering Дархан Рахимов в свою очередь выразил надежду, что новый Градостроительный кодекс защитит интересы подрядчиков.

Как отметила генеральный директор Национальной Ассоциации Инженеров-Консультантов в Строительстве (НАИКС) Ольга Кубанская, для успешного применения контрактов FIDIC необходимо, чтобы специалисты, работающие по таким контрактам, понимали разницу между законодательством и привычными нормами. «Кроме того, реализация контрактов FIDIC требует другого подхода к управлению проектами», подчеркнула О. Кубанская.

При этом эксперты сошлись во мнении, что для дальнейшего развития практики применения контрактов FIDIC в странах СНГ необходимо не только привлекать сертифицированных специалистов, но и обеспечить качественную подготовку собственных инженеров и проектных менеджеров. В том числе, на базе университетов и организаций дополнительного профессионального образования.

Отметим, что консультации по стандартам FIDIC в Казахстане уже проводит Казахстанская национальная ассоциация профессиональных инженеров и консультантов (ОЮЛ КНАПИК).

Пресс-служба МИИР РК