Қала құрылысы кадастрының геопорталы бейберекет құрылыстың алдын алуға септеседі

16 маусым 2023

Пайдалануға берілетін тұрғын үйді есепке алу жүйесін жетілдіру аясында салынған нысандарды дәл және кеңістікте көрсету үшін қала құрылысы кадастры геопорталының қызметі жолға қойылды.

Бұл тетік Мемлекет басшысының кейінгі 3 жылда халықтың игілігіне берілген тұрғын үйлердің деректерін тексеру жөніндегі тапсырмасына байланысты енгізіліп отыр.

Осы арқылы жергілікті атқарушы органдар есеп жазбаларын пайдаланып, аталған геопорталға азаматтарға берілген баспаналар жөніндегі актілерді енгізеді. Осыдан кейін бұл деректер статистикалық мәліметтер және жылжымайтын мүліктің тізім базасымен салыстырылады.

Бұл амал есептік деректерді жөнсіз пайдалануды, сондай-ақ статистикалық мәлі-меттерді бірнеше рет қайталап ұсынудың алдын алады. Қолданысқа берілген нысандардың қабылдау актілерін есепке алу қажеттілігі Құрылыс салуды ұйымдастыру және құрылыс саласында рұқсат беру рәсімдерінен өту ережелерінде бекітілген.

Тұтастай алғанда, мемлекеттік қала құрылысы кадастры жүйесінің геопорталын пайдалану жобалау мен құрылыс кезеңдерінде тиісті жұмыстардың регламенттерін сақтауға, бейберекет және нүктелі құрылыстың алдын алуға, сондай-ақ елді мекендерді дамыту жоспарларының ашықтығын қамтамасыз етеді.

ҚР ИИДМ баспасөз қызметі

 

Использование геопортала градкадастра создает условия для исключения хаотичной застройки

16 июня 2023

В рамках совершенствования системы учета вводимого в эксплуатацию жилья для точного и пространственного отображения объектов используется геопортал градостроительного кадастра.

Данный механизм введен в рамках поручения Главы государства Касым-Жомарта Токаева для проверки достоверности данных ввода в эксплуатацию жилья за последние 3 года.

Таким образом, местными исполнительными органами посредством учетных записей в гепортал градкадастра вносятся акты ввода. В последующем внесенные данные проходят сверку со статистическими данными и базой регистра недвижимости.

Данные меры исключают манипуляции учетными данными, неоднократное дублирование данных при предоставлении статистической отчетности. Необходимость учета актов приемки объектов в эксплуатацию на геопортале градкадастра до регистрации прав в регистре недвижимости нормативно закреплена Правилами организации застройки и прохождения разрешительных процедур в сфере строительства.

В свою очередь использование геопортала системы государственного градостроительного кадастра на этапах проектирования и строительства создает условия для соблюдения градостроительных регламентов, исключения хаотичной и точечной застройки, а также открытого доступа к планам развития населенного пункта.

Пресс-служба МИИР РК