Үлкен Алматы айналма автожолы ашылды
16 маусым 2023
Қазақстандағы ірі жол-көлік инфрақұ-рылымдарының бірі Үлкен Алматы айналма автожолы халық игілігіне берілді. Оның ресми ашылуына ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Төлеген Абдуллин және Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев қатысты.
Көлік жүргізушілері жаңа жолдың үстімен жүріп, оның артықшылықтарын бағамдап көрді. Аталған айналма автожолы еліміздің тарихындағы алғашқы концессиялық жоба саналады. Оның құрылысы 3 жыл бұрын түрік-кореялық консорциумының негізінде қолға алынып, жоспарға сәйкес 2024 жылы қолданысқа берілуі керек еді. Десе де қарқынды жұмыстардың нәтижесінде бұл нысан мерзімінен бұрын тапсырылып отыр.
ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Төлеген Абдуллин автожолдың тиімділігі мен басымдықтарын атап өтті. Оның айтуынша, Үлкен Алматы айналма автожолы мегаполис көшелеріндегі және қала маңындағы кептелісті азайтып, экологиялық жағдайды жақсартады.
«Бұл еліміздің тарихындағы маңызды сәттердің бірі. Себебі Үлкен Алматы айналма автожолы Орталық Азиядағы ең ірі инфрақұрылымдық жоба саналады. Осы жол құрылысы халықтың игілігі үшін қолға алынғанын атап өткен жөн. Сондай-ақ аталған жоба мегаполис тұрғындары мен жергілікті халықтың еркін қозғалуына септігін тигізері анық», деді Төлеген Абдуллин.
Концессия тетігіне сәйкес құрылыс жұмыстарын инвестор жеке қаражатын есебі-нен жүргізген. Енді таяу 16 жыл бойы жол инвестордың кепілдік мерзімінде болады. 66 шақырымға жалғасқан айналма жолды жарты сағатта еңсеруге болады.
Көлік жүргізушілері жаңа жолдың тиімділігін байқап, ризашылықтарын жеткізді.
«Бұл айналма жол Алматы қаласы мен Алматы облысына шынымен де қажетті жобалардың бірі. Өз басым жүк тасымалымен айналысамын және Алматының кептелістерін жақсы білемін. Үлкен Алматы айналма жолы ашылса, жүк тасымалдаушылар мен қарапайым тұрғындардың жүріп-тұруы жеңілдеп, кептеліс мәселесі шешіледі деген ойдамыз», деді көлік жүргізушісі Михаил Драница.
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтан-ғазиевтің айтуынша, жаңа жол-көлік инфрақұ-рылымы өңірдің әлеуметтік-экономикалық көр-сеткіштерін жақсартып, халықтың әл-ауқатын арттыруға ықпал етпек.
«Аталған айналма автожолы мемлекет-жекеменшік әріптестік аясында салынған еліміздегі маңызды инвестициялық жобалардың бірі. Ол тұтастай өңірдің экономикалық дамуына серпін беретін Батыс Қытай – Батыс Еуропа транзиттік дәлізінің негізгі тармағы саналады. Осы жол облысымыздың дамуына әсер беріп, инвестициялық және туристік әлеуетті арттырады деген сенімдеміз», деді М. Сұлтанғазиев.
Айналма жол 1-а техникалық санаты бойынша салынған. Аталған жобаны қаржыландыруға Еуразиялық даму банкі де қатысқанын атап өткен абзал.
«Үлкен Алматы айналма автожолы Қазақстан мен Еуразия аймағында көлік маршруттарын кеңейту бойынша маңызды рөл атқарады. Жаңа нысан «Шығыс-Батыс» бағытындағы халықаралық автокөлік марш-руттарын байланыстырып, көлік қатынасын жақсартуға, жүк тасымалының мүмкіндіктерін кеңейтуге оң ықпал етеді. Осы жол арқылы тасымалданатын жүктің болжамды көлемі таяу 10-15 жылда 87%-ға ұлғайып, 35,9 млн тоннаға жетуге тиіс», деді Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы Николай Подгузов.
