Еліміздің көпірлерін цифрландыруға бағытталған жоба мақұлданды
25 шілде 2023
Жылдың соңына дейін елімізде көпірлер мен құрылыстарды пайдалануды басқару жүйесі іске қосылады.
Осылайша жылдың басынан бастап Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институтының мамандары еуропалық әріптестерінің тәжірибесі негізінде көпірлер мен өткелдердің цифрлық базасын әзірлеуге кірісті. Өткен аптада «Көпірлерді пайдалануды басқару жүйесі» (СУЭМ) жобасы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитетімен мақұлданды.
Институт сарапшылары бүгінгі таңда бағдарламаның прототипін жасап, оның негізгі модульдерін анықтап, бекітті. Ақпараттық жүйе интерфейсінің дизайны пысықталып жатыр. Бұдан басқа, автомобиль көпірлері мен жол өтпелерінің техникалық жай-күйін бағалау әдістемесі әзірленді.
Қазір ҚазжолҒЗИ мамандары Алматы, Жамбыл, Түркістан, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарының көпірлерін тексеру нәтижелерін өңдеуде. Жүйеге төрт құрылым енгізілді. Атап айтқанда, Қарқара ауылының жанындағы «Көкпек-Кеген-ТЮП» жолындағы көпір, Сарыжас ауылының жанындағы «Кеген-Нарынқол», Алматы облысы Көктал ауылының жанындағы Есік және Сарыөзек-Көктал ауылының жанындағы «Алматы-Талғар-Бәйдібек би». Жылдың соңына дейін базаға алғашқы 20 көпірді енгізу жоспарланып отыр.
«Қазақстанда республикалық маңызы бар жолдарда барлығы 1500 мыңға жуық көпір құрылымы бар. Олардың барлығы кейіннен цифрландырылады. Алайда, біздің басты міндетіміз – жыл соңына дейін толық жұмыс істей-тін жүйені құру. Сондықтан әзірге түсінікті болу үшін тек 20 көпірді енгізу туралы шешім қабылданды. Бұл бізге бағдарламаның алгоритмдерімен және нақты мысалдармен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Жүйе дайын болғаннан кейін сарапшылар жүйені қалған көпірлермен толықтыра бастайды. Көпірлерді пайдалануды басқару жүйесін 2023 жылдың желтоқсанында тәжірибелік тұрғыда пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз», деді «ҚазжолҒЗИ» АҚ Автожолдар және көпір құрылыстары департаментінің бас маманы Қайсар Шалқар.
Айта кетерлігі, қазақстандық көпірлер, жол айрықтары және автомобиль мен теміржол жолдары арқылы өтетін жол өткелдері туралы деректер әлі күнге дейін мемлекеттік органдарда қағаз құжаттарда сақталады. Бұл өз кезегінде стратегиялық жол объектілерін зерттеу, жөндеу, жаңғырту, реконструкциялау және олардың құрылысын жоспарлау және жүргізу жөніндегі жұмысты қиындатады.
Көпірлердің цифрлық базасын құру кезінде мамандар Дания, Финляндия, Германия, Норвегия, Оңтүстік Африка, Швеция, Швейцария және Ұлыбританияның тәжірибесіне сүйенді. Көпірлерді пайдалануды басқару жүйесі — бұл құрылыстар туралы өзекті электрондық мәліметтерді, соның ішінде әрбір объектінің паспорттық деректерін және олардың ағымдағы жай-күйін тексеру нәтижелерін жинайтын заманауи ақпараттық жүйе. Жоба шеңберінде дрондардың көмегімен республикалық маңызы бар автожолдардағы барлық көпір құрылысы мен жол өтпелері цифрландырылатын болады. Деректер Көлік және жол құрылысы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдарға, жобалау және жол-құрылыс ұйымдарының қызметкерлеріне жасанды құрылыстардың бірыңғай базасының сайтында қолжетімді болады.
