Нормативтік-техникалық құжаттар базасын реформалау жөніндегі техникалық комитет ұсыныстарын дайындады
«ҚазжолҒЗИ» АҚ басшылығымен норма-тивтерді стандарттау шеңберінде 42 «Автомобиль жолдары» Техникалық комитетінің арнайы отырысы өткізілді, онда 2023 жылғы бірінші тоқсандағы жұмыс қорытындылары талқыланды.
Отырысқа Қазақстанның жол саласында үлкен тәжірибесі бар және біздің еліміздегі стандарттау проблемаларымен тікелей айналысатын жетекші мамандар қатысты. Қазір нормативтерді реформалау бойынша бес сараптамалық топ жұмыс жасауда.
Мониторинг нәтижелері бойынша техникалық комитет стандарттау жөніндегі ұлттық органға жіберілетін бірқатар ұсыныстар дайындады. Әрі қарай стандарттарды әзірлеу, қайта қарау және кейбір жағдайларда жою немесе өзгерту туралы бастамалар қаралады.
Естеріңізге сала кетейік, жол құрылысы саласында 1200 норматив бар, олардың бір-біріне қайшы келетін тұстары да бар. Нормативтік-техникалық құжаттар базасын реформалау әлемдік практика мен жаңа технологияларды ескере отырып, оларды құрылымдауға, актуализациялауға және оңтайландыруға бағытталған.
Базаны реформалау жол-құрылыс ғылы-мының дамуын арттыруға мүмкіндік беріп, автожол өндірісіндегі инновацияларға жол ашып қана қоймай, жол-құрылыс индустриясының отандық кәсіпорындарының сапасын жақсартады.
ҚР ИИДМ баспасөз қызметі
Техкомитет по реформированию базы нормативно-технической документации подготовил ряд предложений
Под руководством АО «КаздорНИИ» в рамках стандартизации нормативов провели специальное заседание Технического комитета 42 «Автомобильные дороги», на котором обсуждались итоги работы за первый квартал 2023 года.
В заседании приняли участие ведущие специалисты, имеющие большой опыт работы в дорожной отрасли Казахстана и непосредственно занимающиеся проблемами стандартизации в нашей стране. Над реформированием нормативов работают пять экспертных групп.
По результатам мониторинга, Техкомитет подготовил ряд предложений, которые будут направлены в национальный орган по стандартизации. Далее будут инициированы разработка, пересмотр, а в некоторых случаях отмена или изменение стандартов.
Напомним, отрасль дорожного строительства имеет 1200 нормативов, которые часто носят противоречивый характер. Реформирование базы нормативно-технических документов (НТД) направлено на их структуризацию, акутализацию и оптимизацию с учётом мировой практики и новых технологий.
Реформирование базы позволит повысить развитие дорожно-строительной науки, откроет путь для инноваций в автодорожное производство, а также усовершенствует качество отечественных предприятий дорожно-строительной индустрии.
Пресс-служба МИИР РК