Қазақстанның ТКШ орталығы құбырларды жаңартудың инновациялық әдісін жаппай қолдауға шақырады
1 қыркүйек 2023
«Қазақстандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту және дамыту орталығы» АҚ инженерлік желілердің жұмысын тоқтатпай құбырды жаңартудың прогрессивті технологиясын қолдайды
Өздеріңіз білетіндей, елімізде шамамен 14 мың км. жылумен жабдықтау желілері бар, олардың орташа тозуы 54%-ды құрайды. Қазақстандағы құбырлардың көпшілігі 50-70 жылдары пайдалануға берілген.
Құбырларды қалпына келтіру жөніндегі жобаларды уақытылы іске асыру мақсатында «Қазақстандық тұрғын үй-коммуналдық шаруа-шылықты жаңғырту және дамыту орталығы» АҚ заманауи прогрессивті технологияларды қолдану идеясын қолдайды, олардың бірі «құбырларды траншеясыз санациялау». Қазақстанда бұл әдіс тек дамып келеді, бірақ болашағы зор.
Қазіргі уақытта Қазақстанда бұл технологияны «Бәйтеректрубпром» ЖШС, «Сан Мир» ЖШС және басқа компаниялар жүзеге асырады.
Әдістеменің артықшылығы-топырақты ашпай және коммуникация жұмысын тоқтатпай, қолданыстағы желінің ішінде жаңа құбыр құру мүмкіндігі. Санация апат мүмкіндігін жояды, бұл қоршаған ортаны қорғайды және қаржылық тұрақтылықты сақтайды.
Қарағанды қаласына жұмыс сапары аясында «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп қалалық құбырлардың техникалық жай-күйі мен жөндеу барысын тексерді.
Бүгінгі күні Қарағанды қаласында технологияны пайдалана отырып, бас кәріз коллекторын қайта жаңарту жүргізілуде, осылайша, аяқталғаннан кейін жалпы ұзындығы 2919 метр болатын екі учаске қайта жаңартылатын болады.
Коммуналдық желілердің тозу деңгейін төмендету және апаттылықты азайту-мемлекет алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі және кез келген қалада жайлы өмір сүрудің маңызды шарты. Құбырларды траншеясыз қалпына келтіру технологиясын қолдану тұрақты қазуды азайтады және тұтынушыларды сумен жабдықтау және су бұру қызметтерінен ажыратпай инженерлік желілерді жөндеуге мүмкіндік береді. Осыған байланысты, «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ озық технологияны енгізуде, Қазақстанда траншеясыз санация нарығын құру мен дамытуда қолдау көрсетуге дайын.
ҚР ИИДМ баспасөз қызметі
АО «КазЦентр ЖКХ» поддерживает прогрессивную технологию реновации трубопровода без остановки работы инженерных сетей
1 сентября 2023
Как известно, по стране имеются порядка 14 тысяч км. сетей теплоснабжения, средний износ которых составляет 54%. Большинство трубопроводов в Казахстане введено в эксплуатацию еще в 50-70-х годах.
В целях своевременной реализации проектов по восстановлению трубопроводов, АО «Казахстанский центр модернизации и развития жилищно-коммунального хозяйства» поддерживает идею применять современные прогрессивные технологии, одна из которых «бестраншейная санация труб». В Казахстане метод только развивается, но имеет большие перспективы.
В настоящий момент в Казахстане данная технология осуществляется ТОО «БайтерекТрубПром», ТОО «Сан Мир» и другими компаниями.
Преимущество методики - возможность создания новой трубы внутри действующей сети, без необходимости вскрытия грунта и отключения работы коммуникации. Санация устраняет возможность аварии, что бережет окружающую среду и сохраняет финансовую стабильность.
В рамках рабочей поездки в г. Караганда, АО «Казцентр ЖКХ» совместно с местными исполнительными органами проинспектировал техническое состояние и ход ремонта городских трубопроводов.
На сегодняшний день в г. Караганда производится реконструкция главного канализационного коллектора с использованием технологии, таким образом по завершению будут реконструированы два участка общей длиной порядка 3 тысяч метров.
Снижение уровня износа коммунальных сетей и сокращение аварийности - одна из ключевых задач, стоящих перед Государством и важнейшее условие комфортной жизни в любом городе. Применение технологии по бестраншейному восстановлению трубопроводов минимизирует постоянные раскопки и позволит производить ремонт инженерных сетей без отключения потребителей от услуг водоснабжения и водоотведения. В этой связи, АО «Казцентр ЖКХ» готов оказывать поддержку во внедрении прогрессирующей технологии, в создании и развитии рынка бестраншейной санации в Казахстане.
Пресс-служба МИИР РК