ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің қоғамдық кеңесі 2024 жылғы жоспарларын белгіледі
21 желтоқсан 2023
2023 жылғы 21 желтоқсанда ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Қоғамдық кеңесінің жаңа сайланған құрамының отырысы өтті.
Министрлік Аппаратының басшысы Рахымжан Исақұлов Қоғамдық кеңестің жаңадан сайланған мүшелерін құттықтап, жемісті жұмыс тілеп, министрліктің Қоғамдық кеңеспен тығыз ынтымақтастықта жұмыс жасауға дайын екенін айтып өтті.
Қоғамдық кеңестің төрағасы Сейітсұлтан Әйімбетов жылы сөздері үшін алғысын білдіріп, Қоғамдық кеңес түрлі мәселелер бойынша азаматтық қоғамның пікірін білдіру үшін Министрлікпен бірлесіп нақты қоғамдық институт пен сындарлы диалог алаңын құра алатынын атап өтті.
«Біз Министрлікке жан-жақты қолдау көрсетуге әзірміз, министрлік атқарып жатқан «көзге көрінбейтін» жұмыстары туралы ақпаратты қалың бұқараға жеткізетін боламыз. Біз түйінді мәселелерді талқылап, мәселелерді анықтап, тиімді шешімдер табамыз деп сенемін», – деді С. Айымбетов.
Кеңестің бірінші отырысының күн тәртібінде Қоғамдық кеңес регламентінің қорытынды редакциясын қарау, Министрлік қызметінің негізгі бағыттары бойынша Қоғамдық кеңестің комиссияларын және олардың төрағаларын құру туралы мәселелер қаралды. Сондай-ақ Қоғамдық кеңестің төралқасы сайланып, кеңестің 2024 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.
Талқылау және ашық дауыс беру қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңестің 4 комиссиясын құру туралы шешім қабылданды және олардың төрағалары Қоғамдық кеңес мүшелерінің арасынан сайланды:
1) Қанат Баитов төрағалығымен өнеркәсіп мәселелері бойынша
2) Любовь Нысанбаеваның төрағалығымен Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруа-шылық істері бойынша
3) Төлеген Мұхановтың төрағалығымен Геология және жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша
4) Самата Ақышевтің төрағалығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша.
Қоғамдық кеңес комиссияларының жұмы-сын үйлестіру, отырыстар өткізуге дайындықты ұйымдастыру, Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырушылық және ақпараттық қолдауды қамтамасыз ету, Қоғамдық кеңестің ұсынымдарының орындалуына мониторинг жүргізу үшін Қоғамдық кеңестің Төралқасы сайланды.
ҚК мүшелері оған министрліктен аппарат басшысын, сондай-ақ кеңес мүшелері ретінде салааралық үйлестіру департаментінің директоры А.Кенжебаеваны және Заң департаменті директорының орынбасары Д. Сураужанованы қосуды ұсынды. Оның құрамына кеңес төрағасы С. Айымбетов және 4 комиссияның төрағалары кірді.
Кеңестің келесі отырысы 2024 жылғы қаңтарда өтеді.
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі
Общественный совет Министерства промышленности и строительства РК наметил планы на 2024 год
21 декабря 2023
21 декабря т.г. состоялось заседание нового избранного состава Общественного совета Министерства промышленности и строительства РК
Руководитель аппарата Министерства Рахымжан Исакулов поздравил вновь избранных членов Общественного совета, пожелал плодотворной работы и подчеркнул готовность министерства к тесному сотрудничеству с Общественным советом.
Председатель общественного совета Сеитсултан Аимбетов выразил благодарность за теплые слова и отметил, что совместно с Министерством Общественный совет сможет создать реальный общественный институт и конструктивную диалоговую площадку для выражения мнений гражданского общества по самым различным вопросам.
«Мы в свою очередь будем всячески оказывать поддержку Министерству, рассказывать обществу о всей проводимой работе Министерства, которая не всегда «на виду». Надеюсь сможем вместе проработать над обсуждением ключевых вопросов, выявлением проблем и поиском эффективных решений» - сказал С.Аимбетов.
На повестке первого заседания совета были вопросы по утверждению окончательной редакции положения Общественного совета, созданию комиссий Общественного совета по основным направлениям деятельности Министерства и их председателей. Также был избран президиум Общественного совета и утвержден план его работы на 2024 год.
По итогам обсуждения и открытого голосования, было решено создать 4 комиссии Общественного совета и были избраны их председатели из числа членов совета:
По вопросам промышленности под председательством Каната Баитова
По делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства под председательством Любовь Нысанбаевой
По вопросам геологии и недропользования под председательством Тулегена Муханова
По вопросам противодействию коррупции под председательством Самата Акишева.
Для координации работы комиссий Общественного совета, организации подготовки проведения заседаний, обеспечения организационной и информационной поддержки деятельности Общественного совета, осуществления мониторинга исполнения рекомендаций Общественного совета был избран президиума Общественного совета.
Члены ОС предложили включить в него от министерства Руководителя аппарата, а также в качестве членов ОС – директора Департамента межотраслевой координации А.Кенжебаеву и заместителя директора Юридического департамента Д.Сураужанову. Также в него вошли председатель ОС С.Аимбетов и председатели 4-х комиссий.
Следующее заседание совета пройдет в январе 2024 года.
Пресс-служба Министерства промышленности и строительства