ҚР ИИДМ: биыл жылдың соңына дейін тұрғын үй салынатын 33 мың жер учаскесіне инфрақұрылым жүргізу жоспарланған
Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қара-
баев Премьер-Министр Әлихан Смайылов-ке еліміздегі құрылыс және тұрғын үй инфрақұрылымын дамытуға арналған ведомствоның былтырғы жұмыс нәтижелері мен алдағы жоспарлары туралы айтып берді.
Ведомство басшысы айтқандай, 2022 жылы Қазақстанда жоспар бойынша 15,1 млн шаршы метр тұрғын үйді салу көзделіп, бірақ іс жүзінде оның көлемі 15,4 млн шаршы метрге дейін артқан. Демек тұтастай республикалық көрсеткіш 101,8%-ға орындалғаны байқалған. Баспана құрылысына бағытталатын жалпы инвестиция мөлшері де ұлғайып (16,8%-ға), 2,9 трлн теңгеге жетті.
Мемлекеттік инвестициялардың есебінен 10,5 мыңдай жеңілдетілген зайым беріліп, 17,3 мың пәтер салынды. Оның ішінде 7 мыңға жуық баспана жас мамандарға, сондай-ақ әлеуметтік осал топ санаты бойынша кезекте тұрғандар мен көп балалы отбасыларға берілді.
Биылғы кезеңге арналған міндеттерге тоқталсақ, министр Мемлекет басшысының берген тапсырмалары мен алдыға қойған міндеттерін іске асыру жалғасып келе жатқанын айтты. Атап айтқанда, 2023 жылы 15,3 млн шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру көзделіп отыр. Бұл шамамен 143 мыңнан артық баспана.
Осы жылға арналған мемлекеттік қолдау шаралары баспана кезегінде тұрған 70 мыңға жуық азаматтың тұрғын үйді жалға алу ақысын субсидиялауға, сондай-ақ 2 мыңдай жеңілдетілген зайым жылжымайтын мүлікті сатып алуға бағытталады.
Бұдан басқа Қазақстандық тұрғын үй компаниясының 158,5 млрд теңгеге облигациялық зайымдарды беру есебінен әкімдіктер 12,1 мыңдай пәтер көлемінде кредиттік тұрғын үй салу тиіс.
Баспана құрылысын дамыту үшін мемлекет жыл сайын инженерлік коммуникациялардың жаңа желілерін салуға басымдық беріп келе жатқаны мәлім. Мәселен, былтыр 116,4 млрд теңге бөлініп, 3,8 мың шақырымнан астам инженерлік желі тартылды. 2023 жылы жалпы ұзындығы 3,3 мың шақырым инженерлік инфрақұрылымды салуға 80,5 млрд теңге қарастырылған. Сондай-ақ жекеменшік құрылыс секторын дамыту мақсатында жеке тұрғын-үй құрылысына жер учаскелерін инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жөніндегі жобаларды іске асыру жалғасып жатыр.
«Биыл 34,3 млрд теңгеге 96 жобаны жүзеге асыру межеленіп отыр. Жылдың соңына дейін 33,6 мың жер учаскесі қажетті инфрақұрылыммен қамтылады. Оның ішінде 20 мыңы ауылды жерлерде және 13,6 мыңы қалалық елді мекендерде орналасқан», деді Марат Қарабаев.
ИИДМ басшысы ескірген тұрғын үйдің мәселесін де атап өтті. Оның айтуынша, Қазақстандағы 54 мың көппәтерлі тұрғын үйдің 17 мыңы күрделі жөндеуді қажет етеді. 2022 жылы еліміздің 11 өңірінде 215 көппәтерлі баспанаға жөндеу жұмыстары жүргізілді. Шығынның жалпы көлемі – 11 млрд теңге. Осы арқылы күрделі жөндеуді қажет ететін кондоминиум нысандарының үлесі 32%-дан 31,1%-ға дейін төмендеді.
2023 жылы Қызылорда мен Түркістан облыстарындағы 73 үйдің тиісті жөндеуден өткізу бойынша шығындары өтелмек. Қосымша 219 көппәтерлі тұрғын үйді жаңғыртуға 7 өңірден жалпы сомасы 12,7 млрд теңгеге өтінімдер келіп түскен. Бұл мақсатқа арналған қаражат бюджетті нақтылау шеңберінде айтылатын болады.