Аталған жүйе пайдаланушыларға белгілі бір объект туралы қажетті деректерді тез табуға, сондай-ақ көпірлер мен өткелдер күтіп ұстау бойынша есептер мен бюджетті жоспарлауды автоматтандыруға мүмкіндік береді.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, уақтылы және тұрақты диагностика, сонымен бірге бақылау мен талдау ақауларды ерте кезеңдерде анықтауға және жоюға мүмкіндік береді. Осылайша, Көпірлер мен басқа объектілерді күтіп ұстау шығындарының айтарлықтай төмендеуіне қол жеткізуге болады.
ҚР ИИДМ баспасөз қызметі
Проект оцифровки автомобильных мостов Казахстана получил одобрение
25 июля 2023
До конца года заработает Система управления эксплуатацией мостов и сооружений РК.
С начала этого года специалисты Казахстанского дорожного научно-исследовательского института приступили к разработке цифровой базы мостов и путепроводов Казахстана по примеру европейских коллег. На прошлой неделе проект «Система управления эксплуатацией мостов» (СУЭМ) получил одобрение Комитета автомобильных дорог Министерства индустрии и инфраструктурного развития РК.
Экспертами института на сегодняшний день уже создан прототип программы, определены и утверждены его основные модули, дорабатывается дизайн интерфейса информационной системы. Кроме того, разработана методика оценки технического состояния автомобильных мостов и путепроводов.
Сейчас специалистами КаздорНИИ обрабатываются результаты обследования мостов Алматинской, Жамбылской, Туркестанской, Акмолинской, Северо-Казахстанской и Павлодарской областей. Четыре сооружения уже введены в СУЭМ. Это мост на дороге «Кокпек-Кеген-ТЮП» близ села Каркара, «Кеген-Нарынкол» близ с. Сарыжас, «Алматы-Талгар-Байдибек би» близ с. Есик и Сарыозек-Коктал близ с. Коктал Алматинской области. До конца года в базу планируют внести первые 20 мостов.
«Всего в Казахстане на дорогах Республиканского значения насчитываются порядка 1500 тысяч мостовых сооружений. Все они в последующем будут оцифрованы. Но сейчас наша задача – до конца года создать полностью работающую систему. Поэтому пока для наглядности решено внести лишь 20 мостов. Это позволит нам поработать с алгоритмами программы на конкретных примерах. Для этого были отобраны сооружения в наиболее неудовлетворительном состоянии. Как только система будет готова, эксперты начнут заполнять оставшиеся мосты. Запустить СУЭМ в опытную эксплуатацию мы планируем в декабре 2023 года», рассказал главный специалист департамента автодорог и мостовых сооружений АО «КаздорНИИ» Кайсар Шалкар.
Необходимо отметить, что данные о казахстанских мостах, дорожных развязках и путепроводах через автомобильные и железнодорожные пути до сих пор хранятся в госорганах на бумажных носителях. Это осложняет работу по планированию и проведению обследования, ремонта, модернизации, реконструкции и строительства стратегических дорожных объектов.
При создании цифровой базы мостов специалисты опирались на опыт Дании, Финляндии, Германии, Норвегии, ЮАР, Швеции, Швейцарии и Великобритании.
СУЭМ - это современная информационная система, в которой будут собраны актуальные электронные сведения о сооружениях, в том числе паспортные данные каждого объекта и результаты обследования их текущего состояния. В рамках проекта с помощью дронов будут оцифрованы все мостовые сооружения и путепроводы на автодорогах республиканского значения. Данные будут доступны госорганам, уполномоченным в сфере транспорта и строительства дорог, сотрудникам проектных и дорожно-строительных организаций на сайте Единой базы искусственных сооружений.
СУЭМ позволит пользователям быстро находить необходимые для работы данные о том или ином объекте, а также автоматизировать отчёты и планирование бюджета и работ по содержанию мостов, путепроводов и развязок.
Как показал мировой опыт, своевременная и регулярная диагностика, а также контроль и анализ позволяют на ранних этапах выявлять и устранять дефекты. Таким образом можно добиться заметного снижения затрат на содержание мостов и прочих объектов.
Пресс-служба МИИР РК