Қазақстанда жол-құрылыс материалдары мен жаңа технологиялардың бірыңғай базасы пилоттық режимде іске қосылды

15 тамыз 2023

​ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитеті жолшылар мен жобалаушыларға жұмыс барысында жаңа салалық ақпараттық жүйені зерделеп, байқап көруге кеңес береді

Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институтында жол-құрылыс материалдары мен жаңа технологиялардың бірыңғай базасын құру үрдісі аяқталды. IT шешімді ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитеті мақұлдап, жүйе пилоттық режимде пайдалануға берілді.

Комитет «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ, Жол активтері сапасының ұлттық орталығы және жобалаушылар қауымдастығына, сондай-ақ мердігер ұйымдар менбасқа да мүдделі тұлғаларға www.rcmbase.kzсілтемесі бойынша жаңа салалық ақпараттық жүйемен танысуды ұсынады.

Комитеттің құжаттарында автожолдарды орташа және күрделі жөндеу, олардың құрылысы мен реконструкциялау кезінде, сондай-ақ жобалау сметалық құжаттама әзірлеу барысында құрылыс материалдары мен технологияларды аталған бірыңғай базада ұсынылған карьерлердің, битум және асфальт зауыттарының материалдарын ескеріп, пайдалануы қажет екендігі атап өтілді.

«Бірыңғай база – ҚазжолҒЗИ-дың әзірлемесі.Бұл бағыттағы жұмыс өткен жылдың соңында басталған болатын. Жоба жолдардың сапасын жақсарту бойынша ұсынылған міндеттерге жауап беретін тиімді механизм ретінде ұсынылды. Заманауи цифрлық өнім құрылыс материалдары мен жол құрылысы технологияларын пайдалануды жүйелеуге, жолдарды жобалауды ашық әрі сапалы етуге мүмкіндік берді. Адами факторларға байланысты тәуекелдер барынша азайтылады» дейді«ҚазжолҒЗИ» АҚ жол-құрылыс материалдары және жаңа технологиялар бөлімінің басшысы Салтанат Әшімова.

Жаңа технологиялар мен материалдар алдымен зертханалық жағдайда және әртүрлі климаттық аймақтарда жол сынақтарының екі жылдық циклінде сынақтан өтеді. Тексеру нәтижелерін жол құрылысы сарапшылары, ғалымдар, жобалаушылар, қоғамдық ұйымдардың өкілдері кіретін жаңа технологиялармен материалдарды енгізу және игеру жөніндегі техникалық кеңес зерделейді. Мақұлданған жағдайдаәр позиция рейтингке енгізіліп, белгілі бір жолдарда қолдануға арналған ұсыныс алады.

Бүгінгі таңда техникалық кеңестің төрт отырысы өткізілді. Салалық ұйымдардың алқалы органы 50-ден астам инновацияны зерттеп, олардың жартысы Қазақстанның нақты өңірлерінде сыналған және пайдалануға рұқсат етілген мәртебесі бар тізілімге енгізілді.

Бұл бұрыннан пайдаланылып келе жатқан жол-құрылыс материалдарына да қатысты. Қазір барлық мердігер компания қиыршық тасты нысанға еңжақын карьерден тасуға тырысады. Бұл тиімді болып табылады, өйткені материал мен техниканы тасымалдау шығындары азаяды. Алайда, қиыршықтастың беріктігі, аязға т