Қазақстан мен Қытайдың жол саласы мамандары өзара әріптестік жөніндегі меморандумға қол қойды
Еліміздегі жол саласының ғалымдары автожол құрылысы бойынша Қытай елінің тәжірибесін үйреніп жатыр.
Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институтының сарапшылары Қытайға барып, көршілес елдің жол құрылысы саласын нормативтік тұрғыда реттеу, жобалау, құрылысты жүргізу, жолды пайдаланып, автожол құрылысындағы экономикасымен танысып жатыр. Бұған қоса қазақстандық мамандар Қытай Халық Республикасының жол-құрылыс саласындағы техникалық базасымен жақынырақ танысуға мүмкіндік алады.
Делегацияның құрамында институттың вице-президенті Серік Өмірбаев, Жол-құрылыс материалдары және жаңа технологиялар департаментінің директоры Әсел Нұғманова және басқа да мамандар бар.
Жұмыс барысындағы кездесулердің бірінде институт өкілдері Цзянсу Көлік институтымен (Jiangsu Transportation Institute) ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
«JSTI-мен арада ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылып, екі елдің жол-зерттеу институтын құрып, ұйымдастыру мәселелері талқыланды. Қытайдағы норма-тивтік-техникалық базаны реформалау мәселелері қаралып, жаңа технологияларды енгізу тәртібі зерттелді. Сондай-ақ тығыз ынтымақтастықты арттыру жөніндегі алдағы жоспарлар пысықталды», деді А. Нұғманова.
Естеріңізге сала кетейік, «ҚазжолҒЗИ» АҚ еліміздегі автожол саласының нормативтік-техникалық базасын реформалау бойынша жұмыстарды жүргізіп келеді. Ұйымның сарапшы-лары жаңа технологиялар мен әлемдік тәжірибе-ні ескере отырып, жол саласының нормативтік базасының жаңа құрылымын әзірлеп жатыр. Аталған міндет таяу және алыс шет елдердің озық тәжірибесі негізінде жүзеге асырылмақ. Осыған байланысты жоғарыда аталған меморандум жасау бойынша бастама көтерілді.
Жол саласының сарапшылары кейінгі 10 жылда ҚХР-да жол құрылысы сапасының айтарлықтай өскенін атап өтті. Осы ретте Қы-тайдың жүрдек автомобиль жолдары мен басқа да жоғары деңгейлі автокөлік жолдарын айтарлықтай жылдам дамытуда тәжірибесі мол екенін айта кеткен орынды.
ҚР ИИДМ баспасөз қызметі
Дорожные специалисты Казахстана и Китая заключили меморандум о тесном сотрудничестве
Казахстанские ученые-дорожники перенимают китайский опыт строительства дорог.
Эксперты КаздорНИИ отправились в Китай для ознакомления с нормативным регулированием, проектированием, строительством, эксплуатацией и экономикой дорожного строительства соседней страны. Пользуясь представившейся возможностью, казахстанские специалисты также познакомятся с технической базой дорожно-строительной отрасли КНР.
В состав делегации вошли вице-президент института Ерик Амирбаев, директор департамента дорожно-строительных материалов и новых технологий Асель Нугманова и др.
В ходе рабочих встреч институт уже заключил меморандум о сотрудничестве с Транспортным институтом Цзянсу (Jiangsu Transportation Institute).
«Подписан меморандум о сотрудничестве с JSTI, обсуждены вопросы по установлению и организации дорожно-исследовательского института двух стран, рассмотрены вопросы по реформированию нормативно-технической базы в КНР, изучена процедура внедрения новых технологий. Также обсуждены дальнейшие планы по тесному сотрудничеству», отмечает А. Нугманова.
Напомним, АО «КаздорНИИ» ведёт работы по реформированию нормативно-технической базы автодорожной отрасли Республики Казахстан. Эксперты разрабатывают новую структуру нормативной базы дорожной отрасли с учетом новых технологий и мировой практики. К реализации этой задачи планируется привлечь опыт ведущих специалистов стран ближнего и дальнего зарубежья. В связи с этим в настоящий момент инициировано заключение соответствующих меморандумов о сотрудничестве.
Дорожные эксперты отмечают значительный рост качества дорожного строительства в КНР за последние десятилетия. Китай имеет богатый опыт быстрого развития скоростных шоссе и прочих автомобильных дорог высокого класса.
Пресс-служба МИИР РК