Қазақстанда тұрғын үйлерді басқарудың жаңа түрін енгізу қолға алынды
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткізілген брифингте «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңындағы тұжырымдамалық түзетулер талқыланды.
Аталған іс-шараға ҚР ИИДМ Қала құры-лысы және тұрғын үй-коммуналдық саясат департаментінің директоры Руслан Лепесов, Тұрғын үй коммуналдық-шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығының басқарушы директоры Марғұлан Әбдікәрімов қатысты.
Бұл ретте 2020 жылдың 7-ші қаңтарында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы күшіне енгенін естеріңізге сала кетейік. Соған сәйкес пәтер иелері кооперативтерінің орнын мүлік иелерінің бірлестігі (МИБ) немесе қарапайым серіктестік (ҚС) алмастырады. Өз кезегінде бұл бірлестіктер «бір мүлік иелерінің бірлестігі – бір шот» қағидаты бойынша жұмыс істейтінін айта кетейік.
«Осы бастаманың аясында көппәтерлі тұрғын үйлердің иелері баспаналарын өздері қадағалап, жауап береді. Реформаның халыққа тиімді тұсы тұрғындардан жиналған қаражатты пайдаланудың ашықтығы қамтамасыз етіліп, сондай-ақ бұл ақша нақты бір тұрғын үйді басқарып, күтіп ұстауға бағытталады», деді Р.Лепесов.
Тұрғын үй коммуналдық-шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығының басқарушы директоры М. Әбдікәрімовтың айтуынша, қаржылық сипаттағы мәселелерді шешу үшін меншік иелерінің жалпы санынан кворумды төмендету ұсынылып отыр. Атап айтқанда, қажетті шешім қабылдау үшін пәтер иелері мен көппәтерлі тұрғын үйдегі бос кеңістікті иеленіп отырғандардың жалпы санының 51%-ы жеткілікті болады,
Бұдан бөлек, бұл бағыттағы елеулі өзгерістердің қатарында уақытша басқарушы компанияны тарту, көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару мәселелерін жетілдіру, жауапты жергілікті атқарушы органға кондоминиум объектісін тіркеуге өтініш жіберу функциясын беру, тұрақ орны мен қойма иелерінің құқықтары мен міндеттерін бекіту, сондай-ақ ауылды жерде, кентте тұрғын үй салған жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау бар.
МИБ немесе ҚС-ке байланысты барлық өзекті мәселе бойынша азаматтар келесі мекенжайға хабарласа алады: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. немесе Тұрғын үй коммуналдық-шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығының сайты www.zhkh.kz, сондай-ақ suraqtar.kz платформасы арқылы жоғарыда айтылған мәселеге байланысты кез келген сауалға жауап алу қарастырылған. Кондоминиум нысанын басқарудың жаңа түріне көшу мәселелеріне қатысты қосымша ақпаратты 8 (7172) 57-65-51 нөмірі бойынша алуға болады.
ҚР ИИДМ баспасөз қызметі
Новую форму управления жилыми домами вводят в Казахстане
Сегодня на площадке Службы центральных коммуникаций состоялся брифинг, в ходе которого обсудили концептуальные поправки в закон РК «О жилищных отношениях».
В работе брифинга участвовали директор Департамента градостроительной и жилищно-коммунальной политики МИИР РК Руслан Лепесов, управляющий директор Казахстанского центра модернизации и развития жилищно-коммунального хозяйства Маргулан Абдыкаримов.
Напомним, что 7 января 2020 года вступил в силу Закон Республики Казахстан «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам жилищно-коммунального хозяйства». Согласно принятому Закону на смену существующим кооперативам собственников квартир приходят объединения собственников имущества (ОСИ) или простые товарищества (ПТ). В свою очередь, данные объединения работают по принципу «одно объединение собственников имущества — один счет».
«В рамках данной инициативы собственники многоквартирных жилых домов сами следят и отвечают за свое жилье. Эффективность внедрения реформы для населения заключается в прозрачности использования собранных средств жителей, а также направление этих средств на управление и содержание конкретного многоквартирного жилого дома», отметил директор Департамента градостроительной и жилищно-коммунальной политики Р. Лепесов.
По словам Управляющего директора Казахстанского центра модернизации и развития жилищно-коммунального хозяйства Маргулана Абдыкаримова, предлагается снизить кворум до большинства собственников от общего числа собственников для решения вопросов финансового характера. В частности, для принятия решения достаточно будет 51% от общего количества собственников квартир, нежилых помещений МЖД.
Одним из концептуальных поправок являются привлечение временной управляющей компании, совершенствование вопросов управления многоквартирными жилыми домами, наделение МИО функцией по подаче заявления для регистрации объекта кондоминиума, закрепление прав и обязанностей собственников парковочных мест и кладовок, а также субсидирование затрат работодателей построивших жилье в селе, поселке.
По всем интересующим вопросам создания ОСИ/ПТ граждане могут обратиться по адресу Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. либо ознакомиться на сайте КазЦентрЖКХ www.zhkh.kz, а также через платформу suraqtar.kz Дополнительную информацию по вопросам перехода на новые формы управления объекта кондоминиум можно получить по номеру: 8 (7172) 57-65-51.
Пресс-служба МИИР РК