«ҚазҚСҒЗИ» АҚ халықаралық аккредиттеуден сәтті өтті

Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты buildingSMART халықаралық сертификаттау бағдарламасының уәкілетті оқу орталығы ретінде аккредиттеуден сәтті өтті.

Осыған байланысты институт құрылыс объектілерін ақпараттық модельдеу (BIM) саласындағы стандарттар мен технологияларды әзірлеп, қолдауға маманданған buildingSMART халықаралық ұйымының buildingSmart Professional Certification-Foundation: Basic бағдарламасы бойынша мамандарды оқытып, сертификаттауға өтінімдерді қабылдау ашылғанын хабарлайды.

Бағдарлама кейіннен емтихан тапсыру және бүкіл әлемде мойындалған құжаттарды алу мүмкіндігі қарастырылатын құрылыста ақпараттық модельдеу технологиялары саласында біліктілік арттырғысы келетін инженер-жобалаушыларға және басқа да құрылыс саласының мамандарына арналған. BuildingSmart Professional Certification - Foundation: Basic – ғимараттар мен құрылыс объектілерін ақпараттық модельдеудің іргелі қағидаттарын, озық әлемдік тәжірибелер мен Қазақстанның құрылыс саласында ҚОАМТ (BIM) енгізіп, қолдану туралы білім беретін базалық оқыту бағдарламасын қамтиды. «ҚазҚСҒЗИ» АҚ Ақпараттық модельдеу орталығының жанындағы buildingSMART аккредиттелген оқу орталығының базасында онлайн және офлайн оқу мүмкіндігі қарастырылған.

Оқу аяқталғаннан кейін 100-ден астам елде танылып, мойындалған халықаралық үлгідегі сертификат беріледі.

«Тиісті заң рәсімдерінен өткен кезде 2024 жылдан бастап мемлекеттік инвестиция-лардың қатысуымен азаматтық мақсаттағы технологиялық күрделі объектілерді жобалау Қазақстанда міндетті болады деп күтілуде. Бұл таяу арада ҚОАМТ құралдарына ие білікті мамандарға деген сұраныс артады дегенді білдіреді. «ҚазҚСҒЗИ» АҚ - Қазақстандағы жалғыз аккредиттелген buildingSmart оқу орталығы және сертификаттаудан өткен біздің курс түлектері buildingSmart International орталық ашық тізіміне енгізіледі. Бұл оларға отандық қана емес, халықаралық нарықта да табысты еңбек етуге жол ашады», деді «ҚазҚСҒЗИ» АҚ Ақпараттық модельдеу орталығының құ-рылыстағы менеджмент бөлімінің басшысы, Қазақстан-дағы buildingSMART Professional Сertification бағдарламасының супервайзері Зарина Қабжан.

Бұл ретте buildingSMART халықаралық кәсіби сертификаттау бағдарламасы елімізде 2021 жылдан бастап «ҚазҚСҒЗИ» АҚ-ның базасында жолға қойылғанын айта кетейік.

Сертификаттау бағдарламасы мен процесі туралы қосымша ақпаратты +77018167481 телефонына қоңырау шалу немесе Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра., сондай-ақ Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электронды пошталарына хабарлама жіберу арқылы алуға болады.

ҚР ИИДМ баспасөз қызметі

 

АО «КазНИИСА» подтвердил статус авторизованного учебного центра buildingSMART

АО «КазНИИСА» успешно прошел подтверждение аккредитации в качестве авторизованного учебного центра программы международной сертификации buildingSMART. В этой связи открыт прием заявок на обучение и сертификацию специалистов по программе “buildingSmart Professional Certification-Foundation: Basic” от международной организации buildingSMART, специализирующейся на разработке и поддержке стандартов и технологий в области информационного моделирования строительных объектов (BIM).

Программа предназначена для инженеров-проектировщиков и других специалистов строительных специальностей, желающих приобрести квалификации в области технологий информационного моделирования в строительстве с возможностью последующей сдачи экзамена и получения подтверждающих документов, признаваемых во всём мире. «buildingSmart Professional Certification-Foundation: Basic» - это базовая программа обучения, которая предоставляет слушателям курса знания о фундаментальных принципах информационного моделирования зданий и строительных объектов, о ведущих мировых практиках, а также внедрении и применении ТИМСО (BIM) в строительной отрасли Республики Казахстан. Пройти обучение возможно как онлайн, так и оффлайн на базе акредитованного учебного центра buildingSmart Центра информационного моделирования АО «КазНИИСА».

По окончании обучения выдается сертификат международного образца, признаваемый более чем в 100 странах.

«Ожидается, что при прохождении соответствующих юридических процедур, с 2024 года проектирование технологически сложных объектов гражданского назначения с участием госинвестиций станет в Казахстане обязательным. Это означает, что в ближайшем будущем потребность в грамотных специалистах, владеющих инструментами ТИМСО, будет расти. АО «КазНИИСА» - единственный в Казахстане аккредитованный учебный центр buildingSmart, и выпускники нашего курса, прошедшие сертификацию, будут включены в центральный открытый реестр buildingSmart International, что позволит им успешно конкурировать не только на отечественном, но и на международном рынке», - отметила Зарина Кабжан, начальник отдела менеджмента в строительстве Центра информационного моделирования АО «КазНИИСА», супервайзер программы buildingSmart Professional Certification в Республике Казахстан.

Единственный в Казахстане аккредитованный учебный центр для обучения по программе Международной профессиональной сертификации buildingSMART действует на базе «АО «КазНИИСА» с 2021 года.

Дополнительную информацию о программе и процессе сертификации можно получить, позвонив по телефону +77018167481 или отправив сообщение на адреса электронной почты zkabzhan@kazniisa.kz или Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Пресс-служба МИИР РК