Алматы қалалық деректер геоаналитикасы платформасының жобасы үшін Оңтүстік Кореяда қола жүлдеге ие болды

26 сентября 2023

«Ақылды қала» сыйлығы-биыл алғаш рет өткен жаңа халықаралық байқау. Оны Сеул Үкіметі (Seoul Metropolitan Government) және Дүниежүзілік ақылды тұрақты қалалар ұйымы (WeGO) жаңа технологияларды енгізуде мегаполистерді ынталандыру мақсатында бекіткен болатын.

Биыл Алматы «GEO-ANALYTICS.KZ» инно-вациялық жобасы үшін Tech-InnovaCity номинациясы бойынша сыйлықтың қола жүлдегері атанды. Веллингтон (Жаңа Зеландия) алтын, Мадрид (Испания) және Лос-Анджелес (АҚШ) осы номинацияда күміс жүлдені алды.

Байқауға 240 өтінім келіп түсті: инновациялық шешімдерді ұсынған қалалар ғана емес, сонымен қатар бірегей технологиялық өнімдерді әзірлеген жеке компаниялар да қатысты. Қазылар алқасы жобаларды үш номинация бойынша бағалады, олар: Tech-Innovaciy, Human-CentriCity және LLeadership.

«Ақылды қала» сыйлығы Сеул басқаратын WeGO халықаралық қауымдастығының қол-дауымен өтеді. WeGO 160 қаланы, 37-ден астам жоғары технологиялық компанияларды және қалалық процестерді автоматтандыру үшін инновацияларды дамытуға және жасанды интеллектті енгізуге бағытталған 18 халықаралық зерттеу ұйымдарын біріктіреді. Ұйымда Қазақстан атынан Алматы мен Астана қатысады. WeGO-мен ынтымақтастық «ақылды қалалар» саласындағы үздік тәжірибелер және стандарттармен өзара алмасу үшін халықаралық платформаға қосылуға мүмкіндік береді. Ұйымның Алматыда неғұрлым тиімді өзара іс-қимыл жасау жөніндегі өңірлік кеңсесін ашу мүмкіндігі қарастырылуда.

Анықтама: Алматының «GEO-ANALYTICS.KZ» платформасы өзгерістер тарихын сақтай отырып, нақты уақыт режимінде түрлі деректерді біріктіруге қабілетті. Оның 2020 жылы құрылуы Ovid-19 пандемиясының қиындықтарына жауап болды. Платформа қалалық қызметтердің тиімділігін арттыруға ықпал етті әрі ең осал аймақтарды қадағалады және вирустың ықтимал таралу бағыттарын болжады. Қазір «GEO-ANALYTICS.KZ» қалалық деректерді талдаудың әмбебап құралына айналды. Барлық келіп түскен ақпаратты өңдей отырып, жүйе мектептердің, ХҚКО-лардың, балабақшалардың нақты қай жерде жетіспейтінін көрсете алады, жол инфрақұрылымы жүктемсіне баға береді, атаулы көмек көрсету үшін шағын және орта бизнестің белсенділігін бақылайды. Платформа талдауы бюджетті тиімді жоспарлауға, қалалық қызметтердің жұмысын оңтайландыруға және өзгерістерге жедел жауап беруге мүмкіндік беретін деперсонифицирленген деректерді жинайды.

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің баспасөз қызметі

 

Алматы завоевал бронзу в Южной Корее за проект платформы геоаналитики городских данных

26 қыркүйек 2023 

Премия «Умный город» – новый международный конкурс, который в этом году проходил впервые. Он был утвержден Правительством Сеула (Seoul Metropolian Government) и Всемирной организацией умных устойчивых городов (WeGO) с целью поощрения мегаполисов во внедрении новых технологий.

В этом году Алматы стал бронзовым призером премии в номинации Tech-InnovaCity за инновационный проект GEO-ANALYTICS.KZ. Золото получил Веллингтон (Новая Зеландия), серебро в этой номинации завоевали Мадрид (Испания) и Лос-Анджелес (США).

На конкурс поступило 240 заявок: участниками стали не только города, предложившие инновационные решения, но и частные компании, разработавшие уникальные технологические продукты. Жюри оценивало проекты в трех номинациях: Tech-InnovaCity, Human-CentriCity и LLeadership.

Премия «Умный город» проводится при поддержке международной ассоциации WeGO, председательствует в которой Сеул. WeGO объединяет 160 городов, более 37 высокотехнологичных компаний и 18 международных исследовательских организаций, нацеленных на развитие инноваций и внедрение искусственного интеллекта для автоматизации городских процессов. Казахстан в организации представляют Алматы и Астана. Сотрудничество с WeGO дает возможность подключения к международной платформе для взаимного обмена лучшими практиками и стандартами в области умных городов. Рассматривается возможность открытия регионального офиса организации в Алматы для более эффективного взаимодействия.

Справочно: алматинская платформа GEO-ANALYTICS.KZ способна объединять различные данные в режиме реального времени с сохранением истории изменений. Ее создание в 2020 году стало ответом на вызовы пандемии СOVID-19. Платформа способствовала повышению эффективности городских служб, отслеживала наиболее уязвимые районы по заболеваемости и прогнозировала потенциальные направления распространения вируса. Сейчас GEO-ANALYTICS.KZ стала универсальным инструментом анализа городских данных. Обрабатывая всю поступающую информацию, система может указывать, где именно не хватает школ, ЦОНов, детских садов, оценивать нагрузку на дорожную инфраструктуру, отслеживать активность малого и среднего бизнеса для оказания адресной помощи. Платформа собирает деперсонифицированные данные, анализ которых позволяет эффективно планировать бюджет, оптимизировать работу городских служб и оперативно реагировать на изменения.

Пресс-служба Министерства транспорта Республики Казахстан