Ресми бөлімнен кейін жаңа жолдың бойымен бірнеше көлік жүріп өтті. Атап айтқанда, ҮАААЖ белгілері бар 10 ауыр жүк көлігі, 10 автобус және жеңіл автокөліктер Қаскелең қаласына дейін жол тартты.
ҚР ИИДМ баспасөз қызметі
БАКАД сдан в эксплуатацию
16 июня 2023
Официально открыто движение по Большой Алматинской кольцевой автомобильной дороге. Об этом сообщили в Министерстве индустрии и инфраструктурного развития РК.
Председатель Комитета автомобильных дорог МИИР РК Толеген Абдуллин вместе с акимом Алматинской области Маратом Султангазиевым 16 июня на официальной церемонии открытия дали символический старт транспортному движению по Большой Алматинской кольцевой автомобильной дороге.
БАКАД является первым концессионным проектом в истории Казахстана. Строительство данной дороги началось три года назад на основе турецко-корейского консорциума. По плану проект должен был завершиться в 2024 году. Однако, ввиду проведения полномасштабных и интенсивных работ, Концессионеру удалось осуществить реализацию проекта с опережением.
На встрече председатель Комитета автомобильных дорог МИИР РК Толеген Абдуллин рассказал об удобстве и преимуществах БАКАД. По его словам, Большая Алматинская кольцевая автомобильная дорога позволит снизить заторы на улицах мегаполиса и пригородов, также, улучшить экологическую обстановку. Помимо того, дорога позволит сократить транспортный поток в городе Алматы за счет освобождения основных магистралей и улучшения пропускной способности дорожной сети.
«Сегодня исторический день для нашей страны. БАКАД – это крупнейший в Центральной Азии инфраструктурный проект. Стоит отметить, что Большая Алматинская кольцевая автомобильная дорога создана во благо народа. Кроме того, данный проект будет способствовать свободному передвижению жителей мегаполиса и местного населения», - отметил Толеген Абдуллин.
Согласно механизму концессии, дорога была построена за счет собственных средств инвестора. Теперь он в течение 16 лет будет на гарантии. Стоит отметить, что расстояние в 66 километров можно будет преодолеть всего за полчаса. За новую дорогу свою благодарность выразили водители с многолетним стажем.
«БАКАД был необходим городу Алмате и Алматинской области. Сам я занимаюсь частными грузоперевозками и не понаслышке знаю Алматинские пробки. С появлением БАКАД грузоперевозчикам и обычным жителям будет проще передвигаться и разрешит постоянную проблему с пробками», - отметил водитель Михаил Драница.
Аким Алматинской области Марат Султангазиев подчеркнул, что новая дорога увеличит инвестиционный и туристический потенциал региона.
«Значимость БАКАД для Алматинской области переоценить очень сложно. Автодорога должна стать ключевым звеном в транзитном коридоре Западный Китай – Западная Европа, который придаст импульс экономическому развитию всего региона. Открытие автодороги даст возможность снизить транспортную нагрузку на улично-дорожную сеть как самого г.Алматы, так и пригородной зоны», - сказал Султангазиев.
О роли БАКАД в расширении транспортных маршрутов на территории Республики Казахстан и всего Евразийского региона высказался и председатель правления Евразийского банка развития, который принял участие в финансировании проекта.
«БАКАД соединит международные автомобильные маршруты в направлении «Восток-Запад» и будет способствовать улучшению транспортной связности, расширению возможностей для грузоперевозок. Прогнозируемый объем грузов, перевозимых в зоне БАКАД, в ближайшие 15 лет вырастет на 87% и достигнет 35,9 миллиона тонн», - сказал Николай Подгузов.
После официальной части на Большой Алматинской кольцевой автомобильной дороге было организовано движение автоколонн. На ней выстроились 10 фур, 10 автобусов и легковые автомобили с логотипом БАКАД. Машины проехались по новой дороге до города Каскелен.
Пресс-служба МИИР РК