Қазір республиканың тұрғын үй қорында ескі және апатты деп танылған 3,7 мың үй бар. Бұл меншік иелерінің мәселелерін шешіп, елді мекендердің сәулеттік келбетін жақсарту үшін жаңғырту бағдарламалары өзектендірілетіні белгілі болды.
«2029 жылға қарай апатты және тозығы жеткен 1,5 мың үйді бұзып, 40 мың шақты меншік иесінің тұрғын үй мәселесін шешу жоспарланып отыр. Биыл 3 мыңнан астам азамат тұратын жоғарыда айтылған үлгідегі 120 құрылыс нысанын бұзу қарастырылған», деді М.Қарабаев.
ҚР ИИДМ баспасөз қызметі
МИИР: До конца года планируется подвести инфраструктуру к 33 тыс. земельных участков для строительства жилья
Глава МИИР РК Марат Карабаев в ходе заседания Правительства доложил Премьер-Министру Алихану Смаилову о результатах работы ведомства по развитию строительства и жилищной инфраструктуры в 2022 году.
По его информации, в прошлом году в Казахстане построено 15,4 млн кв.м жилья, при плане в 15,1 млн. Таким образом, общереспубликанский плановый показатель ввода жилья был исполнен на 101,8%. Общие инвестиции в жилищное строительство выросли на 16,8% и составили 2,9 трлн тг.
За счет государственных инвестиций выдано 10,5 тыс. льготных займов и построено 17,3 тыс. квартир, в т.ч. около 7 тыс. для молодых специалистов, очередников социально-уязвимых категорий и многодетных семей.
Говоря о задачах на предстоящий период, министр подчеркнул, что исполнение поставленных Главой государства задач и мероприятий в текущем году будет продолжено. В частности, планируется обеспечить ввод 15,3 млн кв.м. жилья. А это более 143 тыс. жилищ.
Господдержка в 2023 году будет направлена на предоставление субсидий на аренду жилья 69,2 тыс. очередников и выдачу 2 тыс. льготных займов на приобретение недвижимости.
Кроме того, за счет предоставления Казахстанской жилищной компанией облигационных займов на 158,5 млрд тг акиматы должны построить 12,1 тыс. квартир кредитного жилья.
Для поддержки развития жилищного строительства государство ежегодно обустраивает новые сети инженерных коммуникаций. В 2022 году выделили 116,4 млрд тг, на которые протянуто более 3,8 тысяч км инженерных сетей. В 2023 году на строительство инженерной инфраструктуры общей протяженностью 3,3 тысячи км предусмотрено 80,5 млрд тг. Также, в целях развития частного строительства, продолжается реализация проектов по обеспечению инфраструктурой земельных участков под ИЖС.
«В этом году запланирована реализация 96 проектов на 34,3 млрд тг. До конца года инфраструктурой будет обеспечено 33,6 тыс. земельных участков, в том числе 20 тыс. – в сельских и 13,6 тыс. – в городских населенных пунктах», сообщил М. Карабаев.
Затронул он и тему старого жилья. По словам докладчика, в Казахстане насчитывается 54 тыс. многоквартирных жилых домов, из которых 17 тыс. требуют капитального ремонта. В 2022 году в 11 регионах республики отремонтировано 215 МЖД. Общий объем затрат составил почти 11 млрд тг. Благодаря этому доля объектов кондоминиума, требующих капремонта, снизилась с 32% до 31,1%.
На 2023 год поддержаны соответствующие затраты на 73 дома в Кызылординской и Туркестанской областях. Дополнительно на модернизацию 219 многоквартирных жилых домов поступили заявки от 7 регионов на общую сумму 12,7 млрд тенге. Средства будут заявлены в рамках уточнения бюджета.
Еще в жилфонде республики 3,7 тыс. ветхих и аварийных домов. Для решения вопросов их собственников и улучшения архитектурного облика населенных пунктов будут актуализированы программы реновации.
«К 2029 году планируется обеспечить снос 1,5 тыс. домов и решить жилищные вопросы 40 тыс. собственников. Уже в текущем году ожидается снос 120 строений, в которых проживает более 3 тысяч граждан», рассказал руководитель министерства.
Пресс-служба МИИР